Курсовая работа: Күрделі етістіктің жалпы теориялық мәселелері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Языкознание
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
35

Мазмұны

 

 КІРІСПЕ. 3

І. КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 7

1.1 Күрделі етістіктің өзіндік сипаты.. 7

1.2 Күрделі етістік  өзіндік белгілерін көрсетіп оның сөздің танылу белгілеріне сәйкестігін анықтау керек. 14

1.3 Күрделі етістіктің аналитикалық формалы етістіктен    айырмасы.. 15

ІІ. КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ.. 20

2.1 Жаңа педогогикалық технологиямен оқыту. 20

2.2. Күрделі етістікті оқытуда қолданылатын жаттығулар жүйесі 31

ҚОРЫТЫНДЫ.. 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 36

 

 

І. КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТІҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.3 Күрделі етістіктің аналитикалық формалы етістіктен    айырмасы

 

 

...  Күрделі  етістіктің  сыңарлары дара қолданылғанда да, күрделі етістіктердің  құрамында да  бір  мағынаны білдіреді.

 

Мысалы, алып  кел деген  күрделі етістіктің сыңарлары дара, ал, кел  етістіктерінен  басқа  деп айтуға  келмейді. Ал, кел дара қимылды  білдірсе, алып кел дегенде олар  бірінен соң бірі ілешала жасалатын бір  күрделі  қимылды білдіреді де, өз  мағыналарын  сақтайды:алып кел – барып кел, көріп кел,беріп кел, айтып кел немесе  сатып ал, сұрап ал т.б.

 

Аналитикалық формалы етістікте күрделі етістіктің  сыңарларының бүкіл  ерекшелігі жоқ. Мысалы, оның оқығысы келеді, ол оқи алады дегендегі кел, ал сыңарларының  мағынасы мен жоғарыда  келтірілген күрделі етістіктің  сыңарындағы мағынасына ешбір  ұқсастығы жоқ. Аналитикалық формалы етістік өзінің екінші  сыңарының абстракты  мағынасы арқылы оған  ұқсас күрделі  етістіктен  ажыратылады.

 

Күрделі етістік тілде сөз жасау  тәсіліне жатады, аналитикалық формант сөз  түрлендіруші морфемалардың қатарында тілдегі түрлі  грамматикалық  категориялардың көрсеткіші  болып  табылады. Етістіктің барлық аналитикалық  форманты етістіктің  түрлі грамматикалық  категорияларынан орын алады да, сол ка-тегорияларға  жататын аналитикалық формалы сөз  жасайды. Мысалы, алып кел, алып  бар, алып шық сияқты күрделі етістіктер – тілдегі лексикалық единицалар,олар ешбір грамматикалық категорияның формасы емес.

 

Ал келсе  игі еді, келсе екен, келгім келеді  сияқты аналитикалық формалы етістіктер қалау рай мен модальдылық категориялардың аналитикалық  формасында тұр.Сол сияқты оқып жүр, оқып тұр, оқып жатыр дегендегі  аналитикалық формада тұрған оқы  етістігі етістіктің шақ категориясының аналитикалық формасында тұр. Осыны оқи алады, оқи алмайды сияқты аналитикалық  формаға ауыстырсақ, ол етістік модальдылық  категорияның  аналитикалық  формасына көшеді. Бұл  етістіктен оқи бер, оқи сал, оқып жібер сияқты  аналитикалық форма жасаса, ол қимылдың өтуін,барысын білдіретін,қимылдың  өту сипаты категориясына ауысты. Қорыта  келгенде,күрделі етістіктер  тілдегі  лексикалық единицалар болса, аналитикалық формалы етістіктер – етістік категорияларының формасында  қолданылған сөздер.

 

Күрделі етістік, барлық басқа түбірлер сияқты, грамматикалық мағына беретін көрсеткіштерді өзінің соңғы сыңарынан  соң қабылдайды: алып келгіз, алып келсе, алып келме, алып  келгісі келеді, алып келіп  еді,алып келе береді,алып кел-е сал т.б.

 

Аналитикалық  етістіктің  жағдайы басқаша.Мұнда етістіктің  аналитикалық  формасын жасайтын  аналитикалық формант сөз  түрлендіруші басқа  қосымша сөзден қандай  орын алса, ол да сондай орын алады.

 

Күрделі етістіктің  соңғы  сыңарынан соң жалғанатын етіс жұрнақтары  аналитикалық  форманттың алдынан, түбірден соң тіркеседі: айтқыза салу, оқыта беру, оқыта бер, жуына қой т.б.

