ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......... 3-15
I.1920-1930 жылдары Қазақстанда кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы.......... 16
1920 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасу тарихы.......... 16-22
1.2 1930 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының әлеуметтік өсуі.......... 22-36
II. Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының даму үрдісі: қиыншылықтары мен жетістіктері.......... 37
2.1 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының проблемалары.......... 37-43
2.2 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарын дамыту нәтижелері.......... 43-59
III.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы және кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі.......... 60
3.1 Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы.......... 60-65
3.2 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі.......... 65-81
ҚОРЫТЫНДЫ.......... 82-83
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......... 84-90
КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі
ХХ ғасыр бүкіл әлемдегі индустрияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде ерекшеленді. Бұл кезеңде атом қаруы жасалып, ғарышты игеру дәуірі басталды. Бұл тақырыптың өзектілігі өз кезегінде инженерлік-техникалық мамандарға деген сұраныстың өсуіне негіз болды. Техникалық мамандардың сапасы мен олардың белсенді өндірістік және ғылыми-шығармашылық қызметі әрбір мемлекеттің мәдени және экономикалық дамуының өлшеміне айналды. Сол себепті инженерлік-техникалық мамандарды даярлайтын кәсіби-техникалық оқу орындарының дамуына ерекше көңіл бөлінді.
Әлемдік қауымдастықтағы мұндай сапалық өзгерістер Қазақ елін де айналып өтпегені белгілі. Өйткені, бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстан ХХ ғ. 20-40 жылдарында аграрлы елден индустриалды - аграрлы елге айналған еді. Сол тарихи кезеңдегі Қазақстанның индустриалық дамуы негізінен шикізат өндіру бағытында болса да, ол белгілі бір дәрежеде инженерлік-техникалық мамандардың қажеттілігін талап етті. Сондықтан да Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанға жұмысшылар мен инженерлік-техникалық маман кадрларды Ресейден және басқа да республикалардан әкелумен қатар, жергілікті халық арасