...Сақтандыруға тән қасиеттер:
1) қатынастардыц ықтималды сипаты;
2) қатынастардың төтенше сипаты (әр түрлі масштабта - мемлекеттік, аумақтық, кәсіпорын немесе оның бөлімдері, жеке адамның деңгейінде).
Қатынастардың бір бөлігі сәйкес ақша қаражаттар қорының, бағыты кең мақсатты рсзсрвтік қорларды қолдану, қоғамдық қорғау жүйесі арқылы жалпы салыстырмалы сипатқа ие болады.
Қатынастардың бір бөлігі сәйкес ақша қаражаттар қорының, бағыты кең мақсатты рсзсрвтік қорларды қолдану, қоғамдық қорғау жүйесі арқылы жалпы салыстырмалы сипатқа ие болады.
Бұл қатынастар мен қорлар жалпы ұлттық сипат алатын төтенше құбылыстарды жою мен алдын алу үшін бағытталған және олармен байланыста болады. Мұндай жағдайларда тұрақты қорлардан басқа (жалпы қоғамдық материалдық резервтер, үкіметтің резервтік қорлары) кәсіпорындар, ұйымдар, қайырымдылық есебінен қосымша қаражаттардың жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халық залалының орнын толтыру үшін
...Сақтандыруда сақтандыру резервтері мен қорларды құруының негізгі екі тәсілі қолданылады: бюджеттік және сақтандырушылық. Ірі катастрофалар мен апаттардын нәтижелерін жою үшін қосымша әдіс ретіндс қайырымдылық жииау қолданылады. Сонымен бірге өзін-өзі сақтандыру негізінде ақша қаражатының немесе материалдық запастардың құрылу әдісі болуы мүмкін, яғни бір азамат немесе бір шаруашылық субъект шегінде. Мұндай әдіс ауыл шаруашылығында (запасы — фураждар қоры, дән, жем, жанармай және т.б.), материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындарда (шикізат, жартылай фабрикаттар және тағы басқа материалдар запасы) қолданылады; азаматтардың жеке жинақтары оларды сақтандыру запастары (қорлары) ретінде қарастырылуы мүмкін.
...90-шы жылдардың орта шеніне дейін болғаи дағдарыс әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де дағдарыс туғызды. Өйткені бұл базалық көрсеткіштердің төмендеуіне және төлеушілердің әлеуметтік қорларға уақтылы және толық аударым жасауға мүддесіздігінен әлеуметтік сақтандыру төлемдерін жинаудың төменгі деңгейге түсуіне алып келді; бұл өз кезегінде зейнеткерлер мен жәрдем алушылар алдында қарызға алып келді; әлеуметтік қорлардың қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің өмір сүру минимумын қамтамасыз етпеді, нәтижесінде бұл қорлардағы қаражаттардың тапшылығы жағдайында әлеуметтік төлемдерге индексация жасаудың кажеттігін туғызды.
...Төмендегі жағдайларда жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы тоқталады және үш айға дейін төленбейді: жұмысқа кіру туралы 2 ұсыныстан бас тарту; жұмыспен қамту қызметіне жұмысқа кіргені туралы ескертпесе; егер тұлға белсенді түрде жұмыс іздемесе және апта сайын жұмыспен қамту қызметіне тіркелмесе.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар жұмыс пен қамту орталығында тіркеліп, азаматтар жұмыссыз деп танылғаннан кейін төленеді. Жәрдемақылар мөлшері жұмыссыз отыру мерзімінің ұзақтығына байланысты дифференцияланған:...
...Базалық бағдарламада сақтандыру жағдайларының тізімі көрсетіледі. Бұған сәйкес қор қаржылары есебінен медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық қызметпен айналысатын тұлғалардың медициналық қызметтері өтеледі. Базалық бағдарламадан басқа, денсаулық сақтау органдары арқылы мемлекеттік бюджетпен қаржыланатын медициналық көмекті қамтамасыз етілген көлемі қарастырылған.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек сапасына бақылау қарастырылған, оның мақсаты – азаматтардың алатын медициналық көмегінің сапасы мен жағдайларының жақсы болу құқын қамтамасыз ету. Бұлар міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен қамтамасыз етілген және медициналық көмектің стандарттарына сәйкес алуға құқылы.
...Пруденциалды нормативтер лауазымды мемлекеттік органдармен жасақталып, мыналардан тұрады:
1) төлем қабілеттілігі нормативтері;
2) қаржылық норматив тұрақтылығы.
Сақтандыру келісімінен бөлек келісім бойынша рәсімделген сактандыру ұйымының міндеттемелерінің максималды көлемі меншік капиталы мен сақтандыру резервтерінін сомасының 10%-дан аспауы керек.
...Нарықтық қатынасты елдерде сақтандыру қызметтерінің ассортименті 500 түрге дейін, ал Қазақстанда болса, 40 түрге жетеді.
Жеке сақтандыру және азаматтардың мүліктерін сақтандыру тұрғындардың төмен табысына байланысты нашар дамыған.
Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, сақтандыру ісі бизнес саласының пайдалы және кең тараған түрі болып табылады, ал сақтандыру компаниялары нарықтық экономикада қатаң позицияларға ие болып, өзінің қызметтерін бизнестің аралас салаларына диверсификация жасай отырып, органикалық және қаржылық тұрақты нарықтық құрылымды көрсетеді.