Курсовая работа: Аудиттің объектісі. Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Бухгалтерский учет, Бухгалтерлік есеп
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
29

Мазмұны

Кіріспе. 2

1. Аудиттің пәні 4

1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі 4

1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы.. 8

2 Аудиттің объектісі 12

2.1  Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу. 12

2.2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары.. 15

3 Аудиттің міндеттемелері мен мақсаты.. 20

3.1 Міндетті аудит түсінігі 20

3.2 Міндетті аудитті жүргізу шарттары мен талаптары.. 21

3. 3. Операциялық аудит, оның түрлері 26

Қорытынды.. 27

Әдебиеттер тізімі 29

 

 

1. Аудиттің пәні

 

1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы

 

 

...  Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса,онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

 

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

 

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді керек:

 

1) Кәсіпорынның қаржылық есептемесінің шындыққа

 

жанасымдылығын қамтамасыз ету және осы есеп беруді пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді қолайлы деңгейге дейін азайту;

 

2) Шешім қабылдаудың логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру

 

үшін жеткілікті дәрежеде құзіретті мағлұматтарды алып, бағалау;

 

3) Кәсіпорын экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің, оның ішінде, инвестициялық, маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау;

 

4) Кәсіпорын қызметі және оның жарғысының бір-біріне сәйкестігін, жасалған бизнес-жоспардың және басқа да тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын (негізділігін) тексеру;

 

5) Заңның сақталуын, бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын, ШЖС-дің қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау;

 

6) Заңды белгілейтін бастапқы құжаттар мен олардың шынайы мазмұнына шаруашылық операцияларының қаншалықты сәйкесетіндігін тексеру;

 

7) Кәсіпорынның өндірістік, маркетингтік, инвестициялық және басқа қызметтерін бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету;

 

8) Клиенттің меншігін бекітіп беруге, оның бизнесінің тиімділігін арттыруға және кемшіліктерді жоюға ықпал ету.

 

Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өзгеруіне қарай артады.

 

Осылайша, аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.

 

Аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі формаларының біріне тексеру жатады. «Тексеру» термині латынның «revisio» сөзінен шыққан, оның аудармадағы мағынасы «қайта қарау» немесе «қызметтерді зерттеу» дегенді, ал «тексеруші» - «тексеріс жүргізетін тұлға» дегенді білдіреді.

 

ТМД елдерінде әдетте «ревизия» ұғымының мағынасы анық емес. Мысалы, Н.Т. Белухинде «тексеру (ревизия)» - бақылаудан кейінгі негізгі форма. Оның басқа бақылау формаларынан айырмашылығы – объектіні тексеру барысында ріктемесі құжаттық  дәлелдерге негізделген тексеру-бақылау рәсімдері мен әдістік тәсілдер, әр түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Тексеруге мыналар тән: құндылықтардың кем шығуын, ысырапты, залалды анықтаудағы нақтылық, оның дәлелдеу жүйесі орнықты (әдеттен тыс құжаттар, түгендеу тізімдемесі (ведомость), материалды жауапты тұлғаның түсініктемесі (түсіндірме жазбасы және т.б.)

 

Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.

 

Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол, сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен ШЖС-лер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзгеше бір сараптамасы ретінде баяндалады.

 

Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі. Аудиторлық қызмет бұрын қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды. ...

 

3 Аудиттің міндеттемелері мен мақсаты

 

3.1 Міндетті аудит түсінігі

 

 

...  Міндетті аудиттің негізгі мақсаты - клиенттің ағымдағы және болашақтағы жағдайын түсіну үшін ағымдағы және болашақ рентабельділігі, өтімділігін ( қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілеті) және капитал жеткіліктілігін(ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтеу қабілетттілігі және сәйкесінше  қаржы өсуі)  зерттеу болып табылады.  Міндетті аудит жүргізер алдында аудитор алдын - ала жоспарлау бланкінде келесідей сұрақтарды  құрастыру қажет:

 

- табыс құрылымы мен өсу тенденциясының басқа негізгі экономикалық көрсеткіштерімен байланысы қандай?

