Курсовая работа: Әлеуметтік жұмыс теориясы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
27

Жоспар

 

Кіріспе    3
1. Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері    4
1.1 «Әлеуметтік жұмыс» ұғымының мәні және мазмұны    4
1.2  Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы    6
1.3  Әлеуметтік жұмыстың әдістері    9
2. Қазақстан Республикасындағы және РФ әлеуметтік  саланың қазіргі жай-күйін талдау    13
2.1 Білім беру саласындағы негізгі мәселелер    13
2.2 Денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалар    21
3. Әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталған шаралардың жүзеге асыру мүмкіндігі    27
3.1 Әлеуметтік саланы жетілдірудегі шетел тәжірибелері    27
3.2 Қазақсатан мен шетелдер арасындағы тәжірибе алмасудың тиімділігі    30
Қорытынды    33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі    34

 

1. Әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері

1.2  Әлеуметтік жұмыстың келіп шығу тарихы


 
Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Сонымен қатар, алғашқы рулық, тайпалық қауымдағы көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға және қоғам мүшелерінің бір – біріне рулық көмек көрсетуімен анықталған. «Әлеуметтік жұмыс» – бұл тарихымыздағы жаңа атау, жаңа прогресс болып саналады. Жалпы әлеуметтік жұмыс бірнеше мағынаға ие, мәселен адамдарға көмек көрсету – Ежелгі Римдік философтар «қайырымдылықтың қажеттілігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау» десе, антикалық философтар «құлдарға жанашырлық көз-қарас» деген. Әлеуметтік қолдау көрсету өзінің даму тарихында мұқтаж адамдарға көмек көрсетудің бірнеше формаларын қамтыды, яғни игілік істер жасау мен ұйымдастырылған әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесіне дейін. Сондай –ақ жеке және қоғамдық қайырымдылық түрлерімен жалғасып отырған. Игілік істер атқару, яғни мұқтаж адамдарға материялдық жағынан немесе ақшалай көмек көрсету. Әлеуметтік көмек көрсету өзінің тарихи даму жолында көптеген формаларды қамтыған. ІІІ ғасырда Месопотамияда Урнаму патшасы өз заңдарында әлеуметтік жұмыстың міндеттерін адамгершілік қайырымдылық деп жай атап көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, шын мәнінде оның қолданылуын қадағалап отырған. Б.э.д. VІ-V ғасырларда Грецияда қайырымдылықтың бірнеше түрлері болды. Сонымен қатар, Перикл өз қаражаттарынан мұқтаж адамдарға, науқастарға халық жиналыстарында театрларға баруға ақшалай көмек көрсетіп отырған. ХІХ ғасырға дейін әлеуметтік көмек мол қайырымдылық түрінде көрініс алды, құлдарға, кедейлерге жанашырлық таныту, оларға түрлі көмек көрсету, т.б. Сонымен қайырымдылық дегеніміз архайкалық кезеңнен бастау алған көмек түрі, әлі күнге дейін өз жалғасын табуда.[5]
Таяу және Орта Шығыстың ортағасырлық мемлекеттерінде әлеуметтік қолдау көрсету ислам шарттарына байланысты дамыды. Бұл діннің негізін салушы Мұхаммед, елші ретінде танылған. Ислам дінінің таралуының бастапқы кезінде-ақ елшінің атынан, кейінірек оның сахабаларының атынан әскери олжаның 4/5 бөлігі жауынгерлерге, ал 1/5 бөлігі мұқтаж жандарға таратуға берілген. Сонымен қатар, ислам дінін қабылдағандар Халифат қазынасына ондық – ушр төлесе, ал қабылдамағандар ауыр салық – харадж (егістік өнімінің 1/3немесе 2/3 бөлігін) төлеуге тиіс болған. Ислам дінінің сипатына жанашырлық, қайырымдылық және мұқтаж жандарға көмек сәйкес келеді. Онда қайырым мен қайырымдылық маңызды қасиет және Алланың атрибуты ретінде қабылданады. «Адамдарға кім қайырымдылық жасамаса, Алла да оған қайырымды болмайды» - деп Мұхаммед Пайғамбар үйреткен.[6]

