Доклад/Баяндама: Хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру


Чтобы узнать стоимость работы и выбрать удобную систему оплаты, нажмите кнопку

Предмет:
Медицина
Тип работы:
Доклад/Баяндама
Количество страниц:
10

Адам денесіндегі дертті оның клиникалық көрінісін білумен қатар, тек соған организмдегі өзгерістерді анықтап тауып, екеуін байланыстыру арқылы білуге болады.

Медицина ғылымының адам денесіндегі дерттерді айырып білу саласын диагностика деп атайды (грек сөзінің  diagnosis - анықтау).

Ауруды бақылап дұрыс диагноз қойып, алдын алу, ем тағайындау, дәрігер пікірін қорыту диагностика саласының алдына қойған мақсаты болып есептеледі.

Диагностика ғылыми тұрғыда негізгі үш тараудан тұрады:

Ауруды бақылау және тексеру тәсілдерін зерттеу немесе дәрігерлік диагностикалық техника; ...

 

Қарап-байқау. Мұнда науқастың сыртқы бет-пішініне, тері қабатының түсіне, көзге көрінетін шырышты қабығына және ақаулар болса, оларға назар аударылады.

Бет-әлпетінің ісінуі – домбығудан, қабыну инфильтратынан, ісіктен, гематоманың және сынған жақ сүйегінің орнынан жылжуынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ бет мүшелерінің ақаулары мен деформацияларында да бет құрылысы өзгереді ...

 

Сипап қарау (пальпация) – қосымша тексеру тәсіліне жатады. Беттің жұмсақ тіндерінің қызуын, жиырылғыштығын, консистенциясын, инфильтраттың, ісіктің бар жоғын, олардың қандай тереңдікте орналасқанын, көлемін, ауру сезімін пальпация арқылы білуге болады. Егер бет тіндеріндегі өзгеріс беткей орналасса, пальпацияны оң қолдың саусақтарымен, өзгеріске ұшырамаған тұстан бастайды. Терең пальпацияда – бұлшық еттердің немесе жақ-бет аймағындағы мүшелердің жағдайын анықтайды. Ол үшін тері қабатын немесе бұлшық еттегі қатпарға жинап, олардың қалыңдығын, жиырылғыштығын және созылғыштығын бақылайды. Сондай – ақ сипап қарау арқылы жақ асты, иек, құла қарты, мойын лимфа түйіндері үлкейген және ауыратын болса, ол қабыну процесстеріне тән ...

 

Аспирациялық биопсияны – иненің көмегімен, аз ғана мөлшерде материал алып тексереді. Функционалдық диагностикалық тәсілдердің ішінде – мастикоциография (шайнау қимылын жазу) мионтонография, (шайнау еттерінің тонусын анықтау) электромиография (бұлшықеттердің электрофизиологиялық жағдайын білу үшін биопотенциалдарды тіркеу) тәсілдері кейінен қолданылады. Тістерді тексеру үшін электроодонтодиагностика тәсілінің мәні зор. Бұл тәсілде сау тістер 2-6 мкА ток күшіне сезімталдығы болады. Пародонтоз ауруында тіс ұлпасының қозу артады да (2 мкА токтан төмен), тіс сауытының ұлпасы үлкен болса, оның тоқ күшіне сезімталдығы төмендейді. (60 мкА күшіне дейін) ...