М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ішкі істер органдары
1.1 Ішкі істер органдарының даму тарихы............................................................5
1.2 Ішкі істер органдарының міндеттері...............................................................9
1.3 Iшкi iстер органдарының құқықтары.............................................................12
2 ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметке қабылдау үлгісі......................................................................................................19
2.2 Ішкі істер органдарының құрылымындағы әскери тергеу қызметтері......21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................29
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ
1.2 Ішкі істер органдарының міндеттері
... Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi
Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.
Ішкі істер органдарының жүйесі
Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, білім беру ұйымдары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
Iшкi істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді. ...
2 ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметке қабылдау үлгісі
... Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына күндiзгi оқу бөлiмiне қабылданған адамдар әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарында арнайы есепке алынады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының кәсiби орта, кәсiби жоғары бiлiм беру бағдарламалары бойынша күндiзгi оқудың толық курсын бiтiрушілер үшiн оқу уақыты мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiріледi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының, өзге де мемлекеттердiң iшкi iстер органдары оқу орындарының түлектерi бөлуге сәйкес қызмет өткеруге жiберіледi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындары диплом алдындағы практикадан өту үшiн iшкi iстер органдарына жiберген курсанттар (тыңдаушылар) практикадан өту кезеңiнде лауазымға тағайындалады.
Күндiзгi адъюнктураға тiкелей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің жоғары оқу орындарын бiтiрiсiмен қабылданған iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тиiстi кафедраның оқытушысы жалақысының 70%-ы мөлшерiнде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы үшiн қосымша ақы төленедi.
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) жазғы каникулдық демалысын өткiзу орнына автомобиль, темiр жол және су көлiгiмен баруға және кейiн қайтуға жол жүру құны төленедi. ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 ж.
- 2. “Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясаттың Тұжырымдамасы” 20.09.2002ж. Президент жарлығымен мақұлданған.
- 3. К.Х.Халиқов Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау орган-дары. Алматы, 1995ж
- 4. Бахтыбаев И.Ж. Конституционный надзор прокуратуры РК. Дисс. на соис.уч. степ. к.ю.н. – М., 1998 ...