Доклад/Баяндама: АҚТҚ және ЖҚТБ деген не


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Биология
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
5

АҚТҚ және ЖҚТБ деген не


Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы
АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АҚТҚ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады.
Уақыт өте келе АҚТҚ-мен жұқпаланған адам жиі ауыратын болады. ЖҚТБ диагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.
ЖҚТБ – адамның иммундық жүйесінің бұзылуынан пайда болатын ауру. Иммундық тапшылық әсері салдарынан бір немесе бірнеше қауіпті аурулар дамуы мүмкін (пневмония, туберкулез, рак және т.б.), бұл аурулармен адам ағзасы күресе алмайды. 
АҚТҚ - ЖҚТБ-ның басты себебі болып табылатын індет. Егер жұқпаланған адамның қаны, шәуеті, қынап сұйықтары немесе ана сүті дені сау адамның қанына (инъекция, дене жарасы арқылы) немесе сілемейлі қабыншақтарына түссе, жұқпалану мүмкін. Тұрмыстық жағдайда жұқпалану мүмкін емес. 
Жұқпа жұқтырылған күнінен бастап ағзада өзінің бұзушылық жұмысын атқарады, иммундық жүйенің жасушаларын жаулап алады. ЖҚТБ диагнозы осы жасушалардың 80 пайызын бұзылуын білдіреді.
АҚТҚ жұқпасын емдеуге арналған дәрі-дәрмек әлі ойластырылып табылмаған. Бірақ бүгінгі таңда науқастың өмір сапасын жақсартуы және өмірінің ұзақтығына әсер ететін дәрі-дәрмек бар.