Шпаргалка: Мінездеме


Предмет:
Делопроизводство
Тип работы:
Шпаргалки

Бесплатный пример 

Мінездеме

 

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педогогикалық университеті педогогика-психология факультеті дефектология бөлімінің студенті Бердібекова Гүлнұрға

Мінездеме

Бердібекова Гүлнұр № 3 көмекші мектеп интернаттың 6 а класында педогогикалық практикада 27.02.06 – 11.03.06 аралығында болды. Практика барысында Гүлнұр жаратылыстану, ана тілі пәндерінен бірнеше сынақ сабақтар және ашық сабақтар өткізді. Бердібекова Гүлнұр өзінің сабаққа және балаларға деген көзқарасымен пән мұғалімдерін және әдіскерлерді риза етті. Өзінің Университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Ана тілі пәні бойынша ашық сабақ (тақырыбы) “Наурыз” тақырыбының барлық қыр-сырын аша білді. Барлық класс оқушылары тақырыпты түсініп сабақтың бекіту, қорытынды этапында алған білімдерін көрсете білді. Келешекте Бердібекова Гүлнұрдан жақсы мұғалім шығады деп сенім білдіремін.

Мектеп төрайымы:                                                        Серикова Х.С.

                                                            

Оқу ісінің меңгерушісі:                                                 Чалбаева С.Ш.

 

Әдіскер:                                                                         Букеженова Т.Ж.

 

Пән мұғалімдері:                                                          Нұғманова Ш.А.

                                                                                       Иманова А.А.

 Мусина А.Т.  

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педогогикалық университеті педогогика-психология факультеті дефектология бөлімінің студенті Иманқұлова Халидаға

Мінездеме

Иманқұлова Халида № 3 көмекші мектеп интернаттың 6 а класында 27.02.06 – 11.03.06 аралығында педогогикалық практикадан өтті. Практика барысында Халида математика, қазақтілі, ана тілі, жаратылыстану пәндері бойынша бірнеше сынақ сабақтар және осы пәндер бойынша ашық сабақтар өткізді. Халида педогогикалық практикаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның сынақ сабақтарда пайдаланған көрнекіліктері барлық әдістемелік эстетикалық талаптарға сай жасалып, қажетті дәрежеде  қолдана білді. Математика пәнінен ашық сабақты  “Ондық бөлшектерді салыстыру” тақырыбында өткізді. Сабақтың әр кезінде көрнектіліктерді дұрыс қолдана білді. Әсіресе бекіту кезеңінде балалардың білімін пысықтаған кезде дидактикалық ойынның ұтымды пайдалана білді Сабақтың осы кезінде оқушылар сабақ бойына алған білімдерін көрсетті.

Келешекте Халиданың жақсы мұғалім шығады деп сенемін

Мектеп төрайымы:                                                        Серикова Х.С.

                                                            

Оқу ісінің меңгерушісі:                                                 Чалбаева С.Ш.

 

Әдіскер:                                                                         Букеженова Т.Ж.

 

Пән мұғалімдері:                                                          Нұғманова Ш.А.

                                                                                       Иманова А.А.

 Мусина А.Т.