Дипломная работа: Қазақстандағы саяси - құқықтық ой-пікірлердің дамуы мен қалыптасуы ерекшелiктерi


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Құқық
Тип работы:
Дипломные работы
Количество страниц:
72

УНИКАЛЬНОСТЬ: выше 50%

ЖОСПАР

КIРIСПЕ    4
1  ҚАЗАҚСТАНДАFЫ САЯСИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI    7
1.1 Тәуке хан және оның мемлекет, саясат және құқық жүйелерi саласындағы реформаторлық идеялары (XVII ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басы)    7
1.2 «Жетi жарғы» құқықтық мұрасы және көшпелі қоғамның саяси- құқықтық идеялары    17
1.3 Көрнектi қазақ билерiнiң Төле, Қазыбек, Әйтеке көзқарастарындағы әдiлеттi басқару және әдiлсот мәселелерi    28
1.4 Абылай хан және Бұқар жыраудың ұлтгық мемлекеттiлiкке көзқарасы (XVIII ғасырдың екіншi жартысы)    33
2 ҚАЗАҚСТАНЫҢ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫНА АЙНАЛУЫ КЕЗЕҢIНДЕГI САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ - ПІКIРЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ    37
2.1 Ресейдiң озық ойлы саяси социологиялық ой- пiкiрлерiнiң Қазақстандағы идеялық қозғалыстарға әсер етуiнiң күшеюi және арналары    37
2.2 Көрнектi ойшыл Шоқан Уәлиханов және оный саяси-құқықтық идеялары    45
2.3 Салық Бабажанов еңбектерiндегi ұлттық саяси прогресс және отаршылдыққа қарсы бағытталған мемелекеттiк-құқықтық даму мәселелерi    50
2.4 Абай Құнанбаевтың қазақ қоғамының саяси-құқықтық дамуына реформаторлық көзқарасы    53
3  XX   FАСЫРДЫҢ  БАСЫНДАFЫ  ҚАЗАҚТЫҢ  САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ - ПIКIРI    59
3.1  XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси - идеялық ахуал    59
3.2 Ресейдiң оппозициялық саяси партиялары және олардың Қазақстандағы саяси- құқықтық ой- пiкiрге тигiзген ықпалы    62
3.3 Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсыновтың саяси, құқықтық ой-пікірлері    65
ҚОРЫТЫНДЫ    69
ПАЙДАЛАНЫЛFАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI    71

 

1  ҚАЗАҚСТАНДАFЫ САЯСИ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

1.2 «Жетi жарғы» құқықтық мұрасы және көшпелі қоғамның саяси- құқықтық идеялары


«Жетi жарғы» өзiнiң баптарында «қылмыс» деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсiндiрiп, мәнiн ашып көрсетпейдi. Бекiтiлген нормаларда тек қазақ қоғамының әлеуметтiк практикасында жиi - жиi кездесетiн зиянды қимыл- әрекеттердiң аттары аталып, оларға қолданылатын жазалардың түрлерi көрсетiлген. Негiзiнде «Жетi жарғыда» мынандай қылмыстардың құрамдары берiледi: кiсi өлтiру, ұрлық, тонау, бүлiк шығару, әйелдiң ерiнiң көзiне шөп салуы, денеге, мүшеге зақым келтiру, әйелдi зорлау, әйелдi алып қашу, экзогамиялық табу, күйеуi бар әйелмен көңiлдес бoлyr тәңiрге тiл тигiзу, сияқты әрекеттердi жауапқа тартуды көздейдi. Қылмыс iстеген адамдарды қылмыскер деп танымайды, керiсiнше оларды «жын соққан», «перi соққан», «құдай атқан» деген мағынада бағалайды, қылмыскердi «күнәhар» деген ұғыммен алмастырып қарайды.
Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден басталған. Қылмыс субъектiсiнiң ақыл есi дұрыс, өз әрекеттерiне толығынан жауап бере алатын болуы шарт. «Он үш жаста отау иесi» деген сөз әр адамның әрекетiне жауап бере алатынының нышаны болса керек. Қазақтың қылмыстық құқығы мақау, есi дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған. Сонымен қатар, қылмыс субъектiсi болып құлдар саналмайды. Олардың жасаған әрекеттерi үшiн иелерi жауап бередi. Екi қабат әйелдер кiсi өлтiргенi үшiн де жауапқа тартылмайды, бiрақ олар елдiң қарғысына ұшырайды.
«Жетi жарғының» негiзгi талаптарының бiрi - жасаған қылмыстық әрекетiне сай жаза тарту, яғни (қанға қан, жанға жан). Бiрақ, «Жетi жарғыда» бекiтiлгенiмен онша дамыған жоқ, керiсiнше жаза қолданудың негiзгi формасы ретiнде мүлiктiк композиция қалыптасты. Құқық бұзүшылық тек жеке адамның iсi, яғни жәбiрленүшiнiң тiлек талаптарына сай болуына байланысты «барлық мәселелердi өздерi қүпiтар адамдар шeшeдi»/80/. Қорыта айтқанда, қылмыстан жапа шеккен адам, жәбiрленушi талионның орнына мүлiктiк композицияны талап етуге құқылы.


