Курсовая работа: Мәтіндік информацияны өңдеу


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Информационные системы и технологии
Тип работы:
Курсовые работы
Количество страниц:
39

Жоспар

 

1. Мәтіндік информацияны өңдеу..........3

2. MS WORD мәтіндік құжат..........4

3. Символдарды форматтау..........9

4. WORD редакторында құжатты қағазға басып шығару..........16

5. WORD редакторында графиктерді қолдану..........21

6. Құжатқа суретті қою..........29

7. Word бағдарламасындағы формулалар редакторы..........32

8. Word редакторында кестелерді құру және өңдеу..........35

Әдебиеттер..........40

 

 

1. Мәтіндік информацияны өңдеу

 

ЭЕМ  мен  адамның  өзара  іс-әрекеттерінде  информация әртүрлі формада келтірілуі мүмкін. Экранда немесе сөз түрінде және тағы басқа мәтіндік информацияны өңдеуге болады...

...Бағыттаушы (курсор)  деп  аталатын  арнайы  белгі  мәтіннің қай жеріне әріпті қою, өзгерту немесе қай жерінен әріпті алып тастауға болатындығын көрсетеді. Стрелкалары бар пернелерді баса  отырып,  курсорды  мәтін  бабымен  жылжытуға  болады.

Терезенің  сыртында  қозғалған  кезде  курсор  терезенің  жақтауына тіреледі де, оны жылжытады. Әрине, бұл жағдайда монитор  экраны  орнында  қалады,  тек  кескінделетін  мәтін  өзгереді. Курсор төмен жылжығанда, мәтін экран бойымен жоғары жылжып төмен түседі.

Кейде  бірнеше  мәтіндермен  бірдей  жұмыс  істеу  керек  болады. Бұл жағдайда экранда бірнеше терезе бейнеленеді және әрбір терезеде өзінің мәтіні кескінделеді.

 

 

2. MS WORD мәтіндік құжат

 

...WORD редакторының экраны

Word  редакторының  терезе  элементтері  келесі  жолдардан тұрады:

— тақырып жолы;

— жатық меню;

— саймандар тақтасы;

— сызғыштар;

— жағдай жолы;

— айналым жолақтары;

— құжатты көру және өлшем деу режимдерінің саймандары.

...Оны  пайдалану  тышқан  тетігінің  немесе  соған  ұқсас  басқа сайманның  көмегімен  жүргізіледі.  Саймандар  тақтасы  белгілі бір команданы орындау, сол командаға сәйкес сайманның түрін тышқанмен басу арқылы орындалады.

Стандартты және Форматтау саймандары, саймандар тақтасында  орналасқан.  Бұл  екі  тақтадан  басқа WORD редакторында  бірсыпыра  әрекеттерді  атқаратын (Сурет  салу,  Көмек алу т. б.) саймандар тақталары орналасқан.

Терезенің негізгі элементінің бірі, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы (рабочая область) болып саналады.

“Құжатты ашу” сұқбат терезесінің мүмкіндіктері

“Құжатты ашу” терезесінің немесе Саймандар тақтасындағы сайманның белгісінің — қосымша мүмкіндіктері: ...

...Басқа форматтағы файлдарды ашу WORD  редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOS ортасының WORD сияқты басқа бағдарламаларда дайындалған форматы  бөлек  файлдарды  да  ашуға  болады.  Ол үшін  Файл-Ашу  (Файл-открыть)  командаларының,  Файл  типі  қатарында керекті типті таңдау қажет, немесе барлық файлдарды көруге болатын “Барлық  файлдар”  деген  қатарды  таңдап,  солардың ішінен қажеттісін таңдаса жеткілікті.

Құжатты сақтау

Мәліметті алғашқыда файлға жазып дискіде сақтау үшін:

1. Файл-Басқаша сақтау командаларын орындау немесе Ғ12 пернесін басу арқылы.

2...

 

 

3. Символдарды форматтау

 

...

