ЖОСПАР
Кіріспе..................................................................................................................3
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері................................................5
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.........9
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау...........................22
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау....................23
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау............26
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау...........................26
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу....................................28
Қорытынды...................................................................................................30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................31
1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық заңнын осы бабында көрсеттілген талаптарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы бодып табылады. Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы бапқа сәйкес адамның қылмыс қүрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет.Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекеті нің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-әрекетінің шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол бермеуі керек. Тағайындалған жаза істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық. Жаза тағайындаудың қағидалары деп қылмыстық шара қолданудың негіздері, жай-жапсары және тәртібін белгілейтің, қылмыстық және қылмыстық- процесстік құқық шамаларында бекітілген ережелер айтылатын . Бұл ережелердің бір нешеуі жаза тағайындау үшін жалпы қағйдалық маңызға ие болды да (ең алдымен, қылмыстық әрекет үшін жазалаушылық қағидасы және жазаны даралау қағидасы), осыған орай жаза тағайындаудың жалпы қағидалары деп дәлме-дәл аталады . 1958 жылы қылмыстық заңдардың негіздерін қабылдағаннан кейін қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындаудыңжалпы негіздері жаза тағайындаудың қағидаларымен қатар ерекшеленеді . Дегенмен, Г. Л . Кригердің әділ тұжырымдағанындай, жаза тағайындаудың қағидалары жаза тағайындаудың жалпы негіздерінде айшықталуына, атап айтқанда 1958 жылғы Негіздерде олардың жазалауына байланысты, жаза тағайындаудың ұағидалары туралы мәселені дербес күйде ерекшелеу бір ережелерді жөнсіз қайталауға әкеліп соғады .
Осы жоғарыда айтылған екі негіз факторға сипаттама берелік. Бірінші, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтау арқылы жаза тағайындау. Заң бойынша әрбір әстелген нақты қылмыстың қоғамға қауіптілігі екі жағынан: сапалық (қоғамға қауіптілік сипаты) және сандық (оның дәрежесі) белгілері арқылы белгіленеді. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі қылмыстың объективтік және субъективтік белгілері арқылы анықталады. Мүның ішінде объктивтік белгілері (қылмыстың объективті зардабы, іс-әрекеттің мәні, қылмыстың істелген уақыты, тәсілі, оның жағдайы) субъктивтік белгілері, кінәнің формасы, қылмыстық ниет немесе мақсат жан-жақты еске алынады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24 маусымдағы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы» Қаулысының 2-тармағында жасалған қылмыстың қауіптілігінің дәрежесін анықтағанда, нақты қылмыстық (іс-әрекет, кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасалған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, әрбір сыбайластың қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т. б.) жағдайының барлығы ескерлуі тиіс, деп жоғарыда айтылған заң талаптарының мазмұны ашып көрсетілген.
Қылмыстық кодекстің 52-бабының келесі бір маңызды талабы айыптының жеке басының кім екендігін анықтау болып табылады. Өйткені оны сипаттайтын мән-жайларды дұрыс анықтаудың жазаны даралаудағы маңызы зор.
Сот нақты жағдайларға байланысты әр уақытта да кінәлінің жеке басын сипаттайтын әлеуметтік мәні бар барлық жайттарды анықтау қажет. Оның ішінде кінәлінің қылмыс істегенге дейінгі немесе одан кейінгі мінез-құлқы, оның еңбекке, оқуға деген көзқарасы, өмір сүру салты, өзін қоршаған ортаға қатынасы, оны сипаттайтын оң немесе теріс мән-жайлардың бәрі де ескерілуге жатады. Бұнын сотталғандарға, ішімдікпен, нашақорлықпен әуестенушілерге, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға, қатыгездікпен немесе сыбайласып қылмыс жасағандарға шектен тыс жеңіл жаза тағайындауға болмайды. Керісінше, мемлекет, қоғам, отбасы алдындағы өз міндеттерін адал орындап жүрген, өндірісте, түрмыста жағымды мінездерімен сипатталатын адамдардың бірінші рет қылмыс жасауы олар үшін жеңілірек жаза тағайындауға негіз бола алады.