МАЗМҰНЫ
I МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1.1 Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар – сөзжасамдық бірліктер
1.2 Қазақ тіліндегі сан атауларының зерттелуі жайында
1. 3 Когнитивтік лингвистика және концепт ұғымы
ІІ САНДЫҚ ҰҒЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ АТАУЛАР КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
2.1 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы: аялық білім, астырт және үстірт мағына
2.2 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің мазмұны
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ә Д Е Б И Е Т Т І З І М І
1 МӘСЕЛЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
1. 1 Күрделі атау, сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулар – сөзжасамдық бірліктер
... 2. он екі сөзі күрделі сөз, он екі мүше фразеологиялық қолданыс. Екеуі де бір тілдің лексикалық қорының бірліктері болғанымен бірінде (он екі мүше) ұлттық сипат айқын көрінеді де, бедерлі қолданыс болып табылады, ал екіншісінде (он екі) астырт мағына жоқ деуге де болады.
3. он екі күрделі атауы таным бірлігі, ал он екі мүше күрделі атауы ұлттық таным бірлігі; ал таным бірлігіне концептінің жататын ескерсек, біздің жұмысымыздың қарастыратын объектісіне осы он екі мүше сияқты тіл бірліктері алынатыны өзінен-өзі анық болып шығады.
Сонымен, қазақ тіліндегі сандық ұғымдардан жасалған күрделі атаулардың концептісін қарастырғанда зерттеу материалы ретінде алынатын тілдік бірліктердің дені анықталды. Оларға ұлттық танымның көріністері, білімнің бірліктері болып табылатын сандық ұғымдардың қатысуымен жасалған бес жақсы, үйірімен үш тоғыз, бес қару, алты алаш сияқты тіркестер жатады. Егер концепт теориясынан шығатын болсақ, тілдегі кез келген бірлік білімнің көрінісі болып табылады. Оның барлығын жұмысымыздың нысанына ала алмаймыз. Бізді осы бірліктердің ішіндегі бедерлісі, тілімізді өзге тілдерден ерекшелеп тұратын нақыштысы ғана қызықтырады. Сол себепті концептілердің ішіндегі ұлттың дүниетанымын, ұлттың тәжірибесінде жинақталған білімді, ұлттық мәдениетті нақыштайтын түрлерін ғана қарастырамыз.
ІІ САНДЫҚ ҰҒЫМДАР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ АТАУЛАР КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМұНЫ
2.1 Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы: аялық білім, астырт және үстірт мағына
... Сонымен бірге таңбаны қолданушы мен қабылдаушының белгілі бір кәсіп не шарушалыққа, болмаса ұлттық рухани мәнділікке, тарихи тұрмысының саласына қатысты тілдік тұрғалардың мән-мағынасы туралы түсінігін, яғни аялық білімін біржақты қарамау қажет. Аталмыш ұғымға (сандарға) қатысты әлеуметтік мәнділігі кең күрделі атаулар – тілдік бірліктер туралы жалпы ұғым болғанымен, оның әр түрлі ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік топ иелері мен ғалымдар қолданатын тілдік бірліктердің мән-мағынасы жөнінде жалпы жұртшылықтың таным-түсінік деңгейі шектеулі болады да осы топ иелері мен ғалымдардың, сонымен қатар сол мәселе төңірегінде қарастырып жүрген зерттеушілердің, жергілікті тұрғындардың аялық білімі кең болады.
Аялық білім дегеніміз белгілі бір өмір саласына қатысты тілдік ұжым өкілдерінің тілдік және тілдік емес құбылыстар жөнінде таным-түсінігі. Қоғамдық ортада белгілі бір сандық ұғым арқылы жасалған күрделі атаулардың қолданылу аясы мен ол туралы кез келген әлеуметтік ортаның таным-түсінігі тұрғысынан оның әлеуметтік мәнділігінің мән-мағыналық, танымдық сипатының аялық білім ерекшеліктері анықталады. Бұл айырмашылықтар қоғамдағы әлеуметтік орта деңгейімен байланыста көрінеді. Сондықтан белгілі бір өмір саласына қатысты тілдік таңбаларды әлеуметтің таным-түсінігі, қолдану аясы тұрғысынан бір деңгейде қарамай, таңбаны қолданушы мен қабылдаушының әлеуметтік таным тұрғысынан «үстірт» құрылым, «астырт» құрылым деп екі деңгейге бөлдік.
