МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1.1 Азаматтық құқықтағы құқықтық қатынас субъектісінің жалпы сипаттамасы 8
1.2 Құқықтық қатынастардағы жеке тұлға ұғымы 14
1.3 Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі 39
1.4 Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы 63
2.1 Азаматтардың тұрғылықты жері 76
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану 79
2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары 81
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 88
1 ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕГІ РОЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
1.1 Азаматтық құқықтағы құқықтық қатынас субъектісінің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат – қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп, атап көрсетілген [1].
Осыған байланысты қандайда бір мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөліп, олардың құқықтық шеңберін кеңейтіп жан-жақты дамыған елдермен қарым-қатынасы арқылы жеке тұлғаның орны ерекше белгіленген.
Құқықтық қатынастар түсінігі жалпы құқық теориясының ең маңызды категориялардың бірі. Өйткені, құқықтық қатынастардың өзі құқықтық тетіктің сондай бөлігі болып табылады, онда құқық өзі реттейтін объектімен қосылады - әлеуметтік аямен. Құқықтық қатынастар нәтижесінде өте қыйын құқықтық құрылым пайда болады.
Құқықтық қатынастардың белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
Құқықтық қатынас – бұл қоғамдық қатынас, яғни адамдардың өз арасындағы қатынас. Құқықтық қатынастар адам мен заттың адам мен жануардың арасында болуы мүмкін емес (тiпті ол сол адамның меншігі болса да). Құқықтық қатынас тек осы объектілер арқылы пайда болуы мүмкін.
Құқықтық қатынастар заңды нормалармен тығыз байланыста өмір сүреді, олардың пайда болуындағы (соған қоса өзгертуге және тоқтатуға) нормативтік негіз (база) ретінде көрінеді. Сондықтан – құқықтық қатынастардың маңызды, бір алғы шарт есебінде болады (құқықтық субъектілерімен және заңды факторлармен қатар).
2 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КЕЙБІР МАҢЫЗДЫ МӘН-ЖАЙЛАР
2.1 Азаматтардың тұрғылықты жері
Заң бойынша азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылатындығы көрсетілген. Бұл заңның мағынасы бойынша азаматта тек бір ғана тұрғылықты жер болады.
Тұрақты тұру міндетті түрде ұзақ мерзім тұру мағынасын білдірмейді. Бұл бойынша белгілі жағдайларға байланысты азаматтардың белгіленген жерде тұруы маңызды болып табылады. Мысалы, жоғары оқу орнын бітірген жас маман белгіленген бір елді мекенге келгеннен кейін оның тұрғылықты жері оның оқыған жері немесе ата-анасының тұрғылықты жері емес, осы келген елді мекен болады [40, 116б.].
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық құқықтық әрекеттер азаматтық тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай түседі.
Азаматтық кодекстің 16-бабындағы “көбінесе тұру” түсінігі үлкен маңызға ие болады. Себебі азаматтың өмірі мен қызметі белгілі бір жермен тұрақты байланыста болмайды. Мысалы, геологтар, теңізшілер, балықшылар, құрылысшылар және т.б. мамандық иелері өмірінің көп бөлігін сапарларда, жүзулерде құрылыстарда тағы сол сияқты жерлерде өткізеді. Осындай жағдайларда олардың тұрғылықты жері де олардың көбінесе тұратын, яғни басқа жерлерге қарағанда көбірек тұратын жері танылады.
Әрбір 18 жасқа толған азамат тұрғылықты жерін өз қалауы бойынша таңдайды. Тұрғылықты жерді еркін таңдау халықаралық келісім шарттармен реттелген. Азаматтардың құқықтарының аса маңыздыларының бірі болып табылады.