Доклад/Баяндама: Бет күйіктері


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
10

Жоспар

 

1 Бет күйіктері.......... 3

2 Күйіктік шок. Этиологиясы мен патологиясы.......... 7

3 Күйік шоғын емдеу........ 8

4 Бас, бет және мойын күйіктерінің ерекшеліктері.......... 8

 

 

 

1 Бет күйіктері

 

Белгілі жетістіктерге қарамастан, соңғы екі онжылдықта күйген ауыр науқастардың емі клиникалық медицинада күрделі бөлімнің бірі болып саналады.

Термиялық жарақаттар патогенезі күрделі және толық зерттелмеген.

Терең және аумақты күйіктер кезінде барлық негізгі ағзалардың және жүйелердің морфологиялық қызметтерінің терең ауытқулары байқалады. Осы себепті өзара байланысты бұзылыстар клеткалық және субклеткалық деңгейде табылады да ондағы жүріп жатқан патологиялық процестерді анықтауын қиындатады.

 

<...> Термиялық факторлар әсерінен пайда болған барлық күйіктерді 4 дәрежеге бөледі.

I. Эпидермис жарақаттанады, тері ісініп әрі қызарып, аздап ауыру сезімі байқалады. 2—3 күннен кейін осы белгілер қайтады. Жарақаттанған эпидермис қабыршақтанып күйіктің беті өздігінен эпителиймен жабылады. Біраз уақыт күйген жерде дақ сақталады, кейін ол ізсіз жоғалады (46-сурет).

 

Беттің 1 дәрежелі күйігі.

II. Эпидермиспен бірге дерманың беткей қабаты жарақаттанады. Қызарған теріде сары мөлдір сүйықтық толған көпіршіктер пайда болады. Оның астында ашық-қызыл түсті ылғалды тін көрінеді. Жара 1—2 апта ішінде тыртықсыз өздігінен эпителиймен жабылады.

 

III а. Эпидермиспен қоса дерманың торлы және емізікті қабаты бүзылады, тек тер бездері және түк қапшықтары жарақаттанбай-ды.

 

2 Күйіктік шок. Этиологиясы мен патологиясы.

 

 

Термиялық жарақат әсеріне болатын организмнің біріншілік реакциясы күйік шоғы деп аталады. Ол дене беткейінің 15% алатын кең және терең күйіктерде пайда болады. Күйік шогы күйіктен кейін немесе бірнеше уақыттан соң шеткі қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде 4—6 сағат ішінде дамиды. Сондықтан оның клиникалық белгілері болмайды. Клиникалық көрінісі қосымша жа-рақаттанғанда, әсіресе тасымалдағанда болуы мүмкін. Патофизиологиялық және биохимиялық тексерулер күйік шоғының патогенезінің күрделілігін көрсетеді.

 

3 Күйік шоғын емдеу.

 

1. Афферентті импульсациямен күрес жүргізу (психоэмоционалдық тыныштықты қамтамасыз ету, нейролептиктер енгізу, аналгетикалық наркоз).

2. Оксигенотерапия.

3. Айналымдағы қан көлемін қалыпта сақтау.

4...

 

 

4 Бас, бет және мойын күйіктерінің ерекшеліктері.

 

Жалпы дене аумағының 3,1 2%-ін беттің беткейі қүрайды. Беттің жақсы иннервациясы мен васкуляризациясы, аурудың психикалық жағдайының нашарлығы, беттің үсқынсыздануы, II—IV дәрежедегі беттің оқшауланған күйігінде науқастың жағдайын нашарлатады. Бет әлпеті тегіс емес, терісі жұқа және әртүрлі аймақтарда қалыңдығы бірдей емес. Сондықтан бетте бір-біріне жақын аймақтардың өзінде күйіктің тереңдігі әртүрлі болуы мүмкін: беткей күйіктен терең күйікке дейін. Терең күйіктер беттің шығыңқы аймақтарында қас үстіндегі доғада, құлақта, мұрында, бетсүйек аймағында, ерінде, иекте кездеседі.

 

<...>  Тереңдігі әртүрлі болып терең тыртықтардың дамуымен жалғасып деформацияға ұшырайды (49-сурет).

49-сурет. Термиялық күйіктен кейін дамыған келлоидты тыртықтар және деформациялар.

Бұл мойынның теріасты бүлшықеттерінің жарақаттануына байланысты. Күйіктің ауырлығын жүздік (100) ереже арқылы анықтайды. Науқастың жасына күйіктің жалпы аймағын қосады, егер барлығы 101-ге тең немесе көп болса болжам нашар, 81 — 100 күмәнді, 61—80 салыстырмалы жақсы, 60 жақсы болады. Бұл ереже тек ересектерде қолданылады.