Дипломная работа: АҚ «ArcelorMittal Теміртау» КД-де транкинг радио байланыс жүйесін ұйымдастыру


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Электроника
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
84

Данную работу Вы можете приобрести путем оплаты доступных на нашем сайте либо связаться с администрацией сайта. Тел: 8-701-626-01-41; e-m@il: examenna5@mail.ru

УНИКАЛЬНОСТЬ работы: 90%

Сдача работы : 2014 г.

 

ЖОСПАР

Кіріспе    7
1 Қолданыстағы байланыс желісін сипаттау    9
1.1 Сымдық байланыс    9
1.2 Сымсыз байланыс    18
2 Модернизация алғышарттары    24
2.1 SmarTrunk II стандарты    24
2.2   MPT 1327 стандарты    29
2.3 TETRA стандарт    38
3 Жобалау шешімі    47
3.1 Жабдық құрамы    47
3.2 Жобаланатын байланыс жүйесі    54
3.3 Жұмыс қуатын есептеу    56
4 Өнеркәсіптік экология    60
5 Еңбек қорғау    69
5.1 Қауіпті және зиянды факторларды талдау    70
5.2 Қауіпті және зиянды факторларды төмендету бойынша шаралар    72
5.3 Станция жабдығын жерге қосуды есептеу    75
6 Экономика    79
6.1 Күрделі салынымдар    79
6.2 Пайдалану шығындарын есептеу    80
Қорытынды    85


