Сізге осы жұмыстың 2 жолын таңдап сатып алуға болады:
1. сатып алу
2. ТЕГІН
ТЕГІН жұмыс істеу үшін Сіз келесі әректтер жасайсыз
1. ВКонтакте бетіндегі төменгі түймесін басыңыз, осы сайт туралы достарыңызға айтыңыз
2. Сіздің достарынызды қосу үшін (Бәздің мекен-жай - vk.com/nemax83)
3. Жұмысыңызды және бүлік жағарыда аталған қадамдарыңызды растайтын сілтеме туралы хабарламаны ВКонтакте бетіне жіберіңіз.
Оқуларыңызға Сәттілік !!!
... Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі – мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттары, яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры.
Қарыз капиталы құрылымының үшінші көзі – халықтың жинағы.
Олар күнбе-күн қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі.
Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.
<h4>Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, несие-қаржы мекемелерінің ақша қаражаттарының шығындарды өтеу мен салым бойынша процент төлеуден қалған сомасы.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше бір формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв қорына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беруі. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады.</h4>
Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу, бағалы қағаздар сатып алу, сақтандыру компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субьектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішінде негізінен ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп орын алады.
Мемлекет ақша жинақтаудың үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв қорын құру түрінде жүргізеді.
Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп тараған формасы – несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинқ кассаларындағы) шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты процентті бағалы қағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің даму формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. ...