Жоспар
1. Азаматтық құкық туралы ұғым 3
2. Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері 5
3. Азаматтық – құқықтық мәмілелері 9
1. Азаматтық құкық туралы ұғым
Қазақстан Республикасының бір тұтас құкық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын — азаматтық құқык. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде калыптасып келе жаткан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен ретгелінетін құқык қатынастарының шеңбері кең.
Азаматтык құкығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқык теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз кажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категориянын, негізінде азаматтық құкығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құкық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабында 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық зандармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке катынастар реттеледі. Сонымен катар, мүліктік қатынастарға байланысы жок мүліктік емес жеке катынастар да азаматтық зандармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке катынастар мәнінен туындамайды.
2. Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
Азаматтық кұқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтык құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтык кодекс екінші Конституцияға теңестірілген.
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол — мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.
Мүліктік қатынастар дегеніміз—мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге ,беру) байланысты қатынастар. Баскаша айтқанда, мүліктік қатынастар — материалдық игіліктермен (мүлік, ақша, құнды қағаз, қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық катынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Муліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді — мүліктік катынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік катынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке катынастар.
мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдык меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.