“Абзац” терезесін ашқаннан гөрі әрі жеңіл, әрі жылдам. Бірақ маркер арқылы шегіністі өзгерту дәлдігі — 0, 25 см, ал терезе командасы арқылы кез-келген мәнді жылжытып алуға болады.

Сызғыштың сол жақ, оң жақ шетінде үшбұрыш тәрізді маркерлер  орналасқан,  олардың  орнын  ауыстыру  тышқан  көмегімен  орындалады.  Сол  жақтағы үшбұрыш  түріндегі  екі  маркердің  жоғарғысы — абзацтың  алғашқы  сол  жақ  шетін,  ал төменгісі — одан кейінгі жолдардың сол жақ шетін көрсетеді.

Бұл  екеуін  сызғыш  бойымен  бөлек-бөлек  орын  ауыстырып, қажет болса екеуін синхронды (байланысқан) түрде бірге орын ауыстыруға болады, ол үшін төменгі маркердің квадратын курсормен іліп алып, содан кейін қозғау керек. Оң жақтағы маркер бүкіл абзацтың оң жақ шетін белгілейді.

Интервалдар.  Абзацтың  алдындағы  және  соңындағы интервалдарды тағайындау...

 

 

4. WORD редакторында құжатты қағазға басып шығару

 

 

...•  Сыртқы түр=>Бетті белгілеу командасын орындау керек

•  Жеке бір беттің қағазда калай орналасатынын көру ұш ін,

Сыртқы  түр=>Масштаб  командасын  орындап  немесе  саймандар стандартты тақтасында орналасқан Масштаб сайманының түріне  басып,  олардың  нәтижесінде  қағаз  бетінде  объектілердің орналасуы жайлы толық көрініс алуға болады

•  Басқа көру режиміне өту үшін, Сыртқы түр — менюінің ішкі  командаларын  немесе  көлденең  жылжу  белдеуінің  сол жақ шетінде орналасқан көру режимдерін ауыстырып қосқыш сайман түрлерін қолдану қажет.

Мәтінді алдын ала көру режимі

 

Бұл  режимде  құжаттың  бір  немесе  бірнеше  беттерін  кішірейтілген түрде қарап шығуға және оған түрлі өзгерістер енгізуге болады. Мұнда құжаттың бірнеше беттерін көру барысында  мәтінді  оқу  немесе  жеке  графиктік  элементтерді  айқын белгілеу мүмкін емес. Алайда элементтердің өзара орналасуы жайлы  толық  мәлімет  алып,  төменгі  сілтеме  қатарларды байқап, артық кеткен бос қатарларды тез анықтауға болады...

 

...•  қажетті өзгертулер енгізілген соң, бұрынғы кішірейтілген бейнеге қайта оралу үшін, «үлкейту» сайманының түріне барып құжат бетін басу керек.

•  «Алдын  ала  көру»  режимінде  тұрып  құжатты  баспаға шығаруға болады. Ол үшін «Алдын ала көру» саймандар тақтасындағы «Баспаға  шығару»  сайманының  түріне  басу  жеткілікті,  бірақ  мұнда  баспа  параметрлерінің  ағымдағы  мәндері арқылы құжат толығымен қағазға шығарылады. Егер құжаттың бірнеше  беттерін  баспаға  шығару  керек  болса  немесе  параметрлерін  өзгерту  қажет  болған  жағдайда, «Баспаға  шығару» сұхбат  терезесін  ашу  керек.  Ол үшін  Файл=>Баспаға  шығару командасы орындалады.

Құжатты баспаға шығару

Құжатты  онымен  жұмыс  істеуді  аяқтаған  соң  баспаға жіберуге  болады,  яғни  мұндайда Word терезесіндегі  ағымды мәтін  толық  қағазға  шығарылады.  Құжат  толық  жөнделіп біткенінен кейін, Word терезесін ашпай-ақ қағазға басып шығаруға болады.

