ЖОСПАР
Кіріспе........ 3
I- бөлім: Жетілмеген бәсеке нарығы: экономикалық мазмұны , ерекшеліктері, құрылымы......... 4
1.1Бәсеке және монополия. Мазмұны мен ерекшеліктері......... 4
1.2 Монополиялық бәсекелес нарық......... 7
II-бөлім Жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі........ 12
2.1Фирманың пайданы молайту әрекеті........ 12
2.2 Жетілмеген бәсеке нарығында жарнама мен тауарды өткізудің маңызы......... 14
2.3 Жетілмеген бәсеке нарығында фирманың өніміне сұраныс және жалпы табыс........ 15
III-бөлім Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері........ 18
Қорытынды......... 22
Пайдаланылған әдебиеттер......... 23
Кіріспе
Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
I- бөлім: Жетілмеген бәсеке нарығы: экономикалық мазмұны , ерекшеліктері, құрылымы
1.1 Бәсеке және монополия. Мазмұны мен ерекшеліктері
Бәсеке – нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алуүшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену және шығу шектелмеген. әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.
1.2 Монополиялық бәсекелес нарық
Монополиялық бәсекелес нарықта әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
Жетілмеген бәсекелі нарықтағы сұраным қисығы
II-бөлім Жетілмеген бәсеке нарығының жұмыс істеу механизмі
2.1 Фирманың пайданы молайту әрекеті
Фирманың мақсаты табысты молайту арқылы пайданы максималдау болып табылады. Пайда табыстың бір бөлігі: TRr=TR-TC , яғни жалпы табыс пен жалпы өндіріс шығындарының айырмашылығы.
Жалпы табыс (TR ) деп фирманың нарықта өткізген барлық өнімінен түскен кірісті атайды. Ол TR= P x Q тең. Мұнда Р өнім бағасы, Q- сатылатын өнім көлемі.
Жалпы табыспен қатар табыстың орташа табыс (AR) және максималды табыс (MR) деген түрлері анықталады. Сатылған өнімнің әрбір данасынан түскен кірісті орташа табыс деп атайды: AR=TR/Q. Максималды табыс дегеніміз , қосымша өнім шығарып сату арқылы өскен жалпы табыс : MR= дельтаTR/дельтаQ
2.2 Жетілмеген бәсеке нарығында жарнама мен тауарды өткізудің маңызы
Жетілмеген бәсекелес нарықты фирмалар тауарлардың сапасына, түрі мен түсіне, қасиеттеріне, тауарды өткізудің әр түрлі әдістеріне көп көңіл бөледі. Сондықтан монополиялық бәсекелес нарықтағы фирмалар үнемі жаңа тауар өндіру немесе ескі тауарларға жаңа қасиеттер беру сияқты қызметтермен көп айналысады. Атақты фирма белгілерімен өндірілген тауарлар белгісіз фирмалардың тауарларына қарағанда қымбат болады. Фирманың алдындағы негізгі мақсат- тұтынушыларды өздерінің тауарларының басқа фирмалардың тауарларынан ерекше екеніне сендіре отырып, оларды қымбат баға төлеуге дайындау.
2.3 Жетілмеген бәсеке нарығында фирманың өніміне сұраныс және жалпы табыс
Фирманың нарықта монополиялық билік орнатуы, оның сататын тауар көлемін өзгерте отырып, бағаға әсер ету мүмкіншілігіне байланысты. Нарықта монополиялық билік орнатудың негізгі алғышарты-фирманың өніміне нарықтық сұраныс қисығының жоғарыдан төмен қарай еңкіш болуы , яғни оның бағаға абсолютті икемді немесе икемсіз емес екендігін көрсетеді. Яғни, сататын тауардың саны мен бағаның арасында тығыз байланыс бар. Монополист фирма баға мен өндіріс көлемі туралы шешім қабылдағанда нарықтық сұраныстың бағаға икемділігімен санасады. Егер монополист өзінің тауарына баға белгілесе, сатылатын тауар саны нарықтық сұраныстың қисығына байланысты өзгереді.
III-бөлім Жетілмеген бәсеке нарығының артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарық механизмдері дербес қабылданған шешімдерді бір-бірімен келістіре отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды. Соған қарамасытан нарық механизмдерінің көмегімен шеше алмайтын проблемалар да кездеседі. Кейбір тауарлар мен қызметтер ұтымды мөлшерден артық өндірілсе, кейбіреулері кем өндіріледі. Оны жетілмеген бәсеке нарығының кемшілігі деп те атайды.
Қорытынды
Тауартану мәселесі әлемнің дамыған елдерінде жоғары деңгейге көтерілген.Нарықтық экономикаға көшуге байланысты біздің алдымызға да жаңа міндеттер қойылады. Терезесі тең мемлекеттер қатарындағы Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер сапасының әлемлік деңгейге көтеріліп, республиканы мекендейтін адамдардың тауарға деген сұранымын өтеп, әр адамның нарықты экономиканың жан-жақты дамуына үлес қосуы ғылыми негізделген тауартанудың басты міндеті болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер
7. Шайынғазы, Сейфолла. Шағын кәсіпкерліктің шыңы қашан биіктейді? //Егемен Қазақстан.-2005.-30желтоқсан.-5б.
8. Шәріпов, С. Шағын кәсіпкерліктің күнгейі мен көлеңкесі: //Жетісу.-2005.-21шілде.-2б.
9. Яковлева, Татьяна. Елорда:экономикалық қуаттар: [Экономикалық сараптау] //Астана. Бүкілқазақстандық журнал. -2001.№ 1. -14-17б.