Жоспар
1 Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде.........3
2 Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар..........3
3 Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері..........5
4 Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы тағайындау және төлеу мерзімдері..........6
1 Еңбек сіңірген жылдары арнайы стаж ретінде
Еңбек сіңірген жылдары – бұл қызметкерлердің жекелеген санаттарының арнайы еңбек стажының ерекше түрі, олар кәсіптік (жалпы емес) еңбекке қабілеттің жоғалуына және заңдарда белгіленген жасқа дейін зейнетке шығуына байланысты тұлғаға жеңілдетілген жағдайларда зейнетақылық қамсыздандыруға құқық береді.
2 Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алу құқығына ие тұлғалар
Әскери қызметшілердің (мерзімді қызмет атқаратын әскери қызметшілерден басқа), арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар:
3 Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының мөлшері
Орталықтан толық көлемінде төленетін зейнетақы төлемдері әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару комитетінің қызметкерлеріне ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен төленеді.
4 Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы тағайындау және төлеу мерзімдері
Әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының және Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерін зейнетақылық қамсыздандыруды жүзеге асыратын органдар. Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының және Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрілігі, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және т.б. тиісті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының ...