Жоспар
Кіріспе 8
1 Теоретикалық бөлімі 11
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы 11
1.2 Қолданыстағы объектіні басқару жүйесінің автоманттандырылуы және оның кемшіліктеріне сипаттама 18
2 Жобалау бөлім 23
2.1 Есептің қойылымы 23
2.2 Ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету 25
2.3 Техникалық құралдарға қойылатын талаптар 27
2.4 Ақпараттық жүйенің интерфейсін құру 29
2.5 Бағдарламалық қамтамасыздандыру 35
3 Жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу 39
3.1 Экономикалық тиімділігінің есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу 39
3.2 Жобаның экономикалық тиімділік көрсеткішін есептеу 40
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 45
Қосымша 46
1 Теоретикалық бөлімі
1.1 Пәндік аймақтың сипаттамасы
Ұйымның қызметі көбінесе құжаттаманың әр қилы жүйелерінде көрініс табады, бірақта әлде қайда кең тараған ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар болып табылады, олар басқарма органдарының атқарушы және өкімдік қызметінде қолданылады.
2001 жылы ақпанның 9 жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қаржы Министірлігінің Кедендік Комитеттің «Кедендік төлем және кедендік төлемді қайтару тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту» бұйрығы 2001 жылы наурыздың 5-де Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелінді.
«Кеден ісі туралы» Заңның 109 бабына сәйкес ұйымда келесі түрде кедендік төлемдер орындалады:
- кедендік баж;
- ҚР кедендік органдарының лицензия берудегі алымдары;
- кедендік ресімдеу бойынша маманға квалификациялық аттестат беру;
- кедендік ресімдеудегі кеден алымдары;
- тауарларды сақтаудағы кеден алымдары;
- тауарларды кедендік сүйемелдеудегі кеден алымдары;
- бастапқы шешімді қабылдау кезінде төлем ақы.
Кедендік заңына сәйкес кедендік төлем ставкалары үш түрге бөлінеді:
- адвалорлық – салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайыз бойынша есептеу;
- спецификалық (ерекше) – салық салынатын тауарлардың өлшем бірлігі (салмақ бірлігі, көлемі және т.б.) үшiн белгiленген мөлшерде есептелуі;
- құрамдас – кедендік салудағы аталған екі түрдің біріктірілуі (байланыстыру).
Кедендік тариф – ҚР кедендік территориясы бойынша әкелетін және бұл территориядан шығаратын (ҚР сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасына сәйкес жүйелендіру және топтастыру) тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкасының жинағы [6].
Кедендік баж ставкалары ҚР Үкіметі белгілейді, олар бірыңғай және өзгертулер енгізуге жатпайды, сонымен қатар, олардың ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен жағдайда күшіне енеді.
Қай мемлекеттен шыққаны туралы белгіленбеген тауарлар жөнінде кедендік баждың әкелу ставкасы екі есе өседі.
Тауар ретінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін, сонымен қатар жеке тұлғалардың тауарлары багаждарға сүйемелдемей, халықаралық пошталық жіберу және жүк арқылы өтетін тауарларды және көлік құралдарды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды тәртіп және мөлшерін ҚР Үкіметі белгіленген түрде төленеді.
Кедендік ресімдеуді дайындау орны мен уақыты кедендік іс бойынша нормативтік құқықтық акт арқылы анықталады.
Тауарларды кедендік қоймаларда және уақытша сақтау қоймаларда сақтау (олардың иелері ҚР органдары болып табылатын) үшін ҚР Үкіметінің белгіленген кедендік алымдары ставка бойынша төленеді.
Ал жеке тұлғалардың тауарларын кедендік қоймаларда және уақытша сақтау қоймаларда сақтау үшін кедендік ісінің сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың өкіліне келісілген мөлшерінде алымдар төленеді.
Кедендік органдардың кедендік қоймалар мекемелеріне, бос қоймаларына, уақытша сақтау қоймаларына, алымсыз сауда дүкендеріне, кедендік тасымалдаушы ретінде қызметін іске асыруға лицензия берілуі ҚР Үкіметінің белгіленген ставкасы бойынша алымдар төленеді.
Кедендік брокер, кедендік ресімдеу бойынша квалификациялық аттестат маманы ретінде қызметін іске асыруға құқығына лицензия берілуі ҚР Үкіметінің белгіленген мөлшерде алымдар төленеді.
3 Жобаның экономикалық тиімділігін негіздеу
3.1 Экономикалық тиімділігінің есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу
Жобаның табысты аяқталуымен белсенді құрастырылуы барлық қатысушылардың қызығушылықтарының арқасы, осылайша өз жеке қызығушылығын көрсетеді.
Инженер жұмысының жағдайын жасау прогресивті шешімдер қабылдауына ғана әсер етпейді, сонымен қатар олардың технико-экономикалық негізі, ол мынаны дәлелдейді, таңдалған нұсқа өте пайдалы және экономикалық белсенді екендігі.
«Экономикалық әсерлік» түсінігіне бірнеше анықтама бар. Соларға бірнеше анықтама келтірейік.
Экономикалық әсерлік – өндірістің шешімділігі, шаруашылық әрекетпен еңбек шығынының қорытындысы арасындағы арақатынас.
Экономикалық әсерлік – экономиикалық көрсеткіш, ақшамен есептегенде шығарылған өнім көлемінің шығаруға негізделген капиталды салымның көлеміне қатынасы түрінде есептелінген экономикалық көрсеткіш. Экономикалық әсерлілігі. Ұсынылған санының шығынынан өнімінің көлемінің аздығы әсерліліктің төмендеуін көрсетеді [6].
Қоғам өзінің сирек ресурсын әсерлі пайдалануға талпынады, яғни олардың шектелген ресурсынан өндірілген максимальді деңгейде қажетті тауарлар мен ұсыныстар алғысы келеді. Ал бұған қол жеткізу үшін, ол толық еңбекпен қамтамасыз ету, жағдай жасау және өндірістің толық көлемін қамтамасыз ету.
Есептеу мақсаты жоспардың экономикалық мақсатын анықтау және ақпараттық жүйені енгізуді анықтау болып табылады.
Есептеу процесінде жүйені құруға кеткен шығын бойынша мәлімет және ақпараттық жүйенің әсерлік өсуін көрсететін мәліметтер қарсы қойылады. Жүйе экономикалық тиімді болады, егер әсерлік көрсеткіші (капиталды салымның әсерлігінің есептік коэффициенті). Капитал салымдық әсерлігінің салалық нормаларына сәйкес келеді.
Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған әсерлігінің негізгі көрсеткіштері: