МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Аз қалдықты технология ретіндегі биотонның болашағы мен экологиялық пайдасы 4
2 Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар 7
3 Қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде қойылатын экологиялық талаптар 9
4 Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру шаралары. 12
Қорытынды 15
Кіріспе
Республиканың орнық¬ты дамуын қамтамасыз ету үшін техникалық әлеует құру өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, су¬мен жабдықтауда, қала шаруашылығын басқаруда және кө¬лікте орнықты, экологиялық таза және экономикалық жа¬ғы¬нан тиімді аз қалдықты технологияларды енгізумен тікелей байланысты.
Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін рента¬бельді және қауіпсіз өндірістік схемаларды, қажетті ком¬му¬никативтік және ақпараттық құралдарды, сондай-ақ басқару мен есеп берудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, ұтымды табиғат пайдалану жүйесі жә¬не басқалар) үйлестіретін кешенді жүйелер болып табылады.
1 Аз қалдықты технология ретіндегі биотонның болашағы мен экологиялық пайдасы
Жылдан-жылға жер қойнауындағы мұнай қорының тапшылануы, жаһандық жылыну құбылысы және қалыптасқан әлемдік экологиялық ауыр ахуал көлік жанар-жағармайының балама түрін жасау мәселесінде адамзатты көптен бері тол¬ған¬дырып келе жатқан проблема екендігі белгілі. Қазір дүние жүзінің бірқатар дамыған мемлекеттері мотор жанар-жағармайының тиімді баламасы ретінде биоотын өндіруді шұғыл қолға алып отыр. АҚШ, Қытай, Жапония, Ұлыбритания, Канада сияқты алдыңғы қатарлы мемле¬кеттер биоэтанол шығаратын зауыттар салуда. Еуропалық Одақтың мәліметі бойынша 2010 жылға таман Еуропа тұтынатын жалпы отын көлемінің 12 пайызы биоотынның үлесіне тимек.
Озық аз қалдықты технологиялық мемлекеттер ден қойған бұл бағытта Қазақстан да алғашқы қадамдар жасай бастады. “Компания “Биохим” акционерлік қоғамы дәнді да¬қы묬дардан экологиялық таза жанар-жағар¬май түрін шығаруды қолға алды. Бұл тех¬нологияны қарқынды дамыту үшін Қа¬зақстанда мүмкіндік мол. Әсіресе, биоотын (БО) шығаруға қажетті шикізат жеткілікті.
2 Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Республикада өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда.
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады.