Дополнительный материал: Жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Хирургиялық стоматология
Тип работы:
Дополнительный материал
Количество страниц:
29

Жоспар

 

1 Жалпы жансыздандыру............. 3

1.1 Жақ – бет аймағын жалпы жансыздандырудағы ерекшеліктер........... 4

1.2 Наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері........... 4

2. Хирургиялық стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру.............. 5

3. Хирургиялық стоматологияда жергілікті анестезияға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау.............. 6

4. Жергілікті анестезияның күшін арттырып, әсерін ұзартатын заттар............... 7

4.1 Инфильтрациялы анестезия.............. 12

4.2 Өткізгіш анестезиялар............... 14

4.3 Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар............... 23

 

 

1. Жалпы жансыздандыру

 

Хирургиялық операция кезінде ауыру сезімін жоюға бақытталған шаралардың жинағын жансыздандыру деп атаймыз.

Ауыру сезімін жою жолдарын зерттейтін медицина ғылым саласын анестезиология (гректің «а» – жоқ, aestesis – сезім, logus - сөз, ілім) дейміз. Анестезия терминін 1846 жылы Мортон енгізді. Анестезияға келесі талаптар қойылады: барынша ауыру сезімін жою, науқасқа қауыпсыз болу, хирургке мол ыңғайлы жағдай тудыру.

Қазіргі кездегі анестезиология жетістігінің арқасында жақ-бет аймағындағы барлық операцияларды толық жасауға мүмкіндік болып отыр.

Анестезия жалпы, жергілікті, аралас, болып бөлінеді. Аралас анестезияға жергілікті анестезия мен наркоз, жергілікті анестезия мен нейролептаналгезия, наркоз бен нейролептанагезияның түрлері кіреді.

 

 

1.1. Жақ – бет аймағын жалпы жансыздандырудағы ерекшеліктер

 

«Әрбір аурудың өзіне тән жансыздандыру тәсілі бар» және «жансыздандыру тәсілі операциядан ауыр болмауы қажет» деген жалпы қағидаға сүйене отырып жақ-бет аймағына қолданылатын жансыздандыру әдістерін белгілеу қажет.

 

 

1.2. Наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері

 

Наркоздардың клиникалық ағымы көптеген себептерге байланысты. Олардың ішінде: науқастың жалпы жағдайына, жасына, дертке, наркотиктерге, анестезиологтар мен хирургтардың өнеріне т.б.жағдайларға байланысты.

Бірақ, барлық наркоз түрлеріне тән жалпы клиника бар. Наркоздың жалпы үш клиникалық үш клиникалық кезеңі болады.

1) Наркозға ену: а) аналгезия фазасы; б) қозу фазасы.

2) Хирургиялық – бірінші, екінші, үшінші деңгейде жүреді.

3) Наркоздан шығу: а) операция бөлмесінде ояну; б) операциядан кейінгі ұйқы.

Бұл кезеңдер жақ-бет аймағындағы операцияларда осы тәртіппен өтуімен қатар бірнеше ерекшеліктері бар. Олар патологиялық процестердің анатомия – физиологиялық орналасуы; жақ-бет аймағының осыған байланысты өзгеруі; операция ерекшеліктері.

 

 

2. Хирургиялық стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру

 

Науқастың есі қалпында бола тұра, оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс-шаралар жергілікті анестезия деп аталады.

Операция болатын жердің ауырғанын сездірмеуге әрекет ерте кездерден-ақ белгілі. Мысалы, египеттіктер операцияның алдында теріні крокодилдің майымен сылаған, мемфис тасын сірке суымен араластырып теріге танып қойған. Орта ғасырларда теріге меңдауана араласқан май жаққан. Аталған әдістер жөнді нәтиже бермеген соң анестезия үшін механика, физика тәсілдері қолданыла бастады. Нерв талшықтарын қысу, мұз басып мұздату 16 ғасырда қолданылса, бертін келе 19 ғасырдың 70 жылдарында жергілікті анестезия үшін эфир, хлороформ, бромэтил жиі қолданылады.

 

 

3. Хирургиялық стоматологияда жергілікті анестезияға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау

 

Сезімтал нерв талшықтарына (афферентті) жанасқанда ондағы нерв импульсін тоқтататын дәрілерді жергілікті анестетик деп атайды. Олар кейде нерв сабақтарына, яки оны қоршаған тінге енгізілсе тағы бірде ерітінді, май күйінде кілегей қабыққа жағу арқылы әсер етеді.

Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын анестетиктер: новокаин, тримекаин, лидокаин, бенкаин және дикаин. Химиялық құрылымы жағынан олар екі топқа бөлінеді. 1. Күрделі эфирлер, 2. Амидтер тобы.

Күрделі эфирлер тобы. Кокаин өте улы болғандықтан қазір қолданылмайды.

