Реферат: Балалар драматургиясы -Скачать


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Литература
Тип работы:
Рефераты
Количество страниц:
21

МАЗМҰНЫ


Кіріспе    3
1 Балалар драматургиясының даму  баспалдақтары    4
2 Балалар драматургиясындағы  тақырыптар мен образдар  жүйесі    10
3 Балалар драматургиясының зерттелу деңгейі    15
Қорытынды    20

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі жағынан кенжелеп қалған бір саласы - балаларға арналған драмалық туындылар. Жалпы қазақ драматургиясының тууы, дамуы және қалыптасуы дегенде, қазақ балалар драматургиясының өзіндік даму жолын, ерекшелігін сараптау қажеттілігі туады. Қазақ балалар драматургиясының бастау көздерін іздегенде, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне тірелеміз. Балаларға арналған сұрамақ, қаламақ, айтыс ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер мен аңыз әңгімелердің қазіргі балалар драматургиясының тууы мен қалыптасуына ықпал етті деуге негіз толық. Жаңа үрдіс бір күнде тумайды, ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрмен және ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани игіліктің негізінде дамиды. Ұлттық әдебиетіміздің рухани уызы - ауыз әдебиеті балалар драматургиясының да бастау көзі екені белгілі.
Балалар драматургиясы қазақ әдебиеттану ғылымында мүлде аз зерттелген, тіпті кенже қалған сала екені анық. Балаларға арналған драмалық шығармалардың зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалуы балалар драматургиясының кенжелеп дамуымен байланысты деуге де болады. Әйтсе де, қазақ балалар әдебиетіне, қазақ балалар драматургиясына арналған бірен-саран зерттеулер мерзімді баспасөз беттерінен орын алды. Балаларға арналған драмалық шығармалар оқулықтар мен хрестоматияға арнайы түрде кіргізілмесе де мектеп, балабақшаларда ертеңгіліктер мен мерекелерде жас жеткіншектерге жол тауып жатты. Әсіресе, балаларға арналған "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" сияқты газет-журналдар арқылы шағын пьесалар, мерекелік қойылымдар балаларға жетіп отырды.
Қазақ балалар драматургиясын кенжелеп туды десек те, оның тууы мен дамуына бағдар жасай отырып, балаларға арналған драмалық туындылардың қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің үлкен бір арнасы болып қалыптасқанына көз жеткіземіз.


1 Балалар драматургиясының даму  баспалдақтары


Балалар әлемі — өзіндік ерекшеліктері мол, күрделі де қызықты әлем. Сол әлемге еркін еніп, небір нәзік сыр-сипаттарды сезімталдықпен танып, зерделілікпен зейін салу, зергерлікпен бейнелеу — қаламгерлер қауымы   үшін үлкен сын. Одан өту үшін «Балалар жазушысы болып туу керек». Өйткені, балалардың ойлауында, дүниені тануы мен араласуында өзгеше сипат бар. Соны түсіну, әрі балғындар риза болатындай бейнелеу — шеберлік. Тегінде өмір, орта атты үлкен ұяда неше алуан нәрсе болуы мүмкін. Әдебиет соларды қалай көрсетеді, нені көрсетеді, дәуір, замана сырын қалай бейнелейді деген мәселенің әрқашанда күн тәртібінен түспеуі де сол себептен. Көзі жаңа ашылған қайнардың қай арнаға бет алуы — ағысты мөлдір өзенге ұласуы, немесе су аяғы құрдымға кетуі табиғаттың ықпалына байланысты. Оң-солын танып үлгермеген, өмірдің ұзақ жолына түсіп, жан-жағына аң-таң болып қарайлап келе жатқан бала үшін де әдебиеттің рухани-эмоциональдық әсері сол секілді ерекше. Қалыптасқан іргелі дәстүрдің тарихи-тәжірибесінен    тамыр алған әдебиеттің, реализм, романтизм әдебиетінің уақыт сырының нақты да тірі куәсіндей образдары балалар үшін шындықтың өзіндей нанымды, әрі ерліктің, патриоттық пен адамгершіліктің жан сүйсінер жайсаң   өнегесіндей. Өмірдің өзінен алынған өнеге қашан да өрендерді өрге бастаса керек. Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық — базарлық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек. Осы ыңғайда орыс әдебнетінің, шетелдердің прогресшіл бағыттағы озық, ойлы әдебиетінің де игі ықпалы болғанын атап айту жөн.

2 Балалар драматургиясындағы  тақырыптар мен
образдар  жүйесі

Балалар драматургиясын сөз еткенде, әрине оны бүкіл  драматургиядан бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені, бүкіл қазақ әдебиеті сияқты балаларға арналған пьесалардың да негізгі мақсаты —  адамдарның асыл қасиеттерін, рухани байлығын бейнелеу, Отанымыздың қуаттылығы мен ұлылығын мадақтау, жастарды соған баулып тәрбиелеу, не болмаса өмірімізде кездесетін ескілік атаулының барлығынан, жиренішті мінезден, арамдық пиғылдан әлі арыла алмай жүрген адамдардың теріс қылықтарын мейлінше әшкерелеп, одан жастарды бездіру, аулақтату.
Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс драматургиясында В. Губаревтің «Павлик Морозов», С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», «Қызыл галстук», Л.Гераскинаньң «Кәмелеттік аттестат», В. Розовтың «Оның достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың  аттарын  атауға  болады.
Қазақ  драматургиясы да балаларға арнап шығарма беруде құр қол емес. Ол соғыстан кейінгі жылдары балаларға тәрбиелік маңызы зор «Ыбырай Алтынсарин» (М. Акынжанов) сиякты тарихи такырыпка жазылған пьесасымен қатар «Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар туды. Соғыстан қейінгі жылдары бұлардан басқа да мектеп сахнасына арналған біраз пьесалар «Лениншіл жас», «Қазақстан «пионері» газеттері мен «Пионер» журналында жарық көрді.