Курсовая работа: Акционерлік қоғамнын жарғылық капиталы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика Предриятия
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
33

ЖОСПАР


КІРІСПЕ.............3

1 ТАРАУ. Акционерлік қоғамнын жарғылық капиталыНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1  Жарғылық капитал туралы түсінік..........5
1.2 Жеке капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы.....6
1.3 АҚ жеке капиталдарының қорлануы және инвестиция............11

2 ТАРАУ. АҚ «ТЫНЫС»  ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН
ТАЛДАУ
2.1 «ТЫНЫС» АҚ жарғылық капитал саясатын бағалау......14
2.2 «ТЫНЫС» АҚ активтік және пассивтік операцияларын 
басқаруды талдау..............24

ҚОРЫТЫНДЫ..............30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША  

КІРІСПЕ

Курстық жұмысымның маңыздылығы Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі АҚ қызмет өрісіндегі барлық АҚ жеке капиталын жетілдіру жолдары экономикалық жүйедегі орнымен анықталады.
Латын тілінен аударғанда «капитал» сөзі «басты» деген мағынаны білдіреді және ол экономикалық теориядағы  осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауылшаруашылық өндірістеріндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі айтылады, бірақ капитал деп кез – келген ақшаны айтады. Рас, қандай да бір капитал болмасын өз қазғалысын белгілі бір ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капиталы ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақша тауар айырбасынан Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды. 
Нарықтық қатынастың кез – келген субъектісінде қандайда болмасын өндірісті бастаудан оның ақша түрінде капитал болуы керек. Жеке капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер нарықтан өндіріс ресурстарын алу керек (шикі зат, материалдар, машиналар, жұмысшы күш және т.б).
АҚ жеке капиталы капиталдың экономикалық санатының бір түрі болып табылады. Ол несиелік мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие. АҚ ашу кезінде құрылтайшылар енгізген жеке капитал АҚ бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат болып келеді.

1.1  Жарғылық капитал туралы түсінік

Латын тілінен аударғанда «капитал» сөзі «басты» деген мағынаны білдіреді және ол экономикалық теориядағы  осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауылшаруашылық өндірістеріндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі айтылады, бірақ капитал деп кез – келген ақшаны айтады. Рас, қандай да бір капитал болмасын өз қазғалысын белгілі бір ақша сомасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның ақшамен және ақшаның капиталы ретіндегі айырмашылығы бар. Ақшалар өз бетінше капитал бола алмайды. Мысалы, егер ақша тауар айырбасынан Т-А-Т формуласымен қызмет көрсетсе, онда олар бұл жерде айналым қызметін орындайды. 
Егер ақшаларды құнды еселеу құралы ретінде қолданса, онда ақшалар капитал бола алады. Мысалы, А – Т – А', мұндағы А'  = А + ∆А, ал А'  = А +∆А, ал ∆А – бұл ақшаның алғашқы саласынан арта өсуі. 
Қоғамдық өндірістегі жеке капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезеңдерден өтті:
Физиократтар мектеп өкілдерінің айтуы бойынша, жеке капитал ауылшаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша жеке капитал бастапқы және әр жылға аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс әр жыл сайын өтеуге тиісті шығындарды айтады.
Классикалық мектеп өкілдерінің айтуы бойынша «капитал» ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну әрекеттерінен шығады. Жеке капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдерді пайдалану керек: пайданы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей – ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарларды өндіру, өңдеу және сатып алу мақсатына жұмсау. Жеке капиталдың басты қасиетті - өз иесіне табыс әкелу.

1.2 Жеке капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы

 

Нарықтық қатынастың кез – келген субъектісінде қандайда болмасын өндірісті бастаудан оның ақша түрінде капитал болуы керек. Жеке капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер нарықтан өндіріс ресурстарын алу керек (шикі зат, материалдар, машиналар, жұмысшы күш және т.б)

Ресурс – тауарларды сатып алудан жеке капитал қозғалысының бірінші сатысы басталады. Ақша капиталының өндіруші капиталға айналуы болады.

Ақша дегеніміз не? Ақша – ол баршаға бірдей эквивалеттік көрсетететін ерекше тауар. Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы жеке капитал қозғалысының процесіне: құндық өлшемдер, айналым құралдары, қазына мен жинақтауды құру құралдары, төлем құралдарын, әлемдік ақша ретінде қызмет атқарады.

Енді осы қызметтерге жеке – жеке тоқталып өтейік.

1. Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің ойша пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептеледі.

2. Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуы нәтижесінде делдалдық рөл атқарылады. Тауар сатуды жүзеге асырып, тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа тауарды сатып алады. Айналым құралы болып тек ғана нақты ақшалар болып табылады.