Жоспар
1. Қызметкерлерді басқару ұғымы.........3
2. Кадр саясаты:принциптері, бағыттары, жұмыс жасау және іске асыру.........4
3. Жұмысты бағалау. Ұрысты шешу.......11
1. Қызметкерлерді басқару ұғымы
Қызметкерлер – кәсіптік немесе қызмет белгілері бойынша топ құрайтын мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері, (аурухананың техникалық қызметкерлері, дәрігерлік қызметкерлері, қызмет көрсетуші қызметкерлері, әйел қызметкерлері).
<...> Жұмыс күшінің қажетті айналысы өндірісті кеңейтумен байланысты қабылдауды және өндірісті қысқарту бойынша босатуды қосады.
Жұмыс күшінің тұрақтамауы –барлық басқа себептердің салдары: өз еркімен (өз өтініші бойынша) кету, еңбек тәртібін бұзғаны үшін босату. Тұрақтамау жоғары аталған себептер бойынша кеткен қызметкерлер санының, зерттелген кезең үшін қызметкерлердің орташа тізім санына қатынасы ретінде қарастырылады.
2. Кадр саясаты:принциптері, бағыттары, жұмыс жасау және іске асыру
<...> Еңбек ресурстарын дамыту.
Ең басты дәлел – әр қызметкер бүкіл қызметінде әр түрлі жағрафиялық орындарда орналасқан фриманың бір бөлімшесінен екінші бөлімшесіне ауыса беретінін біледі. Сонымен қатар біраз жапондық фирмаларда ротация барлық қызметкерлердің бүкіл еңбек өміріне таратылады. Инженер-электрик схеманы жобалаудан құрастыруға немесе өндіріске жіберілуі мүмкін жаңа станоктарға ауысуы мүмкін, басшыларды бизнестің барлық салаларына ауыстыруға болады. Адамдар әрқашан бір мамандық бойынша жұмыс істесе, бүкіл фирманың болашағы емес, бір мамандыққа байланысты шектеулі мақсат қалыптасу беталысы байқалады. Оларда адамдар мен мекеме ішінде басқа мамандарға тиімді көмек көрсетіп мәселелерді шешетін білім жоқ.
3. Жұмысты бағалау. Ұрысты шешу
Жұмысты ранжирлеу – бұл жұмысты бағалаудың қарапайым түрі.
Әр жұмыс компания үшін қатысты маңыздылығы бойынша бағаланады. Мамандығы жауапкершілігі, қажетті міндеттері қарастырылып, одан кейін жұмысты қиындығы мен бағалылығына қарай топтастырады. Ранжирлеу деңгейі мекеменің қажеттілігі арқылы анықталады.
Жұмысты топтастыру. Бұл әдіс те алдыңғысына ұқсас, тек қана жүйелілігімен ерекшеленеді. Алғышқыда жалақының деңгейі мен дәрежесі, одан кейін толық жұмыстың өзі анықталады.
<...> Конфликтология жанжалды шешу процесін жылдамдататын бірнеше ұсыныстарды жасап шығарды: 1) келісім кезінде басымдық маңызды сұрақтармен талқылануы тиіс; 2) екі жақ та психологиялық және әлеуметтік шиеленісті шешуге тырысуы керек; 3) жақтар бір-біріне өзара сыйластығын көрсетуі қажет; 4) келісім мүшелері жанжалды оқиғаның маңызды және жасырын бөлімін ашып, яғни бір-бірінің бағыт-бағдарын дәлелді және саналы тең түрде алмастырып, оны бұқаралық сипатқа айналдыру; 5)...