 
1 Қолданыстағы байланыс желісін сипаттау  


1.1 Сымдық байланыс  


«ArcelorMittal Теміртау» АҚ КД ҚКТБ-да  диспетчерлердің жұмысы үшін келесі шеткі жабдығы пайдаланылады: М-60 қала аралық телефон коммутаторы М-60; АТСК 100/2000; ИКМ-30. АТСК 100/2000 станциясы негізгі ретінде пайдаланылады, ИКМ-30 қосымша АТС ретінде қатысады. Егер координаталық станция жүктелген болса, жұмысқа ИКМ-30 қосылады. Берілген жабдықты сипаттау төменде келтірілген.  
Теміржол көлігінде қолданылатын қала аралық коммутаторларда, алыс байланыс арналарынан басқа сараланған байланыс желісі қосылатын ерекшелігі болады. Осы мақсатта қала аралық желілердің  релелік жинақтарына біршама өзгерістер енгізіледі, ал коммутаторларда саралап шақырту тарату  үшін арнайы шақыру құрылғылары қосымша орнатылады.   Әрбір коммутаторда он шнурлық жұп болады және қала аралық алты кіріс желіге есептелген.
Қала аралық коммутатор сұлбасы төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:  
-    арналарды жергілікті абоненттер желілерімен және жалғастырғыш желілермен қосу;  
-    арналардың транзиттік қосылыстары;
-тікелей абоненттер желілерін коммутаторға қосу және оларға кезектен тыс сөйлесуге мүмкіндік беру;      
-    шақырылатын абоненттің жергілікті немесе қала аралық қосылыста болуының бөлек сигнализациясы;
-      телефонистканың микротелефонын жергілікті жалғанған абоненттік желілерге жалғау және осы қосылысты қала аралық желінің шақыртылатын абонентпен қосылуын орнату үшін бұзу мүмкіндігі;
-    шнурлық жұптың кез келген штепселі бойынша шақыртуды бөлек жіберу;  
-    номерді бөлек теру;  
-    телефонистканың шнурлық жұптың кез келген штепселі бойынша бөлек сөйлесуі;  
-     телефонистканың телефонын сөлйлесу жолына параллел бақылау үшін қосу;  
-    операцияларды бір мезгілде жүргізу, олар телефонисткалардың еңбек өнімділігін арттыру үшін параллель орындалуы мүмкін (мысалы, бір шнурлық жұп бойынша сөйлесу және басқасына шақыру жіберу).
Берілген моментте ҚКТБ-да 60 да арнаға қызмет көрсететін М-60 коммутаторлары қолданылады, олар ережеге сай, АТС-пен бірлесіп жұмыс істейді. Жабдық және М-60 коммутаторының сұлбасы тапсырыстық және кідірмейтін жүйелер бойынша пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан осы коммутаторлардан жинақталатын МТС аралас пайдалану жүйесі бар станцияларға жатады.
Коммутаторда екі жұмыс орны болады -  негізгі және қосымша. Коммутатордың жергілікті өрісінде алты қала аралық арнаны қосу  аспабы болады, ал көп реттік өрісте  екі, төрт және алты панель болады. Екі панельді көп реттік өріске 20 арна, тікелей абоненттердің 20 желісі, жергілікті телефон станциясы бар 40 қосылу желісі, 10 тапсырыстық және  10 қызметтік желі енгізілген болуы мүмкін. Егер көп реттік өріс төрт немесе алты панельден жасалған болса, станция сыйымдылығы сәйкес екі немесе үш есе ұлғайтылған болуы мүмкін.  
ҚКТБ-да сыйымдылығы 100 бастап 2000 номерге дейін  АТСК 100/2000 пайдаланылады. АТС сұлбасына МКС 20Х10X6, МКС 10X20X6 және МКС 10x10x12, реле РЭС-14 және РПН, РП-4 немесе РП-5 поляризацияланған  реле, жартылай өткізгіш диодтар, триодтар және қосымша элементтер енеді.  
АТСК 100/2000-да қолданылатын ККЖ-да тұйықталу немесе шаң түсу кезінде кемшілігі болады, олар тұйықталады, сигнализация қосылады және телефон сигналы өте алмайды. Берілген желі бос еместігі туралы шақыру тарату  жүреді. ККЖ байланыстарын жөндеуге және тазартуға тура келеді.  
Теміржол тораптарының абоненттік желілерін номерлеудің төрт таңбалы жүйесіне сәйкес станциялар төрт таңбалы регистрлермен жабдықталады, ал станциялар арасындағы байланыс үшін үш сымды қосылыс желілері және жинақ сигналдарын басқа станцияларға тасымалдауға мүмкіндік беретін ШКӘ әмбебап шнурлық жинақтары қолданылады. Регистрлерден басқа транзиттік жабдық та қарастырылған, соның көмегімен айналма жолдар бойынша қосылыс жүргізуге және сөйлесу тізбектерінің төрт сымды коммутациясын  жүзеге асыруға болады.  

 

