Курсовая работа: Жас отбасының


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Социология
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
24

Жоспар

 

Кіріспе

І. Негізгі бөлім

1) Жас отбасының әлеуметтік- психологиялық негіздері

1.1 Жас отбасы әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде

1.2 Жас отбасының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері

1.3 Жас отбасының әлеуметтік мәселелері

2) Жас отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың бағыттары

2.1 Жас отбасының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру

2.2 Кеңес беру әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде

ІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

І. Негізгі бөлім

1) Жас отбасының әлеуметтік- психологиялық негіздері

1.1 Жас отбасы әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде

 

Бұрынғы ойшылдар отбасының табиғатын, мәнін анықтауда түрлі көзқарастарды ұстанды. Неке- отбасы қарым- қатынастарының сипатын анықтауға алғаш тырысқандардың бірі- ежелгі грек философы Платон. Оның пікірінше, отбасы дегеніміз- өзгермейтін бастапқы қоғамдық уяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болған.

Француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо: « Барлық қоғамдардың ішіндегі ең ежелгі әрі жалғыз табиғи қоғам- бұл отбасы. Сонымен, отбасы- бұл, керек болса, саяси қоғамдардың бейнесі, үкімет- әке тәрізді, халық- балалары іспеттес»,- деп жазды.

«Неке» және «отбасы» ұғымдары арасында тығыз байланыс бар.

Өткен кезеңдердегі және қазіргі заманғы әдебиеттерде «неке», «отбасы» сөздері синоним ретінде қолданылады, алайда бұл ұғымдардың ортақ жалпы мәні де, өздеріне ғана тән жеке мәндеріде бар. ғалымдардың дәлелдеуінше, неке мен отбасы әртүрлі тарихи кезеңде пайда болған.

Қазіргі социологтардың беретін анықтамасы бойынша, неке дегеніміз- әйел мен еркек арасындағы тарихи өзгеріп тұратын қарым- қатынастардың әлеуметтік нысаны. Осы нысан арқылы қоғам олардың жыныстық өмірін тәртіпке келтіреді және оған рұқсат береді, олардың ерлі- зайыптылық құқықтары мен міндеттерін белгілейді.

Отбасы дегеніміз- некеге  қарағанда күрделірек қарым- қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата- аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым- қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

 

1.2 Жас отбасының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері

 

Жас отбасымен  жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер үшін оның мынадай ерекшеліктерін білу маңызды:

  • Жас отбасы қалыптастыру сатысында болатындықтан, осының өзі оның әлеуметтік қолдауды қажет етітінін білдіреді;
  • Жас отбасы елеулі материалдық-  экономикалық қиындықтарға ұшырайды;
  • Төлем ақысының төменгі деңгейі, жұмыс орнын іздеу, тұрғын үй проблемасы және т.б;
  •  Жас жұбайлар жеке бас және кәсіптік өз орнын анықтау фазасында болады, бұл отбасы болуда қосымша қиындықтар туғызады;
  • Жас жұбайлар өздерінің жеке және өздерінің жеке және отбасылық мүдделерінің оңтайлы ара қатынастарын табудың, әрқайсысына тиімді отбасылық қатынастардың өз моделін табудың сатысынан өтеді,
  • Баланың дүниеге келуі жас отбасына материалдық әлеуметтік- психологиялық және тәрбиелік сипатындағы қиындықтарға кездеседі;
  • Жас отбасы өмірлік кезеңдеріндегі алғашқа дағдарыс жағдайының фазасын бастан кешіріп жатқандықтан жанжалдар болады, жас жұбайларда оны шешудің, бір келісімге келудің тәжірибесі жоқ болғандықтан, кейде ол өткірленіп, отбасының ыдырауына әкеп соғады;