Жоспар
Кіріспе 3
І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ғылым ретіндегі теориясы мен әдістемесі 5
1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері 5
1.2 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері 8
ІІ Тарау Отбасының әлеуметтік мәселелері 12
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде 12
2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі 16
2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс түрлері 19
ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытуды жолдары 24
3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары 24
3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары 27
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 35
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Егер бір әйелден бала тууы үшін емделіп, азап шегіп жүрсе, керісінше кейбіреулер туылған бас тартып, бала тууы үйіне тастап кетіп, қоқыс салатын жәшіктерге, вокзалға қалдырып кетіп жүр. Ондай аналардың ауруханаға келіп, қалдырып кеткен баларын алуы өте сирек жағдай. 1917 жылдары төңкеріске дейін қазақтар арасында тастанды балалар және жетім балалар болмаған. Панасыз немесе жетім балаларды туған-туысқандары немесе перзент сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар жиі асырап, алып жүрді. Бұл жағдай кеңінен таралды.
Әлеуметтік қызметкер отбасына қызмет көрсетіп, сонымен қатар мемлекеттік саясат та өткізеді. Ол өзгермелі әлеуметік-экономикалық жағдайда нақты отбасылы көмек көрсетеді, әлеуметтік қызметкер белсенді түрде мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына қосылып, көп балалы отбасына және балаларға көмек көрсетеді. З.Ж.Жаназарова жазғандай, «бір жағынан әлеуметтік жұмыс қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамға және топқа көмек беруге бағытталған болса, ал басқа жағынан алғанда, әлеуметтік жұмыс индивидтер, бөлек топтар, қоғамдық, жеке және мемлекеттік мекемелер арасында сарапшы болып, маңызды роль атқарады».
Кейде әлеуметтік қызметкерден отбасына мынандай жағдайда шұғыл көмек талап етіледі: отбасында анасы мен баласын қорлағанда және күш көрсетіп, зорлаған жағдайда. Күш көрсетіп, қорлағанға: соққы, тұншықтыру әрекеті, жаралау, күйдіру, улы немесе психотропты заттарды қолдану және әдейі жүйке ауруына шалдықтыру жатады. Балаларға зорлық көрсету, ұру, қорлау сияқты жағдайлар орын алады. Ата-аналар баларына қатыгездік көрсеткен жағдайда оларды ата-аналық құқығын айырып, заң жүзінде жазалайды. Балалрды жетімдер үйіне және интернаттарға орналыстырады. Жәбірленген және сексуалды зорлық көрген адамдар ұзақ уақытқа дейін өз қалпына келе алмай, депрессияға қалады. Әлеуметтік қызметкерге қақтығысқа түскен отбасымен жұмыс істеуге тура келеді, мысалы, ерлі-зайыптылар үнемі ұрысқан немесе ажырасқан жағдайда. Ажырасуға ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкеспеуі, материалдық қиыншылықтар, бір-бірін алдау, соғу және сол сияқты жағдайлар себепші болады. Мінездерінің сәйкес келмеуі соншалықты, шы нында үйді түрмеге айналдырғаннан гөрі, жақсылықпен ажырасқан дұрыс. Әлеуметтік жұмыс қақтығысқан отбасында жеке, дара әңгімелесу, сұхбаттасу, топталған психотерапия немесе ойынды терапия жолымен өткізеді. [10]
2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс түрлері
Ата-аналар көңіл аударатын мәселенің бірі – отбасында бір не екі, немесе одан да көп бала болудың тәрбиесіндегі орны. Белгілі педагог А.С Макаренков отбасында жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу жеңіл екенін дәлелдеген. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір-бірімен санасу сияқты отбасы дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі жинақталады. Ағалы-қарындасты, інілі-сіңлілі бауырластар біріне-бірі көмектесіп, сүйеніш болу арқылы ұжымшыл ниетте, бір-бірлерінің кемшілігін көргіш, жақсы өнегесінен үйреніп өседі. Ал отбасындағы жалғыз бала менменшіл, өркөкірек, ішінара еңбекке құлқы жоқ, енжар жан болып қалыптасады. Мұндай балалар алдауға тез түседі, «алақаны ашық», керек болса жолдастарына қажет нәрсені үйінен тасып береді. Сөйтіп жүріп «қиын» балалардың ықпалына түсіп қалады. [15]
Қазақстанда қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізілуінің статистикалық сипаттамасы.
Педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс-жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын отбасында өскен балалардың 40-43 пайызы ішімдік орын алған ортада өскен балалардың 30 пайызы, жезөкшілік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана өсірген балалардың 12 пайызы «қиын бала» аталады. Оларға тән қасиеттер – дөрекілік, қатыгездік, қиқарлық т.б. жағымсыз мінездер.
Статистикалық көрсеткіш жасөспірім қылмыскердің құқық бұзушылық саласындағы белсенділігінің мықты екендігін айғақтап отыр. Республикадағы әрбір бесінші қылмыстың кәмелетке жетпеген балаусаның қолымен жасалуы ойланарлық жайт. Өткенге көз жүгіртіп шүкіршілік жасауға болатын шығар. Себебі 1991 жылы балалар жасаған қылмыс саны өзінің шарықтау шегіне жетіп 13 мыңды құраса, 1999 жылы бұл көрсеткіш 7 мыңға түскен. Бүгінде жасөспірімдер қылмысы 1995 жылмен салыстырғанда екі есеге азайып отыр. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мұндай жағымды ахуалдың бірқатар себебін алға тартады.
Бұған ықпал еткен бірінші жағдай көші-қонмен байланысты. Егемендікке қол жеткізген уақыттан бергі жылдары көптеген ұлт өкілдерінің өз Отандарына оралуының салдарынан Қазақстандағы 6 000000 200 000 балалар мен жасөспірімдердің саны 4 000000 900 000-ға дейін азайған. Яғни, мұндай кемудің балалар арасындағы қылмыстық көрсеткіштен көрініс табуы түсінікті. Ал, екінші себеп полиция қызметіне қатысты. Ішкі істер органдарындағы түбегейлі өзгерістің нәтижесінде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторларға белгіленген әкімшілік учаскедегі қылмыстық жағдайға жауапты болу міндеті жүктелді. Әрине, айтып өткен екі себептің жасөспірімдер арасындағы қылмысты тежеуге ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ балалар жасайтын құқық бұзушылықтың санының кемігеніне қарап марқаю оның шынайы бағасын бермегендік болр еді. Енді осы қылмыстардың мазмұнына үңіліп көрейік. Көрсеткіш азайғанмен бала санасының барған сайын зұлымдық, қатыгездік сипат алып бара жатқанын жазбай тануға болады. Сарапшылар соңғы кезде бас бостандығынан айырылғандардың ішінде адам өлтірген, зорлық жасаған , өзгенің денсаулығына қасақана ауыр зардап келтірген жеткіншектердің салыстырмалы түрде көбею үстінде екендігін жасырмайды. Айталық, соңғы 5 жылдың көлемінде адам жанын жаһаннамға аттандырған жендет жасөспірімдердің қатарына (бұған дейін 130 еді) 20 бала қосылып отыр. Бұл қылмыстардың әрқайсысының қандай қасапшылықпен жүзеге асқанын ескерсек, Қазақстан үшін аз көрсеткіш еместігіне көз жеткіземіз.
Қазіргі таңда бала санының өсуіне байланысты «қиын бала» санының көбейгені де дәлелденіп отыр. Дегенмен, бейресми деректер бойынша сарапшылар тұжырымы 2010 жылғы көрсеткіште қылмыс саны төмендейді деген болжамға саяды.[16]
Қиын баланы қоғамдық істерге икемдеу
Әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру кезінде төмендегілер маңызды орын алады:
• әлеуметтік емес тәртіп фактілерін анықтау және алдын алу, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
• мұғалімдерге, ата-аналарға кеңес беру, ол үлкендерге балалар мен жасөспірімдердің жас-жыныстық және жеке бастық-психологитялық ерекшеліктерін дұрыс түсінуге көмектеседі;
• педагогтар, оқушылар, ата-аналар арасындағы өзара түсіністік пен өзара әрекеттестіктің нығаюына әсер ету (тренингтер);
• әлеуметтік- педагогикалық проблемалар бойынша ата-аналар, педагогтар үшін кездесулер, «дөңгелек үстелдер», семинардар ұйымдастыру (салауатты өмір салтын насихаттау, құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер мен оларддың ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету);
• жасөспірімдер спорт секцияларына, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға тарту.