2 ҚАЗАҚСТАНЫҢ РЕСЕЙДІҢ ОТАРЫНА АЙНАЛУЫ КЕЗЕҢIНДЕГI САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ - ПІКIРЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Ресейдiң озық ойлы саяси социологиялық ой- пiкiрлерiнiң Қазақстандағы идеялық қозғалыстарға әсер етуiнiң күшеюi және арналары

Орыс және қазақ халықтарының достастық тамырлары тереңге кеткен және тарихи даму процестерiнiң ерекшелiктерiне байланысты әр кезеңде әр түрлі сипаттарға ие болып отырған.
Орыс халқының озық ойлы азаматтары өз халқын қанаушылық пен теңсiздiктен азат ету жолдарын қарастыра отырып, Ресейдiң ұлттық езгiнiң тепкiсiне түскен ұлттарға да жанашырлықпен қарады, отарлау, жаулап алу саясатына қарсы батыл үн көтердi. Мысалы, Н. Г. Чернышевский Ресей аймақтарында мекен еткен ұлттардың тарихи даму барысында прогреске жету қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне күмәнмен қарайтын ұлы державалық, шовинистiк тарихнаманың пиғылдарын қатаң сынға алып, олардың қабiлеттерi тарихи дамудың сатысымен тiкелей байланысты екенiн дәлелдеген eдi. Ол кейбiр орыс тарихшыларының «бiлiмдi ұлттардың өздерiнiң қоластындағы өркениетсiз халықтардың тұрмысын күш қолдану арқылы өзгерту құқына иe» деген көзқарастарын қатаң сынға алды [21, 64б.].
Патша өкiметiнiң қойған тосқауылдары мен кедергiлерiне қарамастан орыстың озық ойлы демократиялық мәдениетi қазақ қоғамына жол сала бастайды. Атап айтқанда, Ресейдiң гуманистiк, адамгершiлiк мағынадағы саяси социологиялық ой пiкiрлерi қазақ қоғамына ықпал етуi, идеялық қозғалыстардың қалыптасуына тигiзген әсерлерi бiрнеше арналар арқылы iс- жүзiне асырылды. Атап айтқанда, олардың жаршыларын ғылыми мағынада үш түрге белуге болады: Қазақстанға мерзiмiн өтеуге айдалып келiнген саяси революционерлер: Неплюев Орынбор және Сiбiр Омбы кадет корпусында оқыған қазақ жастарына дәрiс берген прогрессивтiк рухтағы оқытушылар; Орыс университеттерiнде жоғарғы бiлiм алған, саяси, рухани жағынан шыңдалған қазақ жастары. Мiне, негiзiнде осы үш арна арқылы қазақ қоғамына Ресейдiң және Еуропаның озық ойлы, прогрессивтiк мәдениетi, саяси социологиялық iлiмдерi жатты.
Ресей мен Қазақстанның идеялық жақындасуы мен қарым-қатынастарының күшейуіне бостандық үшiн, күрескен патша өкiметiнiң арнайы жарлығымен Қазақстанға жер аударылып келген саяси революционерлер өлшеусiз үлес қосты. Қазақ өлкесiнде әр жылдары декабристер, Полшадағы көтерiлiске қатысқандар, петрашевтер, халықшылдар, социал- демократтар белгiленген мерзiмдерiн өтедi. Қазақ жерiне айдалып келген саяси революционерлердiң саны режимге қарсы көтерiлiске шыққан, батыл үн көтерген халықтың санына байланысты болып отырды. Мысалы, 1863 жылғы поляктардың көтерiлiсiн басып жаншудан кейiн қазақ топырағына жүздеген қатысүшылар айдалып келдi. Атап айтқанда, 1885 жылы тек қана Орынбор губерниясында полицияның бақылауында 223 поляк болды .
Революциялық қозғалысқа қатысқандарды Қазақстанға жер аударуының нәтижесiнде әрбiр қалалар мен ауылдық жерлерде айдалып келгендердiң топтары пайда болды. Қазақстанға жер аударылғандардың қызметтерiн зерттеген ғалым В.З. Галиев мынандай сандардың қорытындысын келтiредi: XIX ғасырдың 80-шi, 90- шы жылдарының басында Петропавл қаласында олардың саны елуден асқан, Атбасар, Өскемен, Ақмола, Көкшетау, Семей қалаларьшда отыздан артық, Зайсан, Арал, Қазалы, Орда, Илецк, Риддер сияқты қалалардың әрқайсысында бестен он беске дейiн жер аударылғандар болған.

