Доклад/Баяндама: Ақпаратқа құқық


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Право
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
4

«Ақпарат пен идеялардың еркін ағымы демократия түсінігінің өз негізінде жатыр және адам құқығын тиімді сақтаудың абсолюттік алғы шарты болып табылады. Ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және тарату құқығын қамтитын еркін пікір білдіру құқығына құрмет жоқ жерде, дауыс беру құқығын іс жүзінде жүзеге асыруға, адам құқығының бұзылуы туралы ашық айту мен сыбайласқан және тиімсіз үкіметті әшкерелеуге мүмкіндік болмайды. Ақпарат пен идеялардың еркін ағымын іске асыру кепілдігі үшін негізгі мәні мемлекеттік органдар ақпаратқа өздері үшін емес, алдыңғы кезекте халық үшін және оның атынан ие болады деген принципті мойындау», - Абдул Вахид Хан, Юнеско Бас директорының Коммуникация және Ақпарат жөніндегі орынбасары.
Егер тарихқа көз жүгіртер болсақ, онда ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету маңыздылығы 200 жылдан астам жыл бұрын Швецияда мойындалған болатын. Бүгінгі таңда білу құқығының маңыздылығы немесе ақпарат алу құқығы ғалымдардың, үкіметтік қызметшілердің және БАҚ өкілдерінің тұрақты талқылайтын тақырыбына айналды. Бірақ не бәрі он жыл ғана бұрын әлемдік тәжірибе бір де бір үкіметаралық ұйым ақпаратқа құқықты мойындамағанын көрсетті. Тек бертінгі жылдар кезеңінде ғана үкіметаралық ұйымдар, даму банктері және басқа халықаралық ұйымдар білу мәнін мойындап ақпаратты ашу саясатын қабылдады.