Курсовая работа: Курсовая: Мемлекеттің басқарудың мемлекеттің құрылыным нысаны


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Государственное и муниципальное управление (ГиМУ)
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
34

ЖОСПАР 

 

КІРІСПЕ.................3

І МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ
1.1 Мемлекет нысаны, түсінігі және белгілері......6
1.2 Мемлекеттің басқару нысаны............10
1.2.1 Монархиялық басқару нысаны............12
1.2.2 Мемлекеттің екінші басқару нысаны – Республика.................................15
1.3 Мемлекеттің саяси режимі және белгілері........................................................18

ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ

2.1 Мемлекетің құрылым нысаны.......22
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері.........22
     2.2.1 Унитарлық түсінігі...................24
     2.2.2 Конфедерациялық түсінігі.....................25
     2.2.3 Федерациялық түсінігі...........................27

ІІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ...30

ҚОРЫТЫНДЫ......32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........34

 

  1.2.1 Монархиялық басқару нысаны.

 

 Абсолютгік монархияда мемлекеттің басшысы монарх болып саналады, оның қолында заң шығару, атқарушы және сот биліктері шоғырланады. Мемлекет аумағында онын билігі шексіз, ешқандай мемлекеттік тетіктермен шектелмеді, барлық министрлерді, сот, прокуратура органдарының басшыларын өзінің еркімен тағайындайды және босатуға құқылы. Монарх өзінін әрекеттері үшін ешқандай органдардың алдында жауап бермейді. Абсолюттік монархия құл иеленуші мемлекеттерде қалыптасып, феодалдық мемлекеттерде де кеңінен пайдаланылады, казіргі заманда да бар. Мысалы, (Бахрейн, Бруней, Вати-кан, Катар, Біріккен Араб Эмираты, Сауд Аравиясы, Оман). Тарихта Ресей І917 жылға дейін абсолюттік монархия болған. 
Конституциялық, (шектелген) монархияда мемлекеттік билік жүргізетін монархтын билігі мемлекеттік органмен, негізінде парламентпен шектеледі. Мысалы, Непал, Марокко, Ұлыбритания, Нидерланды, Жапония, Бельгия т.б. Осы мемлекеттердің конституциялары бойынша император, король мемлекет басшысы болғанмен, олардың биліктері заң шығару саласында билік жүргізу құқықтары шектелген. Бельгияда король мемлекет басшысы, министрлерді өзі тағайындайды, ал заң шығару қос палаталы парламент құзырында. Шектелген монархияда атқарушы билік премьер-министрдін қолында. 
Шектелген монархия дуалистік және парламенттік болады. Дуалистік (дуализм — лат. диаііз — екі жақты) монархияда (Кувейт, Непал) монархтың билігі заң шығаратын органмен шектелген, бірақ, заңға вето қою кұқы сақталады, ал басқа атқарушы билікті іс жүзіне асыруда еркіндік білдіреді, министрлерді өзі тағайындайды, үкімет монарх алдында есеп береді[6.38б.].
 Билік - монарх, парламент және үкімет болып белінеді. Дуалистік монархия негізінде абсолютгік монархиядан парламенттік монархияға өтудін негізгі сатысы.
Шексіз монархия - монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия -Шығыс деспотия (Египет, Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол  құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бүл шексіз монархия республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик XIV, Петр I, Екатерина II, Елизавета I, Фридрих II, Үдемі Сулейман монархиялары жатады. Людовик XIV мемлекетті 55 жыл басқарды (1661-1715). Оның "мемлекет деген мен" — сөзі бүкіл Европаға мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі (Бруней, Оман).
Парламенттік монархияда корольдің, императордың мемлекеттік билігі заң шығару және ажарушы билік жүргізу салаларында шектеледі. Монарх үкімет басшысы және министрлерді тағайындайды, бірақ олар парламенттің алдында жауап береді. Монархтың шығарған жарлықтары парламент бекіткеннен кейін ғана іске асады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе үкімет қызметін доғарады, немесе монарх арқылы парламентті таратып, қайтадан сайланады. Негізінде біріншісі үстемдік жасайды. Мысалы, Испанияда үкімет өзінің атқарған қызметі туралы Кортес алдында жауапты. Казақ хандығында парламентік манархия қалыптасқанын атап кеткен жөн.
Сол заманның «Билер кеңесі» өзінін, мемлекеттік мәртебесі бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған, көшпелі қазақ коғамының тұрмыс-тіршілігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі парламент және ең жоғарғы сот органы ханнын ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім кабылдауы «Билер кенесінін» құптауын талап еткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның кольшда шоғырланған. «Билер кеңесі» шығарған зандар мен шешімдерді хан іс жүзіне асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен кабылдағанмен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша «Билер кеңесінің» ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселелер бойынша тез арада шешуді талап ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл әрекеттер жасауға құкылы».
            Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның патшасы екінші кастаға жататын - критерилерге, ол брахмандардың айтқан ақылдарын және олар құрған Кеңесін сый-лауға тиісті. Патша брахмандардың жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң шығару немесе сот функция-ларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.
      Орта ғасырларда Европа мемлекеттерінде сословиелік —өкілдік монархиялар пайда болды. Европа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын: шіркеу кызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда - буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды кұрайтын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін күшейтіп заң шығару ұсынысын қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген эскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.

 

2.2.1 Унитарлық түсінігі 

 

Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [14.59б.]
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтан-дырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемлекеттің  орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Унитарлық мемлекеттер қатарына: Бельгия, Греция, Эстония, Қырғызстан Республикасы, Түркменстан, Украина, Армения, Жапония, Польша, т.б. жатады. Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді: конституция бірлігі; мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі; азаматтық бірлігі; құқықтық жүйе бірлігі; сот жүйесінің бірлігі; мемлекеттік рәміздерінің бірлігі; унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық органдарына бағындырылған) бөлінеді.
Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания, Италия, Дания, Финляндия) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы елінің кейбір аумақтарында автономиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керегінде өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал, Солтүстік Ирландияға аумақтық жартылай автономиялы құқық берілген, ол өзінің екі палатадан: қауымдық палата (52 мүшесі бар, олар 5 жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден), кабинеттен (премьерминистр бастаған 8 министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы билікті губернатор атқарады.