Реферат: Асан қайғы - дала данышпаны


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Литература
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
6

АСАН ҚАЙҒЫ - ДАЛА ДАНЫШПАНЫ

Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]
Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін зерттелмегендері қаншама десеңші.       
Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар. Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында (қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992 ж мемлекет қорғауына алынған. [3] 
«Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды.