Дипломная работа: Неке шартының пайда болуының алғышарттары мен құқықтық сипаты


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
60

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ    3
1 НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ    9
1.1 Неке шартының пайда болуының алғышарттары    9
1.2 Неке шартының құқықтық сипаты    16
1.3 Шетелдердегі неке шартын қолдану тәжірибесі    29
2 НЕКЕ  ШАРТЫНЫҢ  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕРІ    37
2.1 Неке шартын жасасу тәртібі    37
ҚОРЫТЫНДЫ    55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:    60

 

1 НЕКЕ ШАРТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТЫ
1.2 Неке шартының құқықтық сипаты

Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» заңына сәйкес, «некеге тұрушы адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiн айқындайтын келiсiм неке шарты деп танылады» [6].
Неке шарты немесе неке контрактісі, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүдделерін ескере отырып, сот тәртібінде мүлікті бөлісу туралы даулардың туындауын алдын алу мақсатында жасалынатын келісім.
Бұл келісімнің пәні ретінде ерлі-зайыптылардың тек мүліктік қатынастары болуы мүмкін. «Неке және отбасы туралы» заң осы аталған мүліктік қатынастарды шарттық және заңды режимде  регламенттеп, анықтап береді. Бұндай құқықтық қатынастарға шарт туралы азаматтық құқықтың жалпы ережелері қолданылады. 
Неке шарты отбасы құқығында салыстырмалы түрде жаңадан енген институт болғандықтан, бұл саладағы нормаларды жүзеге асыруда туындайтын құқықтық мәселелер қатары аз емес. Бұның бірден бір көрсеткіші бүгінгі таңда ерлі-зайыптылармен жасалынған неке шарттарының саны. Шынымен де, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің шарттық режимінің нақты заңнамамен регламенттелмеуі бірқатар даулы мәселелер тудырады. Неке шартының мазмұны аталған құқық саласының көптеген мәселелерінің жиынтығын құратыны да бірталай.
Кез келген шарттың, соның ішінде неке шартының да, мазмұны ретінде тараптар өзара келісілген талаптарының жүйесін қарастырған жөн. «Неке және Отбасы туралы» заңында белгіленген неке шартымен қарастырылуы мүмкін талаптарының мәселесі де ашық қалады. Заң ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты кез келген мән жайларды қосуға құқық береді. Ерлі-зайыптылар заң талаптарын ғана сақтай отырып, аталған келісімге өздері қалаған талаптарды белгілеуге құқылы. Сондықтан, неке шартын кешенді сипаттағы мәміле ретінде қарастырған жөн [7, 38б.].
«Неке және Отбасы туралы» заңның 40-бабына сәйкес, «ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы» [6]. Заңмен бекітілген құзырет шарт тараптарына меншіктің кез-келген режимін таңдай отырып, оған өз бетімен өзгерістер енгізуге құқық береді. Егер ерлі-зайыптылардың некеге тұрудың алдында немесе некеде болу кезінде олардың біреуіне сыйға берілген, мұрагерлік тәртіппен не басқа да мәміле жасау арқылы тегін алынған мүлкіне бөлектелген және үлесті режимді орнатудың заңдылығына дау туындамаса, меншіктің бірлескен режиміне қатысты бұл мәселе заңгер ғалымдар арасында керісінше, даулы болып табылады.

2 НЕКЕ  ШАРТЫНЫҢ  ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕРІ
2.1 Неке шартын жасасу тәртібі

Азаматтық құқық тұрғысынан алғанда, неке шарты некеге қосымша ретінде келеді. Қосымша шарт пен негізгі шарттар арасындағы бұндай бөліністің мәні – қосымша шарт негізгі шартқа тәуелді болып келеді және керісінше, негізгі шарттар қосымша шарттардан тәуелсіз болады. Сондықтан, қосымша шарттардың жарамсыздығы негізгі шарттардың заңды әрекет етуіне әсер етпейді.
Жоғарыда айтылғанға сай, некені құру неке шартынсыз да жүзеге асырыла алады. Неке шарты неке бұзылғаннан кейін өзінің заңды күшін жоғалтады да, жарамсыз шарт ретінде танылады. Некенің бұзылуы неке шартының әрекетін, некені бұзу кезінде ерлі-зайыптылар арасында мүлікті өзара бөлісу туралы ережелерінен қоспағанда, тоқтатады. Ал неке шартын жарамсыз деп тану некенің жарамсыздығына әкеп соқтырмайды, неке шартының бұзылуы некенің бұзылуына негіз болмайды.
Сонымен, неке шарты неке құру туралы келісімге міндетті емес, қосымша ретінде ұйғарылады.
Неке шартын азаматтық құқықтық шарттардың қандай да бір түріне, соның ішінде аралас шарттарға жатқызу дұрыс емес сияқты. Азаматтық құқықтық қатынастарға көбіне тауар-ақшалық сипат тән болса, неке шартына бірлесіп тұрудың тиімді жағдайларын белгілеу тән болады. Неке шартының мақсаты тек ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігінің режимін анықтау деп түсіну, шындығынан әлдеқайда тарлау.
Неке шарты – азаматтық құқықтық сипатқа ие, өзіндік ерекшеліктері бар, азаматтық құқықтық шарттарға қойылатын талаптарға жауап беретін шарт. Болашақта жеке отбасылық-құқықтық шарттар институтының қалыптасуы мүмкіндігінен үміт үзбейміз.