Қаржы ақша - қаржы ресурстарымен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықта тауар ақша айырбасының өту мен және мемлекеттің дамуымен оның ресурстарды қажетсінуімен тығыз байланыста қалыптасты
... Қаржының қызмет етуінің шарты болып ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі болып мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қамтамасыз ететін ресурстарға деген қажеттік танылады.
...Бөлу және бақылау функциялары – бұл бір экономикалық үдерісінің екі жағы. Тек олардың бірлігі мен тығыз қарым-қатынасы арқылы ғана қаржылар құндық бөлу категориясы ретінде көріне алады.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асыратын құрал болып қаржылық ақпарат табылады. Ол бухгалтерлік, статистикалық және жедел есептіліктердегі қаржы көрсеткіштерінде көрінеді.
...Тұтыну саласында коммерциялық, бюджеттік ұйымдар, сонымен қатар аралас типті ұйымдар ерекшеленеді. Алғышарттарымен бірге, қаржының қолданылуының мүмкіндіктері бар. Олар қаржылардың экономикалық табиғатынан шығады. Бөлу категориясын қоғам өзінің мақсаттары үшін қолданады. Қаржыны және оның жекелеген элементтерін мақсатты түрде қоғамның мүддесіне қолдану қаржыны экономикалық категориядан шаруашылық жүргізудің экономикалық құралына айналдырады.
...Егер табыстың қалыптасу тәртібін, жағдайын және қорларды қалыптастыру қағидаларын қабылдау бағытын шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық мүдделерімен байланыстырса, онда ол өзгеруі мүмкін. Экономикалық ынта дегеніміз бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің материалдық мүддесімен байланысты құрал. Егер нарық жағдайындағы қоғамдық өндірісте қаржының белсенді ролі байқалатын нәтижелерге қаржыны саналы түрде пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Қаржы арқылы қол жететін нәтижелерді бағалау оны үш бағытта қарауға мүмкіндік береді:
1) қажетті қаржы кездерімен ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуі тұрғысынан;
2) ...