 

Құжатты баспаға шығару үшін келесі әрекеттер орындалады:...

 

...Көптеген баспаға шығару құрылғысы үшін басылымға қағаз жіберудің бірнеше варианттары қарастырылған. Қазіргі лазерлік баспаға шығару құрылғысының (принтерлердің) көбі қағаз беру  қобдишасымен  жабдықталған,  олар  сондай  ақ  қолдан қағаз  беруді  де  іске  асыра  алады.  Кейбір  баспаға  шығару  құрылғысы қағаз беріп тұруға арналған екі қобдишамен жабдықталған, сол себепті сапалы қағаз үшін бір қобдишаны, ал жай қағаз үшін басқасын пайдалануға болады. Осындай жұмыстарды іске асыру үшін құжатты алдын ала белгілі бір бөліктерге бөліп отыру қажет.

Баспаға шығару құрылғысына берілетін қағаз типін анықтау үшін келесі әрекеттер орындалады:

•  Бағыттауышты (курсорды) құжат ішіне орналастырып, басқа қағазға шығаратын мәтінді белгілеп алу қажет

 

•  Файл=>Парақ параметрлері командасын таңдау керек •  Бірінші  бет  тізімінен  алғашқы  бет үшін  керекті  қағаз типін анықтап алу қажет

...

 

 

5. WORD редакторында графиктерді қолдану

 

Word редакторы басқа бағдарламалардан графиктер енгізуге  және  өзінің  сол  тәрізді  график  түріндегі  көріністерін  тұрғызуға мүмкіндік береді. Мәтіндік құжат ішіне сыртта даярланған  графикті  ол  сыятындай  етіп  орналастыру үшін,  Енгізу =>Сурет (Вставка=>Рисунок) командасын орындап, ішінде сол сурет  орналасқан  файлдың  атын  көрсету  керек.  График  түріндегі (безендіру)  суреттерді  алдымен  алмастыру  буферіне көшіріп алып, соңынан барып оны бағыттауыш тұрған орынға буферден енгізу арқылы да орналастыруға болады.

Графиктерді орналастыру

 

WORD  сырттан  келген  графикті  мәтін  элементі  ретінде қарастырады.  График  бастапқы  құрылған  кездегі  көлемімен мәтінге  енгізіледі.  Егер  график  көлемі  мәтін  жолынан  ені бойынша  асып  кетсе,  онда  ол  сол  мәтіндегі  жол  еніне  қарай мөлшерін (масштабын) кішірейтіп орналасады. Графикті енгізу барысында  мәтін  қаталарын  орналастыру үшін,  автоматты түрде аралары ашылады. Құрамына график енгізілген мәтінге жаңа  қатарлар  қосу  барысында,  сурет  мәтінмен  бірге  төмен жылжып отырады...

 

...Бұл сұхбат терезесін ‘’Сурет салу’’ саймандар тақтасының сызықтың  бірнеше  түрі бейнеленген  суреттері  арқылы  шақыруға болады.

 

Дөңгелектер  мен  эллипстерді  саймандар  тақтасындағы  суреттері арқылы салуға болады. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған суретті басып, бағыттауышты бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның  сол  жағын  басулы  күйде  ұстап  тұрып,  эллипсті қажетті  мөлшерге  дейін үлкейтуге  болады.  Осы  әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де жылжытылып отырады, оны бір нүктеге бекітіп алу үшін салу барысында, Ctrl пернесін басып  ұстап  тұрса  болды.  Шеңбер  салу үшін,  оны  салу  барысында Shіft пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның да центрін  жылжытпай  бекіту  мақсатында, Ctrl және Shіft  пернелерінің екеуін де жібермей ұстап тұру қажет.

 

...•  Ұсынылған  нұсқаулар  арқылы  тұйық  аймақты  белгілі өрнекпен толтыруға болады. Ол үшін контекстік менюді ашып, Форматирование  обьектов  командасын  таңдап,  мониторға шыққан сұхбат терезесінен Заполнение парағын пайдалану керек.

