Доклад/Баяндама: Ұйымдағы байланыстың мәні мен маңызы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Менеджмент
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

Жоспар

 

1. Ұйымдағы байланыстың маңызы.........3

2. Байланыс құралдарының түрлері........7

3. Байланыс мәнін тарату........9

 

 

1. Ұйымдағы байланыстың маңызы

 

Байланыс белгілі бір ұйымның ажырамас жүйесі болып табылады.

Егер  қандай  да  бір  амалмен  ақпараттың  келуін  тоқтатса,  ұйым  әрі тіршілігін жалғастыра алмайды. Байланыс ұйымның барлық саласына кірісетін  тұлғалардың  ұйымдағы  өз  қызметтерін  қабылдауды қамтамасыз  ететін  және  кәсіпорын  бөлімдерін  біріктіретін  жұмыс құралы. Ашық жүйелер теориясы  тұрғысынан кәсіпорын сыртқы орта жөніндегі  ақпаратты  жинау,  жүйелеу  және  талдауға,  сондай-ақ өңделген  ақпаратты  қайтадын  сыртқа  ортаға  беруге  құрылған байланыс салаларының дамыған жиынтығы ретінде түсіндіреді.

 

<...> Жалпы  алғанда,  Байланыс  процесінде  кері  байланыс  белсенді пайдаланылған  сайын,  ол  нәтижелі  болады.  Кері  байланысқа  деген көңіл  ақпарат  алушыға  қарай  бағытталады,  яғни  хабардың  оған «жетуін»  көздейді.  Мұндай  бағыттың  іске  асуы  белгілі  бір  тарату жолын  қажет  етеді,  яғни  байланыс  әрекеті  жасалмай  тұрғандағы жиналған  қайнар  көз  болып  табылатын  алушылар  жөніндегі  ақпарат барынша  әсерлі  хабарды  қалыптастыруда  қолданылады.  Өз аудиторияңызда  біліп  алған  маңызды.  Егер  қайнар  көзде  алушылар жайында  теріс  пікірі  болса  онда  оның  байланыс  күші  соншалықты әсерлі болып шықпайды.

 

 

2. Байланыс құралдарының түрлері

 

«Құрал»  терминін  ұйымдарды  зерттейтін  ғылымда  үш  түрлі түсінікпен ашып көрсетеді.

1.  Толық  жүйедегі  байланыс  құралы  жүйедегі  барлық  тұлғалар байланысының  тұрақты  схемасын  қамтиды,  соның  ішінде  ұйымда 1000-ға жуық тұлғаны топтастыра алады.

2.  Байланыс  жүйесінің  басқа  элементтеріне  қарағанда  бір-бірімен өзара жиі әрекеттесетін ішкі жүйені анықтайтын байланыс тобы. Топ көбінде 5-тен 25-ке дейін мүшені қамтиды, кейде саны одан да артып жығылады.

 

 

3. Байланыс мәнін тарату

 

Ұйым мүшелері бір-бірімен әр түрлі қызметтерді атқару барысында қатысады.  Байланыс  рөлдері  дегеніміз – ақпарат  тарату  процесін орындайтын  ұйым  мүшелерінің  қызметі.  Кейбір  тұлғалар «күзетші» мәнін  атқарады:  Олар  кіретін  ақпараттардың  ағынын  бақыласа, басқасы  топтарды  байланыстыратын  маңызды  орындарды  иеленеді.

<...> Кейбір  тұлғалардың «космополитизмі»  ұйымның  сыртқы  ортамен өзара  әрекеттесуіне  мүмкіндік  бергендіктен  жүйенің  қоры  болып саналады. Ортаның өзгерістерін алдын ала болмаушылық қасиет әрбір жүйенің  аман  қалуы  үшін  өте  маңызды.  Нарықты  талдау  жөніндегі, фирмадағы  «адамгершілік»  қатынастар  жөніндегі  мамандар санасындағы өндірісті басқаруды зерттеу мен жасап шығару ғалымдар сияқты т.б. ұйымдағы кейбір қызметтер арасымен кеңінен байланысуға мүмкіндік береді.