ЖОСПАР
КІРІСПЕ. 3
I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ. 6
1.1 Неке қатынастарының пайда болу тарихы. 6
1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері. 10
II БӨЛІМ. НЕКЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ. 14
2.1.Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес. 14
некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. 14
2.2. Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некені бұзу және оның салдары. 22
III БӨЛІМ. НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР. 29
3.1. Неке қатынастарындағы коллизиялық мәселелер. 29
3.2. Жалған неке. 37
3.3. Неке шарты. 42
ҚОРЫТЫНДЫ.. 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55
I БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ.
1.2 Неке қатынастарының түсінігі және оның түрлері.
... Ұнамды және халық арасында ең көп тараған некенің түрі моногамия, яғни бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке. Антропологтар некенің барлық түріне рұқсат етілген қоғамдардың да бар екендігін айтады. Бірақ адамдардың көбі моногамияны таңдайды. Ғалымдардың ойынша халықтың ондай қорытындыға келуіне экономикалық факторлар әсер етеді.
Бір елдің заңнамасына сәйкес заңды болып табылатын, ал басқа мемлекетте керісінше заңсыз болып табылатын неке түрлері де бар.
Сондай-ақ неке, жарамды, жарамсыз және даулы болуы мүмкін. Неке ерлі-зайыптылардың біреуі үшінші бір тұлғамен жарамды некеде тұрса, онда ол жарамсыз болып табылады.
Даулы некелерге, қандай да бір маңызды қателердің салдарынан немесе өтірік айтудың әсерінен қиылған некелерді жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында көптеген мемлекеттердегідей моногамды неке ғана танылады, алайда полигамды некені де танитын мемлекеттер аз емес. Қазіргі таңда мемлекеттердің құқықтық жүйелері некенің бір моделін ғана таңдап отыр. Континенталды және англо-американдық жүйелер моногамды некені, мұсылмандық құқыққа ие елдер мен Африка елдері полигамды некені заңды деп таниды. Алайда құқықтық нормалар мен әдет-ғұрыптың өзара сіңісуі неке одағының екі моделін де тануға әкеп соқтырды. Америка және Европа елдерінде түрлі сексуалдық топтардың көбеюіне байланысты бір жынысты (әйел мен әйел немесе еркек пен еркектің арасындағы неке) тұлғалардың некелерін тіркеу керектігі жөнінде пікірлер айтылуда. Ал бұл, неке табиғатына мүлдем қайшы келеді. Бірақ қазіргі таңда мұндай неке түріне заңмен рұқсат ететін Голландия секілді елдер де бар.
Мысалы, Ресей Федерациясының заңнамасында бекітілген еріктілік принципі некенің қиылуы немесе некенің бұзылуы секілді жағдайларда тараптардың еркін білдіреді. Психикалық, физикалық зорлауға немесе жергілікті дәстүрге негізделген неке жарамсыз болып танылады.
Қазақстан Республикасында бекітілген еркек пен әйелдің құқықтарының теңдігі қағидасына сәйкес төмендегілерді айтуға болады.
«Ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерін таңдауға ерікті. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өсіп жетілуіне және олардың әл ауқаты жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады. Егер ерлі-зайыптылардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болса, тектерді қосуға жол берілмейді. Ерлі-зайыптылардың біреуінің тегін өзгертуі екінші жұбайдың тегін өзгертуіне әкеп соқпайды. Неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылар ортақ текті сақтауға немесе өздерінің некеге тұрғанға дейінгі тегін қалпына келтіруге құқылы». ...
II БӨЛІМ. НЕКЕ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША СИПАТТАМАСЫ.
2.1.Мұсылман құқығы және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес некеге тұрудың шарттары мен тәртібі.
... Қазақстандық заңнама біреуінің болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында некеге тыйым салады. Мұны былай түсіндіруге болады, біріншіден, психикалық аурумен ауыратын тұлға некеге тұру келісімін жете түсіне алмайды. Екіншіден, медико-генетикалық түсініктер бойынша мұндай неке жақталмайды, өйткені рухани аурулар ұрпақтан ұрпаққа берілуі мүмкін. Сондықтан да әрекетке қабілетсіз тұлға тұрақты ремиссия кезеңінде өз әрекеттеріне жауап бере алғанның өзінде неке жарамсыз деп танылады. Некеге тұруға кедергі болатын мән-жайларға сот шешімі бойынша тұлғаны тек ресми түрде әрекетке қабілетсіз деп тану жатады. Тұлғаның психикалық бұзылуы сот шешімімен бекітілмеген болса да неке жарамсыз деп танылады, өйткені тұлға келісімнің ерікті түрде берілу керектігін жете түсінуге қабілетсіз болып табылады.