Адамдар арасындағы байланыс тіл арқылы жүзеге асатыны анық. Сондықтан да тіл ақиқат өмірдегі объективтік шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.
Қазақ халықының тарихындағы материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыс-тіршілігің деңгейін бейнелейтін, яғни этнос өмірінің декеккөзі болар белгілі бір сандарға қатысты біртуар, үш жүз, бес қару, төрт құбыла, алтыбақан, бес саусақ, екі дүние, қырықаяқ, Жетіқарақшы, бесатар, үш жұрт, сегізкөз, сегізаяқ, қырықбуын сияқты күрделі атаулардың әлеуметтік мәнділігі кең. ¤йткені олардың мән-мағынасы жұртшылыққа, яғни тілдік ұжым мүшелерінің барлығына дерлік кеңінен түсінікті. Осыған қатысты жұртышылқтың бәріне ортақ қолданыстағы сөз және сөз орамдарын «әлеуметтік мәнділігі кең атаулар» деп алуымыздың тағы бір себебі – оның тек әдебилігі ғана емес, сондай-ақ тілдік бірліктердің мәдени мазмұнының да ұғынықты болуында. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік мәнділік деңгейі кең үстірт құрылымдық атауларының саны шектеулі болғанымен, олардың мәдени мазмұны көтеген ұғымды қамтиды.
Халықтың өткен өмір жолынан мағлұмат беретін, белгілі бір өмір саласына қатысты жұмсалатын тілдік бірліктер көне мұраларда, ауыз әдебиетінің үлгілерінде (шешендік сөздер, эпостық, лиро-эпостық, тарихи жырлар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жұмбақтар мен ертегілер, аңыз әңгімелер), көркем шығармаларда кездесіп, әлеуметтік мәнділік деңгейі кеңіп отырады.
Әлеуметтік мәнділік деңгейі шектеулі астырт құрылым атауларға негізінен мән-мағынасы қазіргі заман үшін бейактуалданып күңгірттенген тарихи лексикаға жататын, көне салт-дәстүрмен байланысты қолданыстар, сондай-ақ кәсіби сөздерді пайдаланатын – көбінесе кәсіп иелері мен сол кәсіптің орналасқан жерінің тұрғындары қолданатын, мән-мағынасы соларға ұғынықты тілдік бірліктерді жатқызамыз. Мұндай бірліктердің мән-мағынасы былайғы жұртшылыққа, жалпақ жұртшылыққа беймәлімдеу болып, аталмыш атаумен арнайы айналысатын немесе онымен таныс, болмаса жекелеген кәсіпке қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділігі шектеулі болып келеді. ...
Ә Д Е Б И Е Т Т І З І М І
- 1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992, - 447 б.
- 2. Уәлиев Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері // фил.ғыл.канд.ғыл.дәр.алу үшін дайындалған А., 1993, - 162 б.
- 3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А.: Санат, 1996, 240 б.
- 4. Н.Уәлиұлы, Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. А.: Ғылым, 1988 – 111 б.
- 5. К.Күдеринова. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің орфографиясы. А.: Ғылым, 2004 – 144 б.
- 6. Б.Қасым. Сөзжасам: семантика. Уәждеме. А., 2003 – 168 б.
- 7. Г.Т.Шаһарман. Қазақ тіліндегі сан есім сөздерден жасалған туындылардың мағыналық ерекшелігі. Филол. ғыл.канд.алу үшіні дайынд дисс., А., 1998. ...