 

- қолма – қол  ақша қаражаттарының  қозғалыс тенденциясы қандай?

 

- қолма – қол ақша қозғалысы мен табыс арасындағы  айырмашылық нәтижесінің себебі неде?

 

- қолма – қол ақша қозғалысының сенімді болжау дайындалған ба?

 

- өтімділікке байланысты қандай ереже болады?

 

- ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелері бар ма? 

 

- күмәнді талаптар бойынша күрделі соммалар бар ма?

 

Өндірістік шаруашылық қызметі.

 

- негізгі өндірістік жолдары қандай және қалай олар тапсырыс берумен байланысты?

 

-  әрбір өнім рентабелділігіне басқарушылық талдау жасай ма?

 

-  қандай негізгі өндірістік жоспарлар жасалады?

 

-  қандай  өндіріс күштілігімен клиент  жұмыс істейді (толық., толық емес)?

 

-  қандай шикізаттар мен материалдарды сатып алады, сонымен қатар қызмет көрсетуді пайдалану кім негізгі  пайдаланушы  болып табылады?

 

-  альтернативті  жеткізу көздері бар ма?

 

-   еңбек даулары бар ма ( қаншалыұты олар  өндірістік- шаруашылық қызметке әсер етеді)?

 

-   өнім  сапасына байланысты  проблемалар болады ма?

 

-   дайын өнімге баға қалай белгіленеді?

 

-   өнімнің сапасына деген жоғары талаптар және жеткізуге байланысты  қатаң шартты келісім – шарттар  бар ма?

 

Әрбір тексеріс жасаған кезде сұрақтар шеңбері,  алдын –ала  жоспарлау бланкінде қарастырылған,  клиент қызметінің талаптары мен мүддлеріне байланысты кеміп немесе артып отырады.  Қаржылық есептілікке тексеріс жүргізу үшін аудиторлық ұйым қызметкерлер тобын жинақтайды. Аудит жүргізуші үшін персонал таңдау  аудитті қамтамасыз ету үшін   мұқияттылықты  талап етеді. Аудитті техникалық және кәсіби сапаға сәйкестігі бар тұлғалар жүзеге асыра алады. Кең ауқымды міндетті  аудиторлық тексеріс жүргізу кезінде оның басқарушысы бірнеше  қызметкерлер, сонымен қатар заңдар мен салықтық сұрақтар бойынша кеңес берушілер және басқа да мамандардың қатысуына болады. 

 

Жоспарлау процесінде аудитор қандай аудиторлық процедураларды орындау керектігін шешіп алу үшін қолайлы процедураны таңдап, қандай құжаттарды және мәліметтерді зерделеу керектігін анықтап алуы керек. Бұл арада аудиторлық процедураны былай ұғуға болады: тексеру кезеңін, нақты элементтерді және таңдама көлемін өзгертетін аудиттің әр кезеңіндегі мәліметтер типін алудың ерекшеліктері туралы нақты нұсқау. Жоспарлау кезеңдері мен мәліметтерді алу өзара тығыз байланыста болады. «Жоспарлау» термині аудит көлемінің, өткізу мерзімінің, тексерудің детальдық тәсілдемесін және жалпы стратегияны әзірлеуді білдіретін болса, онда екінші кезеңде аудиторлар өз пікірлерін растайтын жеткілікті дәрежеде шындыққа жанасымды мәліметтерді жинауы керек. ...

 

Әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

 

  1. 1. «Аудиторлық қызмет» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (өзгертулер мен толықтырулары бар № 139-ІІ  15.01.2001 ж. 05.05.2006  № 139)
  2. 2. «Бухгалтерлік есепке алу мен Қаржылық есеп беру» туралы Қазақстан Республикасының Заңы (28.02.2007 ж. № 234)
  3. 3. Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің  мемлекеттік бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.98 № 3838 Жарлығы // Бюллетень бухгалтерлік, 1998 № 29 – Б.2-8 ...