Жоспар
Кіріспе 3
1 Талдау бөлімі 5
1.1 Ақпараттық ресурстарды анықтайтын негізгі ұғымдары 5
1.2 Ақпараттық ресурстардың қызметі 8
1.3 Ақпараттық нарықтың тағайындалуы 10
1.4 Техникалық қамтамасыз етудің сипаттамасы 13
1.5 «Кітапхана» деректер қорын құру жобасында қолданылған негізгі компоненттерді сипаттау 14
2 Жобалау бөлімі 18
2.1 Бағдарламалық қамтамасыздандыру 18
2.2 «Кітапхана» деректер қорын құру 21
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27
Қосымша 28
1.5 «Кітапхана» деректер қорын құру жобасында қолданылған негізгі компоненттерді сипаттау
Мәліметтер қорын таңдау кезінде қойылған талаптар:
- иілгіш, икемді орта;
- жалпыға ортақ, көпқолданушылық;
- жеңіл, әрі тез құрал;
- реляциялық.
Талаптарға сай келетін мәліметтер қорларының бірі таңдалған Microsoft Access 2000 мәліметтер қоры.
Microsoft Access 2000 мәліметтер қоры – Microsoft Windows ортасында ең көп қолданылатын реляциялық МҚБЖ. Microsoft Access – көптеген қосымшалар үшін мәліметтерді сақтау, сұрыптау және іздеуді қамтамасыз ететін дербес компьютерлерге арналған МҚБЖ. Access МҚБЖ-де кестелер, сұраулар,формалар мен есеп берулер құру үшін қолданушының графикалық интерфейсі (GUI – Graphical User Interface) көзделген; мәліметтер қорлары бар бапталатын қосымшалар құру үшін Microsoft Access макротілін немесе VBA (Microsoft Visual Basic for Applications) тілін қолданатын саймандық құралдар бар. Одан басқа, Access МҚБЖ-де қолданушыны сұрау-жауап режиміндегі сұхбаттық терезелер қатары арқылы өткізетін мәліметтер қорлары бар қосымшаларды қалыптастыру үрдістерінің көбісін жеңілдететін шеберлер (Wizards) деп аталатын бағдарламалар көзделген. Access МҚБЖ-де сонымен қатар қолданушыға синтаксисті дұрыс сөйлемдер, мысалы SQL тілінің операторлары мен макрокомандаларын қалыптастыруға көмектесетін конструкторлар (Builders) көзделген. Access МҚБЖ-сі әртипті SQL мәліметтер қорларына енуге ортақ интерфейсті қамтамасыз ететін ODBC (Open Database Connectivity – мәліметтер қорларына енудің ашық интерфейсі) стандартын қолдайды [10, 178б.].
Объектілер.
Қолданушы Microsoft Access-пен әрекеттесуді және мәліметтер қорларының қосымшаларын жобалауды бірқатар объектілерді қолдану арқылы жүзеге асырады.
- Кестелер – мәліметтер қорларын құрайтын базистік кестелер. Термнология бойынша Microsoft кесте (өрістер деп аталатын) бағандарға және (жазбалар деп аталатын) жолдарға ұйымдастырылған.
- Сұраулар қолданушыға әр түрлі жолдармен мәліметтер қорларын көруге, өзгертуге және талдауға мүмкіндік береді. Сұраулар сондай-ақ есте сақталып, формалар, есеп берулер және міліметтерге ену беттерінің жазбалар көздері ретінде де қолданылуы мүмкін.
- формаларды бірқатар мақсаттарға қолдануға болады. Мысалығ кестеге мәліметтер енгізу формасын құру үшін.
- есеп берулер мәліметтер қорында мәліметтерді баспаға шығаруға қажетті түрде көрсетеді.
- беттер (мәліметтерге ену) Internet-тегі немесе локальды корпоративті желідегі (ішкі жеідегі) мәліметтерді қарау және олармен жұмыс істеуге арналған Web-беттердің арнайы типі. Мәліметтерге ену беті сондай-ақ басқа көздердің, мысалы Microsoft Excel-ден мәліметерді қоса алады.