2.3 Салық Бабажанов еңбектерiндегi ұлттық саяси прогресс және отаршылдыққа қарсы бағытталған мемелекеттiк-құқықтық даму мәселелерi


Мiне, осыған байланысты Салық Бабажанов қазақ қоғамының Ресей мемлекетiнiң құрамына кiруiн, соның тiкелей әсерiнен көшпелi елге Еуропа мәдениетiнiң таралуын, орыс халқының азаттық бостандықты көксеrен озық- ойлы саяси iлiмдердiң енуiн тарихи дамудың заңдылық құбылысы деп таниды. Достастық, саяси-құқықтық қатынастары тереңге кеткен орыс және қазақ халықтарының ынтымақтастығын нығайту - Салық Бабажановтың саяси- құқықтық идеясының негiзгi өзегi. Осы мәселе хақындағы ойларын ол былай тұжырымдайды: «... Ордалықтардың құрметтiлерi мен беделдiлерiн Петербург пен Мәскеуге жіберерiп, солар арқылы империяның күш - қуаты мен жарқын жақтарын елге жайып, соның нәтижесiнде бiздiң халықтың ой түйсiгiн дамыған орыс жұртының мақсатымен жақындастырып, қараңғылық пен қатыгездiк алдында бiлiмдiлiк пен ақыл ой толысқандықтан, айтарлықтай айырмашылығы барын iс жүзiнде дәлелдеп көрсету...». Оның пiкiрiнше, қазақ халқының саяси - құқықтық дамуы Ресейдiң мемлекеттiк жүйелерiмен тығыз байланыста дамып, сапалы өзгерiстердi қабылдауы цивилизацияға жол салуға қайнар көзi. Тарихтың дамуынан кейiн шегiну, патриархалдық көшпелi өмiр-салтынан мүлдем ажырамауды Салық Бабажанов нағыз сорақылық деп таниды. «Бiз өтпелi кезеңде тұрмыз, - деп атап көрсеттi ол, барлық ақыл ой жемiсiнiң берген сәулесiн қабылдап алуға дайынбыз және соның соңынан бiр адым кейiн шегiнбеймiз дe». Ал, осы мақсатта өркениеттiлiктiң мәдени, саяси, құқықтық институттарын қабылдаудың ең негiзгi жолы орыс халқының жағымды iстерiн қабылдау, Қазақстанға бiртiндеп енгiзу болып табылады. Салық Бабажанов былай деп жазды: «... Бiлiм дәрежеге қарай орыс бiлiмiнiң күшiменен қаруланып, барлық өнep мәдениет, түрлі жаңалықтың бәрiмен айналысып жүргендiктен де бәрiн ұғынып, әлi де орыс өнерiн үйрене түсуге жаныммен шын ынталанып, орыс халқындағы барлық пайдалы iстердiң бәрiн өз тумаластарыма айтып, үйретуге дайынмын, өздерi дамымай және кедейлiктен тұралап қалған халқымның өмiр тұрмысын жақсартуға үлес қосқым келедi... бiздiң халқымыз үлгiлi iстер мен өнегелi өсиеттерге сондай мұқтaж.» [31, 107б.].
Бiрақ, Салық Бабажановтың ойынша орыстың озық ойлы, демократиялық, гуманистiк идеяларын енгiзу өзiнен өзi дамитын құбылыс емес. Ол мақсаттардың iске асырудың негiзгi жолы - қазақ халқын бiлiмге жаппай тарту, ағартушылықтың шамын бүкiл қазақ даласында жағу. Себебi, «далалық әдет- ғұрып салдарынан және даму дәрежесiнiң төмeндiгiнeн. Еуропа мәдениетiнен көп кейiн қалған қазақ қоғамын Батыс мемлекеттерiнiң санатына көтеру үшiн бiлiм қажет. Өз ойларын былайша қорытады: «Бiздiң түсiнiгiмiзше, ғылымның пайдасы мен оқудың жемiстерi қазiргi уақытта қай салада да шүбәсiз айқын болды, тiптi ол үй шаруасы мен дала жұмысынан басқа, ешқандай бiлiм меңгермеген, қарапайым халыққа да түсiнiктi. Ендеше, қалайша адам баласына мұндай пайданы ұқпау керек hәм қабылдамау керек, олар туғаннан қазақ болып жаралғанмен, тағдыр оларға дүние бiлiм алуға мүмкiншiлiк бepдi».


3  XX   FАСЫРДЫҢ  БАСЫНДАFЫ  ҚАЗАҚТЫҢ  САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ - ПIКIРI
3.1  XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси - идеялық ахуал

 

XX Fасырдың басында Қазақстанның тарихи өмiрiнде елеулi өзгерiстермен толы аса iр aлмaғaйьiп оқиғалар болған едi. Атап айтқанда, бұл кезеңде Қазақстанның барлық территориясы Ресей империясының iшкi отарына айналып, өзiнiң саяси, экономикалық дербестiгiнен айрылған орыс мемлекетiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде танылды. Бiрнеше ғасыр бойы ұлы далада қалыптасқан көшпелi цивилизацияның рухани, мәдени, саяси - құқытық жүйелерi дағдарысың шырмауығына маталумен қазақ қоғамында бұрын мүлдем беймәлiм болған құбылыстар орын тебе бастағаны Ресейдiң ықпалының айғағы болды. Атап айтқанда, орыс, шетел капиталдарының екеуi, өнеркәсiп ошақтарының пайда болуы, жұмысшы табының қалыптаса бастауы, қалалар мен поселкелердiң көбеюi т.б. құбылыстар қазақ даласына буржуазиялық қатынастардың алғашқы нышандарын таныта бастаған едi.
Ресей капитализiмiнiң кеңестiк шеңберiнде өсуi Қазақстанда тауар айналымының күшейуіне тiкелей жағдай туғызып, қазақ қоғамының өзiнде капиталистiк қатынастардың дамуына ықпалын тигiзедi. Әринеr бұл процестiң прогрессивтiк ықпалы болды. Жалпы алып қарағанда, Ресей империсының қазақ жерiн отарлау саясаты негiзiнде үш бағытпен жүзеге асырылды:
Экономикалық саясатпен, яғни салық салу жүйесi арқылы
жергiлiктi халықты қанау. Қазақ топырағында Ресей капиталының енуi негiзiнде сауда және өсiмқорлық капиталдың кең өрiс жаю арқылы iс- жүзiне асырылды. Орыс көпестерi мен капиталистерi қазақтардан малдың терiсiн, жүнiн және басқа өнеркәсiп шикiзаттарын өте төмен бағамен сатыға алып, ал қазақ қоғамына Орталық Ресейдің өнеркәсiп орындарының өте төмен сападағы тауарларын жоғары бағаға сатуға дағдыға айналдырып, баюдың қайнар көзi ретiнде таныды.


ПАЙДАЛАНЫЛFАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI


17 Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси - құқықтық тарихы: Оқу құралы - Алматы: Ғылым, 2000.
18 Артыкбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации 
- Астана: Парасат әлемi, 2003.
19 Абиль Е. История государства и права  Казахстана.  Курс лекций.  Кн. 3. - Караганда: Учебная книга, 2005.

25 Зиманов С.З. Древний мир права казахов и его истоки. - Алматы: Жетi жарғы, 2004. 
26 Бақтығожаев Ж.Ж. Қазақтың құқық жүйесі жайлы зерттеу: Заң ғыл. канд. дисс. автореф: 12.00.01. – Алматы, 2007.
27 Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы: Хрестоматия / Жалп. ред. З.Ж. Кенжалиев. - Алматы: Өркениет, 2004.