Доклад/Баяндама: Жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
13

Жоспар

 

1 Жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы......... 3

1.1 Жіктелуі........ 3

1.2 Объективті белгілері......... 4

1.3 Созылмалы одонтогенді гайморит......... 6

1.4 Клиникалық көрінісін рентгенографиялық зерттеу дәлелдейді......... 8

2 Жоғарғы жақ қуысы тубінің тесілуі және оның жыланкөзі...... 10

 

 

 

1 Жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы

 

 

Гаймор қуысын (жоғарғы жақ қуысы, синус) 1651 жылы ағылшын дәрігері Гаймор бірінші болып тексеріп жазды.

Қуыс ішін жауып түратын кілегей қабығының қабынуының инфекция көзі одонтогендік болса, онда бұл қабыну процесін гаймор қуысының одонтогенді қабынуы деп атайды.

 

 

1.1 Жіктелуі

 

Инфекцияның көзіне байланысты гаймориттер одонтогенді, риногенді, гематогенді және жарақаттан кейінгі болып бөлінеді.

Патогенезіне (өрбу жолдары) байланысты улану (токсический) және инфекциялы болып екіге бөлінеді. Біріншісі гаймор қуысының кілегей қабығы одонтогенді қабыну ошағындағы токсиндермен уланғандықтан болса, екіншісі сүйек тіні немесе қан тамырлары арқылы микробтардың енуіне байланысты.

 

 

1.2 Объективті белгілері

 

Сырттан қарағанда аурған жақтағы жұмсақ тіндер домбығып (ісініп), терісі қызарыңқырап, сау жағымен салыстырғанда қызуы көтеріледі. Саусақпен пальпация жасағанда жоғарғы жақ сүйегі және төменгі көзасты тесігі ауырады.

Алдыңғы риноскопия жасағанда ауырған жақтағы мұрын қуысының кілегей қабығы қызарып домбыққанын және ортаңғы мұрын желбезегінің астынан гаймор қуысында жиналған ірің ағуын байқауға болады.

 

 

1.3 Созылмалы одонтогенді гайморит

 

Созылмалы гайморит жедел гаймориттің жалғасы немесе оның асқынуы. Кейбірде созылмалы гайморит өз бетінше басталады.

Созылмалы перирдонтиттерге, тіс жұлу операциясынан кейін немесе сарысулы ісіктің іріңдеуіне байланысты созылмалы гайморит астыртын басталады. Созылмалы гаймориттердің патологиялық-анатомиялық көрінісі әртүрлі болып келеді. Мысалы: қанталап қабынуда гаймор қуысын жапқан кілегей қабық домбығып кейбір жерлері қалыңдайды, кейде барлық қуысты толтырады.

 

 

1.4 Клиникалық көрінісін рентгенографиялық зерттеу дәлелдейді

 

Рентген суретте гаймор қуысының күңгірттенгені анықталады. Іріңді түрі күңгірттенуінің біріңғай күшейе түсуімен сипатталады, ал полипозды турінде гаймор қуысында перде тәрізді және көлемі әр түрлі көлеңке көрінеді. Ауыз қуысының рентген суретінде тіс түбірлерінің қуысқа қатынасы олардың айналасындағы тіндердегі өзгерістер гранулема (киста) сарысулы ісік анық көрінеді. Созылмалы гаймориттерде өзгеріске ұшыраған қуыстағы шырышты қабаттың орналасқан жерін, оның көлемін және сын-сипатын анықтау үшін контрастты рентгеноскопия тәсілі өте тиімді. Контрастты зат ретінде 3—7 мл йоддипол қолданылады.

 

 

2 Жоғарғы жақ қуысы тубінің тесілуі және оның жыланкөзі

 

 

Д. Е. Танфильев гаймор қуысының тесілуінің себептеріне байланысты келесі жіктелуін ұсынады:

1) Одонтогендік тесік (тіс жүлу, тіс түбірін кесу, цистотомия, гайморотомия).

2) Арнайы тесік (туберкулез, мерез, актиномикоз).

3) Ісіктерден болатын тесік.

4) Жарақатқа байланысты тесіктер.

Клиникалық мәліметтерге қарағанда гаймор қуысы түбінің тесілуі 50%-тен 90%-ке дейін тіс жүлу операциясына байланысты. Жоғарғы жақ қуысының түбі жиі жағдайда жоғарғы үлкен және кіші азу тістерді жұлғанда тесіледі, ол әдетте қуыспен тіс түбірлерінің өзара анатомиялық қарым-қатынасына немесе тіс түбірлеріндегі созылмалы қабыну процестеріне байланысты.