Мазмұны
Кіріспе 3
1 Delphi программалау ортасы 5
1.1 Delphi программалау жүйесі 5
1.2 Delphi–дің артықшылықтары 5
1.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары. 6
1.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу . 11
1.5 Компоненттер 12
1.6 Delphi программалау ортасының графикалық мүмкіндіктері 15
1.7 Мәтінді шығару 16
2 Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа 19
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдеиеттер 23
Қосымша 24
1 Delphi программалау ортасы
Формалар терезесі болашақ бағдарламаны Windows – терезе жобасымен көрсетеді. Бастапқыда терезе бос болады. Дәлірек айтқанда Windows үшін интерфейсті элементтер – жүйелік менюді шақыру, максимизация, минимизация және терезені жабу, сызылатын рамкалар стандартын құрайды. Терезенің барлық жұмыс ауданы координата торының нүктелерімен толтырылған. Олар формаға орналасатын компоненттердің ретімен орналасуына қызмет жасайды. Ол нүктелерді алып тастау үшін келесі әрекеттерді қолдануға болады: Tools – Environment options командасының көмегімен, Display grid – алып тастау, Designer – қатпарлардың ішінен табылады. Бағдарламашы терезенің сыртқы көрінісін өңдеу кезегінде өзіне қажетті компоненттерді алып форма терезесіне орналастырады.
Объектілер ағашының (дерева) терезесі. Бұл терезе 6-шы версияда пайда болған және екпінді формада немесе мәліметтердің екпінді модулінде орналасқан бөлек компоненттердің арасын байланыстыру үшін арналған. Кез – келген компонентті шерткенде бұл терезеде форма терезесіне сәйкес компонент шығады және бұл компоненттің қасиеті объектілер инспекторының терезесінде бейнеленеді. Екі рет шерту Code Insight механизмінің жұмыс істеуіне әкеледі. Алдыңғы версияларда мұндай орын ауыстыруды Clipboard программа аралық айырбас буфері арқылы жасауға болатын.
Объектілер инспекторының терезесі. Формаға орналасқан кез келген компонент кейбір параметрлер жиынтығымен сипатталады (орналасуы, түсі, өлшемі). Кейбір параметрлерді, мысалға компоненттің орналасуы мен өлшемін, орналасуын бағдарламашы форма терезесінде өзгерте алады. Ал басқа компоненттерді өзгерту үшін объектілер инспекторының терезесі қолданылады. Ол терезеде екі қатпар бар: Properties (қасиет) және Events (оқиға). Properties беті компоненттердің қажетті қасиетін орналастыру үшін қолданылады, ал Events компоненттерге оқиғаға байланысты құбылыс, өзгеріс беру үшін қолданылады. Қасиеттер жиынтығы - компоненттердің түрін анықтайды. Яғни форманың жоғарғы сол жақ бұрышқа қатысты орналасуын, өлшемін, түсін, қаріптерін т.с.с. Оқиғалар жиынтығы – компоненттердің жұмыс режимін анықтайды. Яғни тышқанды шерткенде немесе клавишті басқандағы өзгерісі, экрандағы пайда болған кезеңі немесе терезенің өлшемін өзгерткендегі т.с.с.
Нысандар инспектор терезесінің әрбір беті екі бағаннан тұратын кесте түрінде көрінеді. Сол жақ бағанда қасиеттің немесе оқиғаның атауы, ал оң жақ қасиеттің нақты мәні немесе бағынышты программаның аты көрсетіледі. Кестедегі жолдар тышқанды шерту арқылы таңдалынады және қарапайым немесе күрделі қасиеттер жатады. Қарапайым қасиеттерге: жалғыз сандық, символдық мәнге ие қасиеттер жатады. Сипатталуы True немесе False.
2 Delphi ортасынның графикалық мүмкіндіктерін сипаттайтын программа
Курстық жұмысымда Дельфидің графикалық мүмкіндіктерін айқын көрсететін программа жазып шықтым. Ол программаның қызметі суретті слайд-шоу түрінде көрсететін мүмкіндігі бар программа. Программа іске қосқанда келесі терезе пайда болады (6 cурет):
Негізгі формаға кіреді:
1. Доп секіретін негізгі өріс.
2. Gravity және Friction саркп қыл сызғыш. Ол гравитация және қажалыс үшін жауап береді. Мәндер он балдық шкала бойынша таңдап алынады. 0 мәні гравитация немесе қажалыс жоқ туралы білдіреді.
3. Bounce батырмасы допка кезкелген жылдамдықты береді.
4. Defaults батырмасы гравитацияның және қажалыстың бастапқы мәндерін қайтарады.
5. Өріс бойынша тышқанның он батырмасын шертуімен контекстік меню шақырылады. Stop доптың жылдамдығын нөлге айналдырады. Pause доптың қозғалысын тоқтатады. Допты қозғалту үшін Pause батырмасын тағы шерту керек.
6. Егер доптың қозғалысы тоқтататын болса, онда төменгі он бұрышта "Paused” жазуы пайда болады.
Егер доптың кинетикалық энергиясы нөлге жақын болса, және ол өрістің төменгі шеқарасында жататын болса, онда ол автоматты түрде кез келген жағына кез келген жылдамдықпен секіріп кетеді.
Қолданушы допты өріс бойынша жылжы алады, ол үшін тышқанның сол батырмасы пайдаланылады.
Форманың терезесін Окно формы можно растянуть, либо развернуть во весь экран.
Бағдарламаның блок-схемасы 7 суретте көрсетілген.