Психология ерте уақыттан келе жатқан бірі болғанмен ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.
Психологияның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Анатомия мен физиологияны жөнді білмейтін дәрігердің жұмысы қандай пәрменсіз болатын болса, психологияны білмейтін мұғалімнің де оқу тәрбие саласындағы еңбегі нәтижелі болмайды.
Психология адамның өзін - өзі тәрбиелеуге жөн сілтейді, оның өз ерекшеліктерін ажырата білуге жәрдемдеседі.
Республикада халыққа білім беру ісінің зор қарқынмен дамуы бізде педагогикалық психологияның кең өрістеуіне ықпал жасады. Соңғы жылдары спорт, заң, әлеуметтік, медициналық психология салаларында да түрлі проблемаларды зерттеу қолға алынды. Мәселен, спорт психологиясында дене шынықтыру жаттығуларындағы қимылдың тимпі, гимнастардың ерік – жігер ерекшеліктері, спорттағы сәтсіздіктің психологиялық себептері, спортшыларды жарысқа дайындаудағы әлеуметтік – психологиялық факторлар т.б. мәселелер зерттелінді. Осы фактілер психология ғылымының біздің республикамызда да айтарлықтай дамып келе жатқандығының жақсы куәсі.
Психология пәнінің салаларында жүргізіліп жатқан қазіргі қоғамның дамуын, оның тынысын, тіршілігін, имандылық сияқты адамгершілік қасиеттердің өріс алуына мүмкіндік береді. Біздің Республикамызда 1959 жылдан бастап психологиялық қоғамы және жастар мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беретін Алматы қалалық зерттеу орталығы ашылған 1987жылы және Талдықорғанда әлеументтік психологиялық орталық ашылды.Педагогика және психологиа бөлімшесі ашылды.Осы ғылымның көп жылдар бойы зерттеулер ақыл-ой мәселесі және ойлау әрекеттерін мән жайын анықтауға бағышталады.Ғалымдар адамдардың өрістеп отыруын тарихи этникалық түрде зерттеп әр түрлі дамуын,олардың өмір сүрген ортасына,тіршілік жағдайы мен әлеуметтік қарым-қатынасына байланысты болып отыратынын дәлелдеді.