 

2. Қазақстан Республикасындағы және РФ әлеуметтік  саланың қазіргі жай-күйін талдау
2.1 Білім беру саласындағы негізгі мәселелер

 

Әлеуметтік мәдени феномен 100 жыл бұрын қалыптасқан әлеуметтік жұмыс, мамандыққа айналып, жаңа бағытттармен, функция, технологияларын қалыптастырды. Ол бүгінгі таңда қоғам өмірінің әр түрлі салаларында жүзеге асырылады:
-    Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде;
-    Білім беру мен денсаулық сақтауда;
-    Спорттық, сауықтыру аймағында;
-    Ауылшаруашылық өндірісінде.
Әлеуметтік жұмыстың әр саласында адамға көмек көрсету мен қорғау мәселелері шешіледі, әлеуметтік жұмыстың өзіндік нормативті құқықтық және заңнамалық базалары бар.
Әлеуметтік жұмыстың басты идеясы ол оның мамандық ретінде қалыптасуы, халықты әлеуметтік қорғаудың тәжірибесінің жиналуы, өмірлік қиын жағдайда қалғандар мен адам құқығының идеялары болып табылады. Құқық қорғау, адамның қоғамдағы орның анықтау және оның әлеуметтік талаптардың негізіне сай келуі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады. Адамның негізгі құқықтары:
-    Өмір сүруге;
-    Еңбек етуге;
-    Кәрі шағындағы әлеуметтік көмек алуға;
-    Отбасын қорғау;
-    Жеткілікті өмірлік деңгейін қалыптастыруғақұқылы.
Сонымен қатар қызметкерлер мен кәсіби іс әрекеттің арасындағы шекараны анықтап алу мен адамның әр түрлі ұстанымдарының мәнің түсінуі, көмектің әр түрлі қоғамдық жүйелерін, сонымен қатар тек әлеуметтік қорғауды ғана емес әлеуметтік қызмет көрсетуді және адамды қажеттіліктен, кедейшіліктен, әлсіздіктен, шектеулі мүмкіншіліктерінен босату, проблемаларың өзі шеше алуына және қиышылықтарды жеңе білуге үйрету қажеттіліг туындады.
Әлеуметтік жұмыс білім беру жүйесінде өзіндік бағыт ретінде жаңадан қалыптасып, әлеуметтік жұмыскерлерді сол салаға барлық дәрежеде енді ғана бағыттауда. Әлеуметтік қызметкер тұлғаның әлеуметтенуі мен қалыптасуында белсенді түрде қызмет аиқаруда. Біздің елімізде білім беру саласында балалар мен үлкендерге өмірлеріндегі қиындықтарын жеңуге көмектесетін әлеуметтік педогогтар , әлеуметтік қызметкерлер еңбек етуде.
Әлеуметтік қызметкер негізінен отбасы және балалармен жұмыс істеу бағытындағы тәжірибелік іс- әрекет. Егер ата анасы кейбір себептермен баласына көмек беріп, оның проблемасын шеше алмайтын жағдайда болса,онда ол іспен әлеуметтік қызметкерлер айналысады.
Әлеуметтік қызметкер өмірде өз орның тапқан адамдарға да көмектеседі. Оның ең басты мақсаты: адамның қоғамдағы қабілетін қалыптастыру мен жақсарту, қоғамда мақсатына жетуіне жағдай жасау, мүмкіншеліктерін толықтай ашуға көмектесу. Әлеуметтік педогог та, әлеуметтік қызметкерде білім беру жүйесінде сенімді шешімдер қабылдайды. Әлеуметтік қызметкерді осы салада жетілдіру 2 бағытта қарастырылады. Бірі, тұлға проблемаларын шешуге бағытталса, ал екіншісі әлеуметтік қайырымдылыққа жету дәрежесін қарастырады.
