Курсовая работа: Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Экономика
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
32

Мазмұны

Кіріспе    3
I АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ    4
1.1. Ақшаның пайда болуы    4
1.2.  Ақшаның түрлері    7
1.3. Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі мен қазіргі жағдайдағы дамуы    13
II АҚША АЙНАЛЫСЫ    17
2.1 Ақша айналысының сипаттамасы    17
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы    20
2.3. Ақшаның номиналистік теориясы және қағаз ақша айналысы    21
2.4 Ақша массасы және ақша базасы    23
III ҚАЗАКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША ЖҮЙЕСІ    27
3.1 Ақша жүйесі жөнінде түсінік    27
3.2 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және ұлттық валюта    29
Қорытынды    31
Қолданылған әдебиеттер    32

Кіріспе

“Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері” атты осы құрстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар  бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді. 
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша массасы мен ақша базасы туралы жазылған.

1.1. Ақшаның пайда болуы


Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының бір шама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысының зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызады.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі – зат, оны тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуа болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
 Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Нақты және абстракты еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі формаларын туғызды. Айырбас – бұл бір тауар өндірушіден, екінші біруіне жүретін тауардың қозғалысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал=бидай=балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әр түрлі тауарлардың бір біріне өлшеуіне ортақ негіз болуы қажет.


1.2.  Ақшаның түрлері


Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.
Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы болып табылады.
Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар қоса жүреді.
Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:
- алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.
- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.