- макростар – нақты операция орындайтын, мысалы форманы ашу немесе есеп беруді баспаға шығару жалғыз әрекеті немесе әрекеттер тобы. Макростар көмегімен стандартты тапсырмаларды автоматтандыруға болады, мысалы, есеп беруді баспаға шығару қолданушының батырманы басу нәтижесінде орындалады.
- модульдер – біртұтас ретінде сақталатын VBA тілінің анықтамалары мен процедураларының жиынтығы.
Microsoft Access МҚБЖ-нің құрылымы. Microsoft AccessМҚБЖ-і автономды жүйе ретінде бір дербес компьютерде және желіде көпқолданушылық жүйе ретінде қолданыла алады. Access 2000 МҚБЖ-де мәліметтер қорларының екі машиналарының таңдау ұсынылады: Jet мәліметтер қоры машинасының бастапқы версиясы және жаңа – Microsoft Backoffice SQL Server-ге сәйкес келетін Microsoft Data Engine. Jet мәліметтер қорының машинасы кестелер, индекстер, сұраулар, формалар, есеп берулер сияқты қосымшаның барлық мәліметтерін ISAM (Indexed Sequential Access Method – енудің индексті-тізбекті әдісі) әдісін қолданумен ұйымдастырылған, .mdb кентарауы бар мәліметтер қоры файлында сақтайды.
2.2 «Кітапхана» деректер қорын құру
Осы бағдарламаны жасау белгілі бір тапсырмалардың орындалуын көздейді. Ең біріншіден, бағдарламаның қажеттігі туралы айта кеткен жөн. Әрбір кітап алатын студент туралы толық мәлімет алу керек. Оларды реттеу, тез тауыпалу, сұраныс және филтерлеу жасалу мақсатында осындай қормен жұмыс істейтін бағдарлама жобаланған. Мәліметтерді енгізу үшін деректер қоырн пайдаландым. Бағдарлама бірнеше формадан тұрады [28, 116б.].
Ұсынылған орталық деректер база серверінің операциялық жүйесі - Windows 2000 Server, сондай-ақ, Windows 2000 Professional.
Орталық офистің жұмысшы станцияларында тиімді операциялық жүйе болып, Windows 2000 Professional саналады.
«Кітапхана» деректер қорыны қолданушының АҚ-ның техникалық бөлімде берілген деректер базасының сервері, техникалық сипаттамалар, болуы міндетті:
- Pentium 4 2.4GHz;
- 1Gb Registered RAM;
- IDE или SCSI RAID уровня 1 или 10 объемом от 60 Gb;
- жалылай көшіру құрылғысы CDRW, DVDR мүмкін;
- ақаусыз энергия көзі.
Орталық офистің жұмысшы станциялары жай ғана минимальды сипаттамаларға ие жүйе болуы да мүмкін:
- Celeron 600MHz;
- RAM 128Mb;
- 1024x768 экран аумағы.
Жұмысшы станциялар мен филиалдардың минимальды ұсынылатын конфигурациясы:
- Celeron 600MHz;
- RAM 256Mb;
- HDD 20 Gb.
- Экран аумағы 1024x768
«Кітапхана» деректер қоры Delphi бағдарламалау тілінде мәліметтер қорымен байланыстыру мүмкіндіктерін қолдану арқылы құрастырылған. Delphi бағдарламалау тілінде мәліметтер қорын құрастыруға көптеген ұтымды жағдай тудырады: қажетті кесте құрастыруда оның құрылымын сипаттау, олардын арасында байланыстарды ұйымдастыру, қажетті ақпаратты сұраулар арқылы алу.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі 1 суретте ұсынылады. Бағдарламаның негізгі элементтері болып кестелер табылады - "Дипломдық жұмыстарды тіркеу" ақпараттық жүйесі өзара байланысқан, мәліметтер қорынын талаптарына сай құрылады. Мұнда Файл, Операциялар, Бағдарлама туралы мәзірлері бар.