Әлеуметтік жұмыстағы мамандардың іскерлігі мектепке дейінгі білім беру мекемелерде мына жағдайларға байланысты болды: біріншіден, олардың жас ерекшеліктері, ал екінші жағынан білім беру жүйесіне әлеуметтік жұмыстағы мамандардың іскерлігі мектепке дейінгі білім беру мекемелерде мына жағдайларға байланысты болды: біріншіден, олардың жас ерекшеліктері, ал екінші жағынан білім беру жүйесіне 3-7 жас аралығындағы балалардың сәтті қалыптасып, қажетті жағдайларды қабілеттерін аша білуі. Сол себепті әлеуметтік қызметкердің ең алғашқы көмегі ол мектеп жасына дейінгі балалардың мұқтаждықтарды, ата аналардың мүмкіншіліктері , әсіресе олардың ойын білім алуындағы проблемаларды,әлеуметтік және материалдық шығындарға төзе алуын қарастыру. Мұндай жағдайда әлеуметтік қызметкер бала тағдырының өзгеруінде, онымен прфилактикалық жұмыстар жүргізуде өзіне делдал немесе білім беру мекемесі мен отбасы, бала мен ата ана, бала мен тәрбиеші арасындағы комуникатор рөлін атқарады. Бұл әсіресе мектеп жасына дейінгі балалардың себепсіз сабаққа бармауында, бала жиі ауыратын болса, отбасында оған қатал қарайтын болған жағдайда маңызды болады. Егер жағдай білім беру мекемесі шегінен тыс болатын болса, онда әлеуметтік қызметкер басқа әлеуметтік институттарға хабар беру мүмкіндігі бар және оған құқылы. [13]
Балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне қосу кезеніңде ең бірінші оның дамуындағы физикалық, эмоционалдық,танымдық ауытқулар көрінеді. Мұндай жағдайда әлеуметтік қызметкер оған көмек ретінде медицна қызметкерлерді, психологтарды, әлеуметтік педоготарды, милиционерлерді ұйымдастыруы керек және осындай сәтсіздіктің белгілерін алшақтатуға болады. «Қауіпті топтағы» балалар санын азайтуға көмектесетін нәтижелі тәсілдердің бірі болып табылады. «Қауіпті топтағы» балалар саның азайтуға көмектесетін нәтижелі тәсілдердің бірі болып табылады. 3-7 аралығындағы балалар қатары «әлеуметтік дезадаптация» диагнозын алуалдында тұр. Мектептердегі әлеуметтік жұмыс- оқушылардың сәтті әлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді. Бастапқы білім алуындағы(1-4кл), негізгі жалпы (1-9кл) орта білім алуында қамтамасыз етеді. Әлеуметтік қызметкер мектепке дейінгі балалар сияқты, мектеп кезінде де балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, сонымен қатар отбасының мүмкіндіктері де қарастырылуы керек. Мұндай жағдайда ол әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға, отбасыға көмектесетін саясаткер және стратегтерге айналуы мүмкін. Оның қарауында оқушының сабаққа қатысуы, оқу үлгерімі, материалдық және әлеуметтік жағдайы , бірінші орында аз қамтамасыз етілген отбасылар, сонымен қатар мұғалімдерге, ата аналарына деген құқық болады. Мұғалімдер кедейшіліктің себептерін, ауытқушылықтарды, әлеуметтік сәтсіздіктердің белгілеріне қарсы тұруға міндетті емес. Әлеуметтік қызметкер оқушының отбасына барып, оқушының тұрмыс жағдайын, оның қажетттілік мен қайғысын біліп , мектеп тарапынан көмек көрсет уі керек, егер оқушының қабілеті болса онда оған материалдық көмек көрсеті керек.