 

Сол сияқты барлық сөз тудырушы жұрнақтар  аналитикалық  форманттан бұрын орналасады: кездей бер, жас-ар-а бер, өзге-р-е сал, жылы-н-а қой т.б.

 

ТҰЖЫРЫМ

 

Сөз таптарының ішінде етістіктің алатын орны ерекше. Ол қолданылу аясы аса кең әрі мағыналық қырлары өте мол көне замандардан келе жатқан тілдік құбылыс.

 

Тіл білімінде күрделі етістік жайлы  ең алғаш пікір айтқан  профессор Қ.Жұбанов (1966), оны тереңдете әрі қарай жалғастырған Н.Сауранбаев (1962)  А.Ысқақов (1974) болды.

 

Сонымен қатар түркі тіл білімінде аз зерттелмеген. Атап айтар болсақ, Л.Мелоронский, А.Н.Кононов, В.А.Гордевский, Н.А.Баскаков. Бұл айтылған ғалымдар түркі тіл білімінде де, қазақ тіл білімінде де күрделі етістіктің құрамында аналитиканық формалы  етістіктің қаралып келгендігін айта отырып, аналитикалық формалы етістік екендігін айтады.

 

Дәлдеп айтар болсақ ф.ғ.д., профессор Н.Оралбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі аналитикалық форманттары» (1975) атты еңбегінде терең әрі нақты  тұжырым жасаған. Онда күрделі етістік аналитикалық  форманы етістікте бір-бірінен ажыратып, тіл білімінде екеуі екі тілдік құбылыс екенін айта келіп, «күрделі етістік тілде сөз жасау тәсіліне жатады ал аналитикалық формант сөз түрлендіруші  морфемалардың қатарында тілдегі түрлі грамматикалық категориялардың көрсеткіші болып табылады» деген тұжырым жасалған.  ...

 

 

 

ІІ. КҮРДЕЛІ ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТІЛ ДАМЫТУ

 

 

 

2.1 Жаңа педогогикалық технологиямен оқыту

 

 

...  Барлық  жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты-оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын арттырады.

 

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл барлық білім көздерін кредиттік технологиялық оқуға көшіру, білім сапасын арттырады, ол жоғарғы оқу орнының оқытушыларының пән бойынша білім сапасына жауапкершілігін, әдістемелік және техникалық жағынан жабдықтау білімгерлердің жұмысын бақылауға жеке жұмыс жүргізуге әрдайым кеңес беріп отыруына мүмкіндік туады.

 

Ғалымдарымыз қазіргі кезде қолданылып жүрген педагогикалық  технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде. В.А Беспалько «практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе – жоба» десе Монахов «педагогикалық технология - оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі» деген анықтама береді.

 

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей  алғышарттар қажет: оқытудың жалпы инновациялық технологияның әдіснамалық талаптарын, саралап, құрылымын, қолдану деңгейлерімен кезеңдерін саралай отырып, мектептегі гумманитарлық пәндерді оқытуда пайдаланудың педагогикалық шарттарының мәнін, әдістерінің, іс-әрекеттерінің өзара жүйелік бірлігінің моделі арқылы жасалады.

 

Жаңа технологияның мақсаты-оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе асыра алатындай болуы керек. Оқушы шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырманың маңызы зор. Деңгейлік тапсырмалар ауқымы кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүиесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамына мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, түрлі ойындар қамтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.

 

Бірінші деңгей - тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушы жас ерекшелігіне сай болуы тиіс.

 

Екінші деңгей - тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистикалық барлық түрлерімен жұмыс істейді.

 

Үшінші деңгей - оқушының шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен , жеке басының белсенділігімен ісіне талдау жасай алуымен сипатталады.

 

Төртінші деңгей - дарынды, іденімпаз  қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді.

 

Педагогикалық технология  ұғымы үш деңгейде қолданылады:

 

Жалпы педагогикалық - педагогикалық жүйе ұғымының синонимі.Бұған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің обьектілері  мен субъектілері жатады.

 

Салалық  (пәндік) - бұл пән шеңберінде оқытудың әдістері мен құралдар жиынтығы.

 

Локальдік (модульдік) – жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы. ...

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

1. Н.Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары. Алматы. 1975ж.

2. М.Текучев. Методика преподавания русского языка. М; 1979.

3. А.Юлдашев Аналитические формы в тюркскомязыке. А.1966.

4. Қ.Жұбанов  Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы:1966

5. Н.Сауранбаев  Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы:1982 ...