Боялған  және  өрнектелген  дөңгелектер  мысалдарын көрсетуде болады.

 

Салынған  объектілерді  өңдеуге  болады.  Ол үшін  алдымен өзгертілетін  объектіні  белгілеп  алу  керек.  Белгілеу  элементті бағыттауышпен көрсетіп тұрып, тышқанды басу арқылы жүргізіледі (элементті құрайтын сызықты көсетіп тұрып “тышқанды басса  да”  дұрысырақ),  белгіленген  объект  шекараларында кішкене  квадраттар  пайда  болады.  Шекарадағы  осы  квадраттарды  бағыттауышпен  іліп  алып,  созу  арқылы  графиктік  элементтердің бейнелеу масштабын өзгертуге болады. Фигураларды  құрайтын  элементтер үшін  объектіні  белгілегеннен  кейін пайда  болатын  нүктелерді  жылжыта  отырып,  объект  пішінін түзетуге болады...

...Форматтардың сәйкес келуі

Басқа бағдарламалық ортада дайындалған мәтіндік файлды Word  редакторы  дұрыс  оқи  алмайды.  Сол  себептен  мәтіндер мен сәйкестілік болу үшін RTF форматын қолдану керек. Бұл форматта кейбір DОС бағдарламаларынан басқа мәтіндік бағдарламалардың барлығы жақсы түсінеді. Және олардың барлығыда  осы  форматты  бірдей  қабылдайды. RTF форматындағы файлдарды, Word редакторында  терілген  мәтінді  бөтен  форматқа айналдыруға, мәтінді қабылдауға арналған сүзулер, бағдарламаларды көшіруді жеңілдетеді.

Графиктік объектілерді енгізу

 

Көптеген  құжаттардың  құрамында  әртүрлі  безендірілген суреттер орналасқан. Word редакторында мәтіндік құжат ішіне алдын ала басқа бағдарламаларда дайындалған фирмалық таңбалар,  диаграммалар,  графиктер,  суреттер  сияқты  объектілерді енгізуге болады. Ол үшін меню жолынан Вставка-Рисунок командасын таңдау керек...

 

...Осы әрекеттер нәтижесінде көрсетілген сурет бағыттауыштың  ағымдағы  позициясына  қойылады.  Суреттің  алдындағы мәтінді  ұлғайтуда  немесе  өшіруде,  суреттің  орналасуы  автоматты түрде өзгереді. Мәтінмен жұмыс істеу барысында сурет

орны  өзгеріссіз  қалуы үшін,  суретті  кадр  ішіне  орналастыру

қажет.

 

Графиктік элементтерді графиктік объект ретінде пайдалану тәсілі,  негізінен  алғанда,  мәтінге  енгізілгеніннен  кейін  де  өзгертіле беретін суретті көрсетеді. Графиктік обьектілер әртүрлі.  Егер  компьютерде PhotoFіnіsh (Photoshop немесе Corel DRAW) графикалық редакторы орнатылған болса, онда PhotoFіnіsh-те  де (Photoshop не Corel DRAW, CorelCHATT немесе CorelPHOTOPAІNT бағдарламаларында) дайындалған графиктік  элементтерді  мәтінге  енгізіп  қоюға  болады.  Графиктік элементтердің  тек  сурет  болуы  міндет  емес.  Мысалы,  егер компьютерде MS Excel (немесе PowerPoіnt) бағдарламасы болса, онда мәтінге осы бағдарламаларда құрылған обьектерді де енгізуге болады.

 

 

6. Құжатқа суретті қою

 

 

Графикалық  бейне  дегеніміз  дискіде  графика  түрінде  бейнелейтін файл. Word редакторының құрамында суретті құратын  бірнеше  қосымша  бағдарламалар  орнатылған. Word  бағдарламасын  орналастырғанда  санаулы  суреттер  кітапханасын отырғызылады. Мысалы: ...

