Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) зиянды өндiрiстiк фактор - әсер етуi қызметкердiң ауруға ұшырауына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
3) жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген, қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетi;
4) аннуитет шарты - сақтандырушыны шартта белгiленген мерзiм iшiнде пайда алушының пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi ететiн сақтандыру шарты;
5) кәсiптiк тәуекел сыныбы - өндiрiстiк жарақаттанудың және кәсiптiк аурулардың экономикалық қызмет түрлерi бойынша қалыптасқан деңгейi;