2 Модернизация алғышарттары
2.2   MPT 1327 стандарты 


МРТ 1327 транкингтік радиобайланыс стандарты Британия ынтымақтастығы  (Австралия, Жаңа Зеландия, Гонконг) елдерінде, сонымен қатар әлемнің, АҚШ пен Канададан басқа көптеген елдерінде кеңінен таралған.   Алғаш рет МРТ 1327 стандартының жобасын Ұлыбритания Сауда және Өнеркәсіп Департаменті 1986 ж. жариялады, ал 1986 ж. қазан айында  МРТ 1327 алғашқы жүйесі пайдалануға шығарылды. Осы УҚТ ауқымында бір аймақтық бес арналы жүйе Лондонда телекоммуникациялық мұнарада орнатылды. Жүйеде  Fylde Microsystems өндірісінің желілік жабдығы және Tait Electronics фирмасының ретрансляторлары пайдаланылды. Жүйе МРТ 1327 стандартын ресми бекіткенге дейін 1 жыл бұрын дерлік 1987 ж. пайдалануға шығарылғаны есте қаларлық. МРТ аббревиатурасы — бұл Ұлыбритания байланыс министрлігінің (Ministry of Post and Telecommunication) түрлі стандарттары мен ұсыныстары атауларының бас әріптері.
Біртіндеп МРТ 1327 басқа жиілік ауқымдарына таралды және қазіргі кезде МРТ 1327 транкингтік аппаратурасы  146-174 МГц, 300-380 МГц, 400-520 МГц және 800 МГц ауқымдары үшін шығарылады. Жүйеде радиоарналардың бірі басқаруға бөлінеді. Нақ осы арнада база мен абоненттік радиостанциялар арасында барлық қызметтік ақпарат (шақыру коды, радиостанцияның жеке номерлері, статустық хабарламалар және т.б.) беріледі.  Қалған арналар сөздік сөйлесулер үшін қызмет етеді. Қызметтік ақпарат және деректердің қысқа блоктары цифрлық түрде басқару арнасы бойынша, ал сөздік хабарламалар, ереже сай, - аналогтық түрде беріледі. Алайда бүгінгі күні МРТ 1327 хаттамасы базасында жүзеге асырылған толық цифрлық жүйелер де болады, мысалы Rohde&Schwarz компаниясының ACCESSNET-D жүйесі. Стандарт келісімдер мен спецификациялардың тұтас қатарынан тұрады:
-    МРТ 1317 — модуляция түрін анықтайтын деректер тарату (басқару сигналдарын) спецификациясы, ақпаратты және цифрлық жіберу ұзындығын тарату жылдамдығы;
    МРТ 1318 — байланыстың транкингтік жүйелерінде, қолданылатын терминологияда және статистикалық өңдеуде және ақпаратты беруде жер үсті жылжымалы құралдарына қызмет көрсету принциптері туралы келісім;  
-    МРТ 1323 — 174-225 МГц ауқымында модуляция түрлерін пайдалану туралы келісім;
    МРТ 1327 — жеке сигналдық хаттама (қажетті және ұсынылатын);
-    МРТ 1331 — орталық жабдықты салу ережелері туралы келісім;  
-    МРТ 1343 — радиостанцияның базалық жабдықпен өзара әрекетін анықтайтын  радиоинтерфейске спецификация;
-    МРТ 1347 — базалық жабдықтың радиостанциямен өзара әрекеттесуін анықтайтын радиоинтерфейске спецификация;
-    МРТ 1352 —   радиостанцияны  МРТ 1343 спецификациясына сәйкестігін тесттілеу рәсімдері.
МРТ 1327 стандарты орталық жабдықтың  абоненттік радиостанциялармен эфир арқылы өзара әрекеттесу рәсімдерін ғана, сонымен қатар  орталық жабдық құрылымына минимум шектеулерді анықтайды, бұл өндірушілерге кейбір қосымша мүмкіндіктерді жүзеге асыруда белгілі еркіндік береді. Бұл бір жағынан, түрлі өндірушілер радиостанцияларын бір транкингтік инфрақұрылымда пайдалануға мүмкіндік береді. Екінші жағынан орталық жабдықтың түрлі бөліктерінің өзара әрекеттесу хаттамаларының болмауына байланысты түрлі фирмалардың өндіріс компоненттерінің түйісу мүмкіндіктері жоқ, бұл жеткілікті түрде үлкен кемшілік болып табылады.   Негізіне бір фирма жабдығын алып, тұтынушы оған болашақта үйренген болып қалады.  
Сол уақытта МРТ 1327 стандарты желінің өзінің инфрақұрылымына ешқандай шектеулер қоймайды. Нақты жүйе стандартта қарастырылған барлық функцияларды жүзеге асыруға міндетті емес, ол тек тапсырушы талаптарын қанағаттандыратын қажетті минимум жинақты ғана тапсыра алады. Бұл спецификация базасында қолданбалы жүйелердің кең спектрінің берілген стандартын жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Түрлі өндірушілер жабдығындағы айырма, ережеге сай, нақ стандартты жүзеге асыру толықтығымен анықталады. Ол ашық болып табылады және абоненттік радиостанцияның базалық жабдықпен өзара әрекеттесу хаттамасын және орталық жабдық құрылымына минимум шектеулерді ғана анықтайды. Берілген стандарт негізінде құрылған жүйелерде ерекшеленген басқару арнасы болады және бір радиоалмасудың барлық уақытына абонент үшін арна бөледі. Берілген жүйелер, көбінесе, жалпы пайдалану жүйелері ретінде қызмет ететіндіктен оларға кеңейтілген есеп және барлық сөйлесу тарификациясы енгізілген.   
Берілген жүйелерде шақырудың негізгі түрі, қажетті абонентті шақыру оның номерін жеткілікті түрде ұзақ теру арқылы жүргізілетін дербес болып табылатындықтан, онда байланыс арнасына жету уақытына ерекше талаптар  қойылған жоқ. Сондықтан басқарылатын арнада цифрлық ағын жылдамдығы салыстырмалы түрде таңдалды — 1200бит/с және осыған орай, жету уақыты бір аймақтық кезінде 0,5 с жуық және көп аймақтық орындау нұсқалары кезінде 1,5-2,0 жуық құрайды.      

