Доклад/Баяндама: Төменгі жақ буынының аурулары


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
10

Жоспар

 

1 Буынның топографоанатомиялық суреттемесі.......... 3

2 Самай-төменгі жақ буынының артриті.......... 4

3 Арнайы инфекциялық артрит.......... 7

4 Актиномикоздық артрит.......... 8

5 Созылмалы жарақатты артрит.......... 9

 

 

1 Буынның топографоанатомиялық суреттемесі.

 

Самай-төменгі жақ буынының топографоанатомиялық ерекшеліктері оның қабынуының клиникалық көріністері мен емдеу барысында маңызды орын алады.

Төменгі жақтың буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын шүңқыры самай-төменгі жақ буынын қүрайды.

Самай-төменгі жақ буынының бір-бірінен айыратын ерек-шеліктері.

1. Буын беткейлері. Гиалинді шеміршекпен емес, нашар жүқа дәнекер тінді шеміршекпен қапталған. Бүл ерекшелігі буынның жиі жарақаттанып, іріңді қабыну дерттері кезінде тыртық немесе суйек тініне ауысыП кетуге бейімділігін сипаттайды (анкилоз).

2. Буын қабының қалыңдығы біркелкі емес. Алдыңғы жағы жүқа болғандықтан оңай созылады. Бұл буын басының алға шығуының себебі болып табылады ...

 

 

2 Самай-төменгі жақ буынының артриті.

 

Бүкіл одақтық анти-ревматикалық комитетінің жіктеуіне байланысты артриттерді: инфекциялық, инфекциялық емес (дистрофиялық) және жарақатты деп ажыратады.

Инфекциялық артриттер арнайы емес (ревматикалық және ревматоидты) және арнайы (гонореялық, туберкулездік, актиноми-коздық, бруцеллездік және т. б.) деп екіге бөлінеді.

Инфекциялық емес артриттер (дистрофиялық және артроздар) алмасудистрофиялық, нерводистрофиялық, эндокринопатиялық және т. б. деп бөлінеді ...

 

 

3 Арнайы инфекциялық артрит.

 

Арнайы емес артритке қарағанда өте сирек кездеседі. Туберкулездік, гонореялық, мерездік, актиномикоздық, ревматикалық, дизентериялық, бруцеллездік жоне т. б. артриттер деп бөлінеді. Туберкулездік және актиномикоздық артриттер көбінесе көрші аймақтармен түйісу арқылы дамыса, гонореялық, мерездік, ревматикалық және басқа да вртриттер инфекцияның буынға қан арқылы түсуінен дамиды ...

 

 

4 Актиномикоздық артрит.

 

Самай-төменгі жақ буынында мойын, бет актиномикоздарының асқынып буын қапшығына таралуынан дамиды. Бұл кезде буынмен бірге шайнау бұлшықеттері ауруға шалдығатындықтан жақ қозғалысы бірден шектеледі. Аурудың шағымы кез келген керендік аурудағыдай секілді баяу, қоршаған жүмсақ тіндерге оқтын-оқтын өршуімен суреттеледі. Бір өршумен екіншісінің арасында науқас ешқандай ауруды сезбейді. Тек иекті алдын артқа қарай итерген кезде буында ауыру сезімі пайда болады. Процесс тек буын қапшығын зақымдайды, сондықтан ауру жазылғаннан кейін де төменгі жақтың қозғалуында шектелулер сақталады ...

 

 

5 Созылмалы жарақатты артрит.

 

Көбінесе созылмалы майда жа-рақаттардың ' ұзақ уақыт әсерінен болады. Мысалы терең тістесуде, жоғары үйкелістен, азу тістерді жоғалтудан, протез дер кезінде салынбағандықтан, әсіресе төменгі жақтарда.

Созылмалы жарақатты артритте науқас ауызды ашқанда және шайнау, сөйлеу кезінде үнемі үдей түсетін ауыру сезіміне шағымдайды. Жиі жағдайда ол үшкүл нерв невралгиясындағыдай үстамалы болады. Кей жағдайларда науқастарда Костен синдромы кездеседі: төменгі жақ буын аумағында мойынға, қүлаққа, тілге, жарақатты артритке үшыраған бетінде басының жартысы ирради-яцияланып ауыруы, буын аумағында терінің гиперестезиясы, аузын ашқанда буынның сықырлауы, кейде ауыздың қүрғауы, естудің, төменгі жақ қимылының нашарлауы. Көп жағдайларда осы айтылған белгілердің біреуі немесе бірнешеуі байқалады ...