Жоспар
I Бөлім. Ақша-несие саясатының теориялық негіздеріне жалпы түсінік.
1.1. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері....5
1.2. Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары.......7
1.3. Ақша-несие саясатының құралдары.......12
II Бөлім. Ұлттық банк – ақша-несие саясатын жүзеге асыратын орган.
2.1. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.....21
2.2. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.......24
2.3. Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу........26
III Бөлім. Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері.
3.1. Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері......31
Қорытынды.....35
Қолданылған әдебиеттер...37
I Бөлім.Ақша-несие саясатының теориялық негіздеріне жалпы түсінік
1.1.Ақша-несие саясатының теориялық негіздері
Ақша-несие саясаты ретінде бәсекелестік және өндірістік үрдісті реттеу мақсатында ақша-несие саласындағы монетарлы биліктермен жүргізілетін өзара байланысты шаралар кешенін түсінуге болады. Шаралар кешенінің сипаты мен құрамы қоғамның экономикалық стратегиясымен және жалпы шаруашылық жағдайымен болжанады.
Өндірістік дамыған елдерде экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты белсенді түрде қолданылып жатыр. Бұл саясат, тарихи тұрғыдан алғанда, экономиканы реттеудің ең алғашқы формасы. Ақша-несие саясатының тиімділігі әр түрлі тұрғыда қарастырылады. Тарихи тұрғыдан алғанда, оның мүмкіншіліктері 1930 жылдардағы әлемдік экономикалық дағадарыстың уақытында танылған, сол кезде оның ролі қайта қарастырылған. Теориялық көзқарастан алғанда, оны зерттеу макроэкономикалық көрсеткіштердің ақшалай айналымдарына тәуелділігін көрсетті: айналыстғы ақша санының өзгеруі өндіріске, айырбасқа, тұтынуға, жалпы сұранысқа әсер ете алады. Эмпирикалық тұрғыдан алсақ, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция пайыз мөлшерлемесінің төмеңгі деңгейінде экспансиялық ақша-несие саясатымен жүргізілген, ал рестриктивті саясат оның дамуына жол бермейтін белгілерді көрсеткен.
Ақша-несие саясатының негіздемесі, оның стратегиялық және тактикалық анықтамасы, ең алдымен оның ішкі механизмдерін ашуын талап етеді. Ақша-несие саясатының теориясында екі ірі мектепті бөлуге болады – кейнсиандық және монетарлық.
АҚШ-тың экономикалық ғылымында белгілі аттарының көпшілігі кейнсиандықтарға тән,олар – П. Самуэльсон, Ф. Модильяни және Дж. Тобин. Олардың еңбектері экономика ғылымының негізін қалыптастырады. Олардың “жалпы теориясының” негізгі мақсаты - әрбір макроэкономикалық теория міндетті түрде ақша түрінде болатындығын дәлелдеу,осыдан макроэкономикалық талдаудағы ақшалай феноминінің маңыздылығы шығады.
Басқа концептуальды бағыт 1950 жылдарда қалыптасты. Оларды “монетаристер” деп атады,өйткені олар экономикалық белсенділіктің және инфляцияның ауытқуларын түсіндіруде ақшаның роліне көп көңіл бөледі. Бұл теориясының негізін салушы - әйгілі экономис М. Фридмен.
II Бөлім.Ұлттық банк - ақша- несие саясатын жүзеге асыратын орган
2.1. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”, “соңғы сатыдағы несие беруші” ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканың жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша-несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша Қазақсатaн Республикасының Ұлттық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
III Бөлім.Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері
3.1.Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері
АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі өзінің мәні жағынан басқа елдердің орталық эмиссиялық банктріне балама болып келеді, бірақ оның ұйымдастырылуында осы елдің федералдық саяси жүйесінің негізі жатыр.
ФРЖ өзінің құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердің орталық банктерінен өзгешеленеді.
ФРЖ-ні құру кезінде ескерілген негізгі критерийлердің бірі – жергілікті банктердің мүдделерімен санасу және басқарудың шамадан тыс орталықтандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нің құрылымы шығады: Орталық банк бір мекемеден ғана құрылмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесінің басшылығымен 12 регионалды резервтік банктерден тұрады. ФРЖ-нің құқықтық мәртебесі де ерекше: АҚШ үкіметімен және бүкіл мемлекеттік мекемелер жүйесімен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтік банктер формалды түрде мемлекеттік болып саналмайды. Өйткені олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебінен құрылған. Осыған қарамастан ФРЖ өзінің жетекші органдарының құрамы, қызметтері, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлері бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерінің қатарына жатады.
ФРЖ үш деңгейлі жұмыс органдарынан тұрады – Басқарушылар кеңесі; 12 федералдық резерв банктері; 6 мыңға жуық ФРЖ-нің мүше банктері. Одан басқа ФРЖ-ге екі комитет кіреді: ашық нарықтық Федералдық комитеті (АНФК) және Федералдық консультативтік кеңес.
Барлық ақша және банк жүйелерінің өзегі – ФРЖ-нің Басқарушалар кеңесі. Ол елдегі ақша және банк жүйелерін жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестің жеті мүшесін конгрестің мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкілеттік мерзімі – 14 жыл, әр екі жылда Кеңестің бір мүшесі ауысады. Бұл кеңес жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін, жоғары маман мүшелері болуы, тәуелсіз болуы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ақша,несие, банктер: Оқулық/ жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы.:Экономика, 2000.
2. Иришев Б.К. Денежно-кредитная политика: концепция и механизм. Алма-ата.: Гылым, 1990.
3. Көшенова Б. Ақша,несие,банктер,валюта қатынастары – Алматы.: Экономика, 2000.
4. Әкімбеков С, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров Экономикалық теория: Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана.:2002
5. Саниев М.С. Деньги,кредит,банки.- Алматы.: Алматинский коммерч.ин-т, 2000.
6. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/Под.ред.Е.Ф.Жукова.- М.:Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999.