Новокаин (пирокаин, аллокаин) күрделі эфирлердің хлорсутекті тұзы. Ол түссіз, иіссіз кристал. Суда (1:1), спиртте (1:8) оңай ериді. Хлорлы натрий изотоник ерітіндісінде (100') 30 минут қайнатып дайындауға болады. Новокаин сілтіде тез гидролизге ұшырайды. Улылығы аз, қолдануға ыңғайлы болғандықтан басқаларына қарағанда новокаин көбірек қолданылады. Инфильтрацияға 0,25-0,5-1,0 процент ерітінділері, жақ пен тіске өткізгіш, инфильтрация анестезиясына 2% ерітінді қолданылады.

 

 

4. Жергілікті анестезияның күшін арттырып, әсерін ұзартатын заттар.

 

Жергілікті анестезияны күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар (адреналин, норадреналин, вазопрессин) азғантай мөлшерде анестетиктерге қосылады.

Адреналин гидрохлоидінің 0,1% ерітіндісі. Бір реттік жоғары мөлшері тері астына жібергенде 1 мл, яки 16-20 тамшы. Адреналинді анестетикке – 1 тамшы. 100 мл анестетикке – 2-3 тамшы. Анестетикке қосылған адреналин тіндегі капилляр мен майда қан тамырларын тарылтып, анестетиктердің тез тарап кетуін баяулатады.

<...> Жақ пен жақ айналасының нервтенуі.

Тістер, жақ, ауыз бен беттің жұмсақ тіндері, көз, сезу нервтенуі түгелімен дерлік үшкіл нерв (5 жұп) арқылы жүреді. Үшкіл нерв  - аралас нерв, оның жуан түбіршегі – сезу, жіңішке түбіршегі – қимыл нервтері. (1 сурет).

 

 

 

1-сурет. Үшкіл нерв құрылысы: 1-үшкіл түйіні; 2-көз нерві; 3-...

 

 

4.1 Инфильтрациялы анестезия

 

Инфильтрациялы анестезия тіс жұлғанда, альвеола өсіндісіндегі шағын операцияларды, кілегей қабықты тілгенде, шағын қатерсіз өскіндерді алғанда, жараны алғаш хирургиялық емдеп-өңдеу кезінде қолданады.

Альвеола өсіндісінің бөлігін анестезиялауды плексуал инфильтрациялы анестезия дейді. Мұнда тіс өрімі жансызданады. Бұл тәсілдің мәнісі – дәріні өтпелі қыртысқа енгізгенде, оның борпылдақ шелге сініріп жақ сүйектің майда тесіктері арқылы кемікке жетіп, ондағы тіс өрімдеріне әсер етуіне негізделген. Үстіңгі жақта жиі, төменгі жақта сирек қолданылады. Оның себебі жақ сүйектердің құрылысындағы айырмашылыққа байланысты.

 

 

4.2. Өткізгіш анестезиялар

 

Инфильтрациялы анестезиядан өткізгіш анестезияның бірнеше артықшылықтары бар (С.Н. Вайсблат). Олар:

1. Инені бір шаншығанның өзінде –ақ аумақты анестезиялайды.

2. Жұмсалатын анестетик мөлшері аз.

3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине инфекция тарау мүмкіндігін болдырмайды.

4. Қабынған сүйек қабығынан инфильтрациялы анестезия жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш анестезиясында бұл кемшіліктер жоқ.

5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық анестезияға мүмкіндік туады.

7....

 

<...> Сыртқы (мұрын іші) тәсіл. Мұрын төменгі қуысы мен мұрын пердесі түбіне инемен анестетики жіберіледі немесе 2-3% дикаинмен суланған тампон қойылады.

Төменгі жақтың өткізгіш анестезиялары. Мандибуляр (төменгі жақ) анестезиясы. (7 сурет)

 

 

 

 

7 – сурет. Мандибулярлық жансыздандыру

 

(А.Е. Верлоцкий бойынша саусақсыз).

 

Нысана – төменгі жақ тесігі. Ол төменгі жақ бұтасының ішкі жағында орналасып, алдыңғы ішкі жағынан кішкене томпақ – төменгі жақтың тілшесімен қалқаланған. Орташа алғанда тесік жақ бұтағының алдыңғы шетінен 15 мм, артқы шетінен 13 мм, төменгі жақ ойығынан 22 мм, төменгі жақтың астыңғы қырынан 27 мм қашықтықта орналасқан...

 

 

4.3 Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар

 

Асқынулар жалпы және жергілікті болып бөлінеді.

Жалпы асқынулар: талу, коллапс, шок, аллергиялық реакциялар, анестетиктен улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады.

Талу – имдың қан айналысының бұзылуынан (анемиядан) аяқ астынан болатын жағдай. Оның себептері науқастсың хирургия аспаптарын, қанды, мамандардың қимылын көргеннен, алдағы болатын іс-шараларды ойлап қатты қорқуы. Бейімдейтін жайлар: қалжырап шаршау, ұйқы қанбау, жүйкенің жұқаруы, аштық, улану т.б.

Клиникасы. Бет қуқыл тартып көз қарауытады, әлсіреп басы айналып, лоқсып, құлағы шулайды, қол-аяғы мұздап, салқын тер шығады. Көзі аларып, қарашықтары ұлғайып науқас естен танып, қолдары еріксіз салбырап, орындықтан сырғып немесе құлап түсуі мүмкін.