Жоспар
1 Тістің шығып кетуі.......... 3
2 Төменгі жақтың шығуы.......... 8
2.1 Емі. Гиппократ тәсілі.......... 9
1 Тістің шығып кетуі
Механикалық әсерлерден (құлау, соққы) жиі алдыңғы тістердің шығуы кездеседі. Тіс жүлуға арналған элеваторларды (тік, бүрышты) дұрыс, тиянақты қолданбаған жағдайларда тістің шығып кетуі кездеседі. Тістің шығып кетуі тістің альвеола ұяшығындағы орнының өзге-руі әсерінен периодонт талшықтарының толық немесе жартылай үзілуімен және қан тамыр-нерв шоғырының зақымдануымен қатар жүреді. Тістің шығып кетуі жеке түрде және тіс губірінің сынуымен альвеола өсіндісінің немесе төменгі жақсүйек денесі сынықтарымен үйлесуі мүмкін. Тістің шығуы толық жартылай және шегеленген түрлеріне бөлінеді,
Тіс жартылай шыққан кезінде периодонт талшықтарының бір бөлігі үзіліп, сақталған бөлігі әртурлі мөлшерде созылған жағдайда болады. Тіс әр түрлі бағытта қозғалуы мүмкін. Өз өсінен бүрылған кезде қан тамыр-нерв шоғырының бүтіндігі көбінесе сақталады. Тек кейбір жағдайларда тамырлар тромбозының әсерінен тіс үлпасы өлеттенуі мүмкін ...
2 Төменгі жақтың шығуы
Төменгі жақтың шығуы жарақаттан және туа пайда болған, жедел және үйреншікті, алдыңғы және артқы, бір және екі жақтық болып бөлінеді.
Төменгі жақ екі жағынан шығып кеткен кезде ауызды жабу мүмкіншілігі болмауынан науқас шағымдарын дәрігерге жеткізе алмайды. Тек ымдау, бет қимылдары арқылы ауыру сезімі бар екенін, көп мөлшерде сілекейдің ағуын түсіндіреді. Қарап тексергенде бет конфигурациясы оның төменгі бөлігінің үзаруынан және иектің алға жылжуынан өзгерген. Тіл құрғақ, бірақ ауыздан көп мөлшерде сілекей бөлініп тұрады. Меншікті шайнау еттері кернелген. Құлақалды аймағындағы тіндер ішке енген, ал бет доғасы астында (екі жақта бірдей) саусақпен басып тексергенде буынды өсіндінің буын басы анықталады.
Сыртқы құлақ жолында буын басының қозғалыстары анықталмайды. Ауыз қуысы ішінен сипап тексергенде төменгі жақ сүйегінің тәжді өсіндісінің алға жылжығанын айқын анықтауға болады. Тістесуі ашық, тек үлкен азу тістер ғана түйіскен. Бүйір проекцияда жасалған рентгенограммада төменгі жақ сүйегінің буын басының, буын төмпешігінің алдыңғы бүйіріне орналасқаны анықталады. Буын шүңқыршасы бос ...
2.1 Емі. Гиппократ тәсілі.
Жақты орнына салу үшін науқасты төменгі жақ суйегі дәрігердің шынтақ буыны деңгейімен бірдей қалыпта отырғызу қажет. Дәрігер бас бармақтарын төменгі азу тістердің шайнау бетіне орналастырып, қалған саусақтарымен жақ сүйекті орай ұстайды. Орнына түсетін буын басы, буыннан шыққан жолын, керісінше қайталау қажет, яғни төмен, артқа және жоғары бағытта. Бүл үшін дәрігер бас бармақтарымен ақырын төмен басып күшті біртіндеп күшейте түседі. Бұл шайнау етінің талшықтарын ауыру сезімісіз созуға көмектеседі. Ал тістерге тез күш түсіру шайнау етінің рефлекторлы түрде жиырылуын шақырады және қатты ауыру сезімін тудырады. Біраз уақыт өткеннен соң иекті жоғары көтере отырып төменгі жақ сүйегінің артқы бөлігін бірге төмен басу керек, Осы қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарды үйлестіре отырып, буын басын төмен түсіруге болады. Сонымен бірге төменгі жақ сүйегін артқа жылжыта оның бұрыштарын жоғары көтеру керек (45-сурет).
...