 

3 Жобалау шешімі 


3.1 Жабдық құрамы  

 

Комбайнерлік жүйелердің екі типі болады: резонаторлық және гибридтік (кәдімгі сумматорларды пайдалану арқылы). Типіне тәуелсіз олар таратушы сигналға белгілі шығындар енгізеді. Алайда бұлардың орны таратқыштар қуатының артуымен және күші зор үлкен антенналарды қолданумен толтырылуы мүмкін:
1) резонаторлық жүйелерде сигналдың аздап сөнуі болады, ол әдетте 75-300 кГц құрайтын арна аралық таратуға байланысты. Солардың көмегімен бірнеше ондаған арналар саны болатын транкингтік жүйелер құруға болады;   
2) гибридтік жүйелер арналар арасында кез келген таратуды пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда осыған орай сумматордағы шығындар айтарлықтай көп, ал арналардың максимум саны 8-ден аспайды.  
Орталықтандырып басқаратын транкингтік жүйелерде абоненттік радиостанциялар транкингтік хаттаманы жүзеге асыруда басты рол атқарады.    SmarTrunk және SrnarTrunk II жүйелерінде абоненттік радиостанциялар шақыру сигналын немесе базалық станцияны шақыру үшін бос арнаны іздеуде транкингтік жүйелердің жұмыс арналарын үздіксіз және біртіндеп сканерлейді.  
Абоненттік радиостанциялардың сол немесе басқа модельдерінің SmarTrunk жүйелерінде пайдалану үшін жарамдылығы олар үшін SmarTrunk Systems фирмасы әзірлейтін  логикалық модульдердің болуымен анықталады.    Радиостанцияға орнатылған бола тұра,  логикалық модуль сканерлеумен, таратуға қосумен және шуыл басқыш жұмысын басқарумен қоса,  оның барлық негізгі функцияларын басқаруды өзіне алады. Абоненттік радиостанциялардың логикалық модульдерін бағдарламалауды жүйе иегері немесе жеткізуші орындайды. Радиостанциялар қайта бағдарламалаудан арнайы құпия код арқылы қорғалады.  
SmarTrunk Systems үшін радиостанцияның сол немесе басқа моделдерін іріктеу критерийлері, ең алдымен станцияның жұмыс арналарын жеткілікті түрде жылдам сканерлеу қабілеті (қосылу уақыты 150 мс артық болмауы керек), сонымен қатар радиостанцияның әйгілілігі, сапасы және құны болып табылады. 
Орталықтандырып басқаратын транкингтік жүйелерде абоненттік радиостанциялар транкингтік хаттаманы жүзеге асыруда басты роль атқарады.    Абоненттік радиостанциялардың сол немесе басқа модельдерінің SmarTrunk жүйелерінде пайдалану үшін жарамдылығы олар үшін SmarTrunk Systems фирмасы әзірлейтін  логикалық модульдердің болуымен анықталады.       
Абоненттік радиостанциялар ретінде Motorola P040 (3.4-сурет) таңдап алынды - Motorola компаниясының жаңа әзірлемесі, ол SmarTrunk II жүйелерінде жұмыс істеу мүмкіндігін ескере отырып, орындалды [12]. Бұған дәнекерлеуді қолданбастан Omni™ жаңа функциялары бар транкингтік модульді орнату арқылы қол жеткізеді. Оны пайдаланудың мүлдем қарапайымдығы дыбысының жоғары сапасымен және бағдарламаланатын функцияларының кең таңдауымен үйлеседі, бұл оны техникалық біліктілігі жоғары емес персоналы бар жүйелерде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.  

