«АЛПАМЫС БАТЫР» ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі:
… Астында Шұбар секірді,
Жазым болып кетер деп,
Үстінде бала бекінді,
Шынжыр арқан,темір тор,
Жүн- жүн болған секілді.
Тағы шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалап тұрған қалмаққа,
Жалғыз бала ұмтылды.
Енді қалмақ сасады,
Қақпаның аузын ашады.
Біріне бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың
Арт жағы келіп басады…
…Көк орданың басында,
Көк өзеннің қасында,
Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.
Біріне бірі ылағып,
Екі найза қағысты.