Шариғат бойынша бұл мәселенің реттелуі өзгешелеу. Аталған категориядағы тұлғалар некеге түсуші екінші тарапқа ауруы жөнінде хабар берген жағдайда некеге тұруға рұқсат етіледі. Бірақ некеге тұру әрекетін неке келісімін рәсімдеу кезінде мүліктік және басқа да құқықтарын қорғау мақсатында қамқоршы жүзеге асырады. Ауру адамның некеге тұруға келісім беруі талап етілмейді, өйткені медицина дәлелдегендей кейбір жағдайларда рухани ауруға шалдыққан тұлғалардың некеге тұруы олардың денсаулығына пайдалы әсер етуі мүмкін. Ал ақыл-есі кем тұлғалардың көбі некенің маңыздылығын түсіне бастауы мүмкін.
Жалпы исламда адамды некеге тұру құқығынан айыруға болмайды деп есептелінеді. Салыстырмалы түрде қарағанда екі құқықтық жүйеде де бұл категориядағы тұлғалардың белгілі бір шектерде некеге тұруға мүмкіндіктері бар.
Екі құқықтық жүйеге сәйкес аурудың бар екендігі хабарланбаған жағдайда неке жарамсыз деп танылады.
Қазақстандық заңнамаға сәйкес некеге тұруға тілек білдіруші адамдарға медициналық, сондай-ақ медициналық-генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультация беру мен тексеруді мамандандырылған денсаулық сақтау мекемелері және некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана жүргізіледі. Тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және тек тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың некені жарамды деп тануы мен танымауында діни көзқарастардың маңыздылығы мәселесіне байланысты мұсылман құқығы мен қазақстандық құқық арасында елеулі айырмашылықтар бар. Қазақстандық құқық дін мен құқықтың бөлінісі қағидасына сүйене отырып ерлі-зайыптылардың діни нанымдарына назар аудармайды. Ал мұсылман құқығы керісінше бұған көп көңіл аударады. Мұсылман еркек тек мұсылман әйелмен немесе китаби (христиан немесе иудей әйелмен) ғана некеге тұра алады.
Мұхаммед пайғамбардың отбасы өмірінен, кейіннен ислам дінін қабылдаған Рейхан және София есімді еврей әйелдерінің болғанын көруге болады. Ал мұсылман әйел тек мұсылман еркекпен ғана некеге тұра алады. Шариғаттың бұл нормасы әйелдің еркек тарапынан қамқорлыққа мұқтаждығынан келіп шығады. Мұсылман еркек өз дінінен бас тартқан жағдайда идда мерзімі аралығында исламды қайта қабылдамаса, оның некесі қарғыс атылған болып есептеледі.
Қазақстандық құқықта да мұсылман құқығында да қазіргі кезде уақытша неке деген түсінік жоқ. Ислам дінінің қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде уақытша неке танылған, кейіннен тыйым салынды. Бүгінгі таңда шиит секілді кейбір мұсылмандық секталар уақытша некеге рұқсат береді. Дегенмен де сунниттік ағым ғалымдары уақытша некені жоққа шығарды.
Мұсылман құқығында шарт бойынша некеге тұру көзделген. Некеге тұру кезінде еркек немесе әйел «егер мінезі жақсы болса мен оны әйелдікке аламын» және т.б. секілді шарттарды талап етіп, кейіннен аталған шартқа сәйкес келмейтіндігі анықталса еркектің (әйелдің) некені жарамсыз деп тану мен некені жою арасында таңдау құқығына ие болады.
Некеге тұру кезінде шариғатта тікелей көзделмеген ерлі-зайыптылардың бір-біріне құқықтар немесе міндеттер тудыратын басқа да талаптар қоюлары мүмкін. Көріп отырғандай некеге тұрудың шарттары мен тәртібіне байланысты мәселелер қазақстандық құқық пен мұсылман құқығына сәйкес елеулі айырмашылықтарға ие. ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Халықаралық құқықтық актілер
1. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған 1948 жылдың 10 желтоқсанындағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы.
2. Ең төменгі неке жасында некеге тұруға келісім беру және некелерді тіркеу туралы Рекомендация. 1 қараша 1965 жылғы 2018 (XX) Бас Ассамблея Қарары.
3. 1957жылғы Некедегі әйелдің азаматтығы туралы Конвенция
4. Нәсілдік кемсітушіліктің кез-келген нысанын жою туралы Халықаралық Конвенция (Нью-Йорк, 7 наурыз 1966 ж.). ...