 
4 Өнеркәсіптік экология


Қазақстан Республикасында металлургиялық өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындары экологиялық талаптарды ескерместен индустрияландыру жылдары салынған. Осы жағдайлар жылдам артып келе жатқан автокөлікпен үйлесімде Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғау мәселелерін шешуде айтарлықтай қиындықтар тудырады.   
Қара металлургияда шаң-газ шығарындыларымен күрес үлкен күрделі және пайдалану шығындарын талап етеді және бұны металлургиялық қайта балқытудың барлық кезеңдерінде шығарындылардың түзілетіні және көбінесе ұйымдастырылмаған сипат алатыны асқындыра түседі. Қара металлургияда қоршаған ортаны ластандырудың ең ірі көзі агломерациялық өндіріс болып табылады. Аглофабрикалар көміртегі оксидінің (СО) және күкіртті ангидридтің (S02) 50% жуығын, азот оксиді (N0*) мен шаңның 20% астамын атмосфераға шығарады. Әдетте аглофабрикалар 17% оттегі болатын 1—6 млн м3/ч аглогаз, сонымен қатар зиянды заттар: СО—12,5, О2 — 0,2, шаң — 0,25г/м3 шығарады. 
Аглофабрика мен ТЭЦ бірлескен жұмысы кезінде атмосфераға көміртегі оксидінің жалпы шығарылуы - 77%, азот оксиді – 35%, шаң - 20% азаяды.    Отынның ТЭЦ-ке меншікті шығындары аглогаздардың физикалық жылуын пайдалану және СО толық жағу есебінен 3- 5 %-ға төмендейді. Осы әзірлемені жүзеге асыру салыстырмалы түрде шағын күрделі шығындар  кезінде қысқа мерзімге Теміртау қаласының ауа бассейніндегі жағдайды айтарлықтай сауықтырған болар еді.    
Аглофабрикада  атмосфераға СО және N0* шығарындыларын 30%-ға төмендетуге мүмкіндік беретін аглогаздар рециркуляциясын, SО2 әк-әктасты шайындысын қолдану, сонымен қатар технологиялық іс-шаралар: биіктігі 20-40 мм «төсеме» қолдану, бұл шаңның түзілуін 5 есе, қабат биіктігінің ұлғаюын, шахтаның екі қабатты жабысуын төмендетеді.
Аймақта қара металлургияны дамыту мен қайта құрудың жалпы жоспарын құрастыру кезінде домна пештері шахтасында шекемтастар үлесін арттыру мүмкіндігі, яғни агломашиналарды экологиялық біршама «таза» күйдіргіш машиналармен жартылай алмастыру туралы мәселені қарастырған жөн.  Осындай шешім маңызы бойынша шығарындылардың аталған көзін жоюды білдірген болар еді.    
Ластандырудың басқа айтарлықтай көзі, барлық шаңның -  30%, СО —25, SО2—15, N0,—10, СmНn—11% (көмірсутегілерінің қалған мөлшерін коксхимия өндірісі шығарады) шығаратын домна өндірісі болып қалады.  Кен алаңы, бункерлік эстакада, бункер асты орындары шойынның ~70г/т мөлшерде шаңды бытыраңқы түрде шығарады. Оларды бейтараптандыру үшін штабелдерді ұдайы ылғалдандыру, оларды әктас ерітіндісімен сулау, жергілікті сорғылар мен электр сүзгілерін орнату қажет. Әсіресе шығару науаларының қалқасын және шығарындыларды сүзгілер арқылы беруді қолдану тиімдірек немесе шығару кезінде шаңның - шойынның 430г/т  көп мөлшері, бөлінеді,  оның 65% цехта түзіледі, ал қалған мөлшері желдеткіш ойықтары арқылы зауыт аумағына және одан әрі шығарылады.  
Домна пештерінің конус аралық кеңістігінен шаң-газ шығарындыларын болдырмауды және негізгі металлургиялық жабдықты герметикалауды қамтамасыз ету керек.  

