Реферат: Еңбек құқығы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Юриспруденция
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
12

Жоспар

1. Еңбек құқығы.
2. Еңбек құқығының негізгі принциптері.
3. Еңбек құқығының қайнар көздері.
4. Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары.

 


2. Еңбек құқығының неігзгі принциптері.

 

Еңбек қатынастарын ары қарай дамытудың бастапқы базасы еңбек құқығының негізгі маңызды бастаулары, негізгі принциптері болып табылады. 
Еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы.
Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің дербес өндіруші ретінде еркін еңбек етуге немесе өзінің қалауынша, бейімділігімен арнайы дайындығы бойынша еңбек шартымен еркін жұмыс істеуге, еңбегі үшін нендей бір кемітусіз сыйақы алуына құқығы бар. 
Бұл принцип Негізгі Заңдағы әркімнің жұмыссыздықтан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы барекендігі қағидасы мен үйлесіп тұр. 
Еңбек тәртібін сақтау. Біріккен еңбек тәртібінің қажетті шарты ұжымның әрбір мүшесінің біріңғай тәртіпке, басшылыққа, еңбек кестесіне бағынуы. Еңбек тәртібін сақтаудың негізгі маңыздылығы «Республиканың азаматты өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» деп  көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарынан туындайды.
Еңбекті қорғау. Бұл принцип Конституцияда «әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар», «әркімнің тынығу құқығы бар» деген жолдармен орнықтырылған. Осылайша республика азаматы қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек ету жағдайына т.б. қолайлы жағдайларға құқылы. Бұл нарық көптеген нақты шаралармен, атап айтқанда, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің тегін, білікті дәрігерлік көмек көрсетумен, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жетілдіруімен және дамытумен, профилактикалық шараларды кеңінен өткізумен және т.б. шаралармен қамтамасыз етіледі. Бұл орайдағы дәрігерлік жәрдем заңда көзделген негіз бен тәртіпте жасалады. Еңбекті жан-жақты қорғаудың принципі тынығу құқығымен де жүзага асырылады. Әйелдер мен кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғауға ерекше назар аударылады.
Кәрілік, ауру жағдайындағы материалдық қамтамасыз етуге, әлеуметтік сақтандыруға қатысты жайлар еңбек құқығымен реттелетіндігі секілді әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығымен де реттеледі. Мысалы, зейнетақы жөніндегі қатынастар тікелей әлеуметтік қамтамасыздандыру/қоғау құқығымен реттеледі. Мемлекет әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтарды қамқорлыққа алуға кепілдік береді.

 

4. Еңбек құқығының басшылыққа алатын қағидалары.

 

Ал еңбек құқығының салалық қағидалары сол құқық саласының ғана нормаларының ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі кезеңдегі еңбек құқығы саласының қағидалары мынадай 3 топқа бөлінеді:
1. Еңбек нарығын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттің саясатын білдіретін қағидалар (бұларға: еңбек ету бостандығы мен еңбек шартына тұру бостандығы жатады).
2.  Жұмысшылардың (қызметкерлердің) еңбек жағдайларын бекітуге басшалаққа алынатын қағидалар (бұларға: еңбек жағдайларының барлық жұмысшыларға ортақтылығы қағидасы, яғни еңбек жағдайлары азаматтардың әлеуметтік топтарына байланыссыз барлығына бірдей болуы керек дегенді білдіреді, сонымен, қатар еңбек құқығында еңбек жағдайларын салыстыра бекіту (дифференцияциялау) деген де қағида бар, бұл-еңбек жағдайларының өндірістік түрі мен ерекшеліктеріне қарай (салалық дифференция) немесе кәсіпорын, мекеме, ұйымының тұрған жеріне қарай (аумақтық дифференцияция) және т.б. жатады.
3. Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдалану құқықтық реттейтін қағидалар (бұларға: еңбек міндетерінің анықтылығы, мысалы, мамандығына, қызметіне қарай; еңбек қатынастарының тұрақтылығы; қалыпты еңбек тәртібін қамтамасыз ету; еңбек үшін мемлекет бекіткен жалақының ең аз мөлшерінен кем емес сыйақы алу қағидалары жатады).