 

...Word құжатына суретті қосу үшін келесі әрекеттерді жасау керек :

1. Бағыттауыш  сілтемені  суретті  орнататын  тұсқа  әкеліп қою керек

2. Меню  жолынан  Вставка–Рисунок–Из  файланы  таңдау керек

3. Осы ашылған тізімнен қажетті суреті бар буманы таңдап алу керек

 

4. Сұхбат  терезесінің  ортасында  орналасқан  файлдар  тізімінен қажетті түрін таңдау керек ...

 

...Суретті жою үшін, оны белгілеп алып Delete пернесіне басу керек. Алмастыру және көшіру үшін:

•  Суретті бөліп көрсету қажет

•  Көшіру үшін,  Правка  менюынан  Копировать-ты  таңдау керек немесе Ctrl+C пернесін басу керек

•  Алмастыру үшін, Правка менюынан Вырезать-ты таңдап немесе Ctrl+Х  пернесін  басса  жеткілікті,  саймандар  тақтасындағы қайшыны алса да болады

•  Бағыттауышты суретті орнататын тұсқа әкеліп қою керек

•  Правка  менюынан  Вставить  командасын  таңдап  немесе

Ctrl+V  пернесін  басып,  саймандар  тақтасындағы  Вставить-ті алса да болады

Құжатта суретті құру

 

Word  редакторы  стандартты  суреттерден  басқа,  құжатта қалаған  суретті  құруға  мүмкіндік  жасайды...

 

...•  Объектідегі  сызықтың  қалыңдығын  және  стилін  өзгерту үшін, суреттің саймандар тақтасындағы сызықтың түрі немесе штрихін таңдау қажет.

 

•  Объектіге  жазуды  қосу үшін  саймандар  тақтасындағы Жазу пернесіне басып, осы сайманды керекті орынға орналас тырып, құжатты теру керек. Соңында тышқанды құжаттың мәтін терезесінің сыртынан кез-келген жерден басу қажет.

 

 

7. Word бағдарламасындағы формулалар редакторы

 

Word бағдарламасындағы формулалар редакторы (Редактор формул-Equatіon Edіtor) көмегімен құжат мәтініне математикалық формулалар мен нұсқауларды қолданудың мүмкіндіктерін береді. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын объектілерге  интегралдар,  матрицалар,  бөлшектер,  түбірлер,  көпмүшеліктер, т. б. жатады және олардың монитор бетіндегі сырт бейнелері,  баспадан  басылып  шығарылатын  көшірмелерімен бірдей болады. Формулаларды форматтау барысында қолданылатын  әріптер  мен  олардың  созылымы  баспа  қабылдайтын шрифтерге байланысты өзгертіледі.

Формулалар редакторын іске қосу

 

Word  ортасында  формулалар  редакторын  іске  қосу үшін, енгізу  бағыттауышын  мәтіннің  формула  енгізілетін  тұсына орналастырып, Вставка-Объект Mіcrosoft Equatіon менюі арқылы командаларды орындау қажет. Осы әрекеттен кейін, теңдеулер  редакторының  терезесі  пайда  болып,  сол  терезе  арқылы қажетті формуланы енгізуге болады. Егер енгізілетін объектілер тізімінде формулалар редакторлары жоқ болса, онда келесі әрекеттерді орындауға тура келеді:...

 

...Формуланы форматтау

Формулалар редакторының бағдарламасы формуланы даярлауда  әртүрлі  стильдерді  қолданады.  Нақты  стильді  қолдану енгізілетін  формуланың  түріне  байланысты  автоматты  түрде анықталады. Формуланың сыртқы түрі теңдеудегі кейбір символдар үшін  өзге  түрмен  сипатталуы  мүмкін,  бұл  жағдайда оларға басқа түр тағайындалады. Формулалармен жұмыс істеу барысында:

—  Белгіленіп  көрсетілген  объектіге  басқа  түрді  тағайындауға  болады.  Безендіру  түрін,  символдарын  белгілеп,  оларға басқа  түрді  Стиль (Style) менюіндегі  командалардың  көмегі арқылы тағайындауға болады;

 

— Жалпы түрдің сипатын өзгертуге болады. Басқа формуладағы символдар арасындағы бос орын, енін реттеуге болады.

 

 

8. Word редакторында кестелерді құру және өңдеу

 

Мәтіндік  редактормен  жұмыс  істеу  барысында  реттелген мәліметтерді  жиі  пайдалануға  тура  келеді.  Реттелген,  ықшам мәліметтерді сақтаудың қолайлы тәсілі кестелер. Кестелердегі мәліметтер  графиктік  без ендірулендерден  тұрады. Word редакторы  практикалық  есептердің  орындалуын  жеңілдететін, әртүрлі амалдар жиынын орындай алатын кестелерді ыңғайлы қолдану  жолдарын  ұсынады.  Кестелермен  жұмыс  істеуге арналған командалар кестені жасау және өңдеуді жеңілдетуге, сондай-ақ  ондағы  сақталынған  мәліметтерді  реттеу  мен  форматтауға мүмкіндік береді.

Кестелерді құру

 

Кесте құжаттық мәтіннің кез келген жеріне қойыла береді.

Тор сызықтарын бейнелеу және жасыру

Тор сызықтары кесте ұяларының мөлшерлерін белгілеп көрсету үшін  қол даналады.  Кесте-Торды  жасыру  командасы  тор сызықтарын  бейнелеп  көрсетуге  немесе  жасыруға  мүмкіндік береді. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни оны бірнеше рет орындау нәтижесінде монитордан тор сызықтары алынып  тасталса,  команданы  қайтадан  орындау  тор  сызықтарын қайтадан монитор бетіне шығарады.

Кестелерді алдын ала даярлау

Жұмыс  кезінде  жиі-жиі  мәліметтер  орналасқан  кестенің параметрлерін  өзгерту  қажеттілігі  туады. Word редакторында кестелерді  өңдеудің  көптеген  мүмкіндіктері  кездеседі.  Мысалы, ұялардағы мәліметтердің орнын ауыстыру және көшірмелерін алу, торлардың биіктігі мен енін өзгерту т. б.

 

...

Олардың  көмегімен  ұяшықтарды  жиектеу  мен  ішін  бояу, шрифт түрі мен түсін, торлардың мөлшерін олардағы мәліметке  сәйкес  автоматты  түрде  өзгертуді  жылдам  анықтауға болады.

Кестедегі авто формат командасын таңдағанда монитор бетінде кестені авто форматтау сұхбат терезесі ашылады. Алдын ала анықталған форматтар тізімінен қажетті форматты таңдаса, ол форматтың сыртқы бейнесі үлгі бөлігінде көрсетіліп тұрады.

 

Қолданылатын  форматтағы  әшекейлеу  элементтерінің  бірнешесін  қалдырып,  ал  кейбірін  өзгерту үшін,  Формат  менюындағы Жиектеу, Шрифт, Авто таңдау, Ішін бояу, Түсін командаларын  біртіндеп  белгілеп  шығу  керек.  Осының  нәтижесінде үлгі бөлігі де өзгертулерге сәйкес, өңгертулер форматы көрсетіледі.

 

 

Әдебиеттер

 

1. MІCROSOFT OFFІCE для WІNDOWS 95 в бюро. А. Колесников, В. Пасько.— Киев “BHV”, 1996.

.

.

.

8. Хакимова Т. Х. Решение экономических задач с помощью программы Clarіs Works. (Учебное пособие).— Алматы: КазГУ им. аль-Фараби, 1998.

9. Т. ХАКИМОВА. ПРАКТИКУМ ПО КУРСУ «ОСНОВЫ

ИНФОРМАТИКИ» (учебное пособие).— Алматы: Научно-издательский центр «ГЫЛЫМ», 2001.