 

 
5 Еңбек қорғау  

5.1 Қауіпті және зиянды факторларды талдау  


Берілген диплом, қабылдап-тарату жабдығын орнату жүргізілетін жоба болып табылады.   
Жабдықты орнатуға және пайдалануға, сонымен қатар кабелдер салуға байланысты жұмыстар кезінде келесі зиянды және қауіпті факторлар пайда болады.  
Электр-магниттік сәулелену. Радио байланысында адам организміне әсер ететін қауіпті және зиянды факторлардың негізгісі электр-магниттік сәулелену болып табылады. Сәулелену көздері түрлі радиотехникалық құрылғылардың электр-магниттік тербеліс генераторлары, генератордан антеннаға беріліс желілері, антенналар, магнетрондардың катодтық шығарылымдары, толқын өткізгіштер, энергия беру желілері және т.б. болып табылады, сәулелену түрлі тесіктер мен қоршаудағы тегіс емес жерлер, тексеру және жұмыс терезелері арқылы өтуі мүмкін.  
ЭМС биологиялық әсер ету дәрежесі тербеліс  жиілігіне, өріс кернеулігі мен қарқындылығына және оның әсер ету ұзақтығына тәуелді. Теміржол көлігінде технологиялық радиобайланыс үшін 150—156 МГц жиіліктер ауқымы пайдаланылады. 
Жүйелі сәулеге түсіру адам ағзасына, жүйке және жүрек-тамыр жүйелерінің функционалдық жағдайының бұзылуымен байқалатын жағымсыз әсер етуі мүмкін.  
Организмнің тірі тініне әсер ете отырып, ЭМП жасушалар құрайтын молекулалар мен атомдардың ауыспалы поляризациясын тудырады, соның нәтижесінде олардың қауіпті қыздырылуы жүреді. Артық жылу жеке органдары мен барлық организмге зиян келтіруі мүмкін. Әсіресе көз, ми, бүйрек және т.б. сияқты органдардың қатты қызуы зиянды.  
Шуыл станция жабдығы микросұлбаларының желдеткіштерімен суыту жүргенде және компютер қосулы немесе бұзылғаны туралы дыбыстық сигналмен хабарлатын сигнализация жұмыс істеген жағдайда  станцияның жұмысы кезінде туады. Тікелей реакция тудырмайтын дыбыстар есту түйсіктеріне байланысты емес тапсырмаларды орындауға әсер етуі мүмкін.   Шуыл деңгейінің барлық естілу шегінен асып кетуі бұлшық еттің ширығуын арттырады және осыған орай  бұлшық ет энергиясының шығынын арттырады.    Қарқындылығы жоғары шуылдар адам ағзасына теріс әсер етеді. Түрлі  машиналар мен механизмдердің жұмысы механикалық тербелістер тудырады.   Қозғалтқыштың бір секундтағы айналымдар санына тең тербелістердің негізгі жиілігінен басқа жеке жиілігі болатын жеке тетіктердің тербелістері туады.    Механикалық энергия жартылай бөлме ауасына тербелістегі тетіктермен сәулеленетін дыбыстық энергияға және жартылай ғимарат конструкциялары бойынша таралатын серпімді тербелістер энергиясына түрленеді. Дыбыс көзі бар шектес бөлмелерде конструкциялар тербелісі ауада дыбыстық энергия сәулесін қайтадан тудырады.  Осылай механикалық шуыл туады.  
