Жоспар
1. Ақшаның пайда болуы және мәні. 3
2 Ақша қызметі 4
3.Ақшаның қысқаша тарихы. 4
ә) “Алтын” ақша. 5
б) Ұлттық валюта. 5
4.Акша және инфляция 6
а) Инфляция дегеніміз не және оның түрлері. 6
б) Инфляцияға қарсы саясат 9
Пайдаланылған әдебиет: 12
1. Ақшаның пайда болуы және мәні.
Ақша адамға баяғыдан бері танымал. Ақша қалай пайда болуы және қандай тарихи жолды өтті?
Ақша- адамзаттың ұлы жаңалық тарихының бірі. Әрбір өркениет ақшаның өз түрін шығарған еді. Ақшаның рөлін айырбастауға ең тиімді тауар атқарды. Әлем халықтарында ақшаның рөлін әртүрлі тауарлар атқарды: тұз, мақта маталар, мыс білезіктер, алтын топырақ, жылқылар, сонымен бірге кептірілген балық та. Мысалы, ХV ғасырда Исландияда ақша ретінде кептірілген балық пайдаланды және бағалар осындай болды:
- 1 таға - 1 балық;
- әйелдер аяқ киімі - 3 балық;
- шарап кеспегі - 100 балық;
- май кеспегі - 120 балық.
Адамзат нарыққа қатысатын және әртүрлі мәмілелерді жасайтын барлық адамдарды қызықтыратын әмбепап ақша тауарын іздеді.
Көптеген ғасырлар бойы ең тиімді ақша тауары бағалы металлдар болды – алтын және күміс. Олардың артықшылықтары:
- біртектілігі;
- аз көлемімен де жоғары құндылығы;
- әртүрлі бөлшектерге жеңіл бөлінетіні.
Осы себептерден алтын мен күміс ұзақ уақытта әлемнің көптеген елдерінде ақша жүйесінің негізі болды және ғасырлар бойы “алтын”, “күміс” және “ақша” сөздері синоним болды.
2 Ақша қызметі
Ақша экономикада бірнеше қызмет атқарады:
1. Ақша – төлем құралы. Ақша ең алдымен, тауар айырбастауды жеңілдету үшін ойлап шығарылған еді. Ақша – бұл айырбастауға қатысатын адамдарға қажетті ерекшк тауар.
2. Ақша арқылы әртүрлі қажеттіліктер қанағаттандыры-лады, сондықтан ақша саудаға қатысушылардың арасында тауар айналымын жеңілдетеді. Ақша – айналым құралы.
3. Ақша – баға өлшемі және өлшеу бірлігі. Ақша – сатушылар мен сатып алушылар үшін тауар құндылығының бірыңғай өлшемі. Ақша баға жүйесінің өмір сүруіне есеп жүргізуге, кіріс пен шығынды снауға мүмкіндік береді.
4. Ақша – сақтандыру құралы. Ақша өз иесіне өмір игілігіне алуға мүмкіндікті ұзаққа созады. Ақшаны қажетті жағдайда пайдалану үшін жинауға болады.