Айнымалы токтың электр магниттік құрылғыларының жұмысы кезінде -                     электр магниттік, ауа мен газ ағысы кезінде  - аэродинамикалық, ал су мен сұйықтықтар қозғалысы кезінде – гидравликалық шуыл туады. Шуыл адамға зиянды физиологиялық әсер етеді, ол есту аппаратын зақымдаумен ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесіне, психологиялық реакцияларының баяулауын тудыратын теріс әсерімен шектеледі. Өндірістік шуыл әсерінен кәсіптік аурулар туады: жүрек қызметінің ырғағы бұзылады, қан қысымы өзгереді, тыныс алу органдарының қызметі нашарлайды. Сонымен қатар еске сақтау қабілеті, зер салу, көру қырағылығы әлсірейді. Осылайша шуыл жарақаттану себебі болып табылады.  
Шуылдың әсерінен еңбек өнімділігі айтарлықтай төмендейді, оның үстіне еңбек процесі неғұрлым күрделі және онда ой еңбегі элементтері неғұрлым көп болса, соғұрлым көп төмендейді.    
Инфрадыбыс. 16 Гц кем жиіліктегі тербелістер дыбыстық естілерлік ретінде қабылданбайды. Алайда, айтарлықтай қуат кезінде олар адамға зиянды әсер етеді. Бұл адамның ішкі органдарында 6 бастап 9 Гц дейін жеке тербелістер жиілігі болатынымен түсіндіріледі.  Инфрадыбыспен сәулеге түсіру кезінде ішкі органдар тербеліске келуі мүмкін: жүрек, өкпе, асқазан арасында, олардың қатты тітіркенуі мен қалыпты қызметінің бұзылуына алып келетін үйкеліс туады. Қуаты аз инфрадыбыстар, теңіз ауруы, жүйкенің жұқаруы типті дімкәстік тудыра отырып, ішкі құлаққа әсер етеді. Орташа қуаттар кезінде әр түрлі салдарларымен қатар ас қорыту және ми органдарының ішкі қызметінің бұзылуы байқалады. Соқырлық пайда болуы мүмкін.  Инфрадыбыстың көп қуаттары әсіресе қауіпті, себебі ішкі органдар резонансын тудыра отырып, олардың бұзылуын, қан айналымының тежелуін, тіпті жүректің тоқтауын тудыруы мүмкін.  
Инфрадыбыс генераторлары зауыт генераторлары, желдеткіштер, барған сайын баяу жұмыс істейтін машиналар болып табылады. Адамды инфрадыбыстың зиянды физиологиялық әсерінен қорғау, инфрадыбыстың шығу көзінің өзінде туындауын болдырмаумен шектеледі; қорғау қиындығы, қабырғалардың, ірі тетіктердің инфрадыбыс ырғағында дірілдей бастауымен және ешбір кедергі көрсетпейтінімен түсіндіріледі, ол бөгеуілдермен тұншықтырылмайды.   
Электр қауіпсіздік. 220 волт айнымалы ток желісінен қоректенетін жабдық жерге қосу сымымен розеткаларға қосылған. Жабдықты электрмен қуаттандыру сымдары қосарлы оқшаулаумен жасалған. Қысқа тұйықтанудан және  автоматты пакеттік ажыратқыштардың көмегімен 220 вольт айнымалы ток желісінің артық жүктелуінен қорғау жүйесі болады. Жоғарыда айтылған шаралар персоналды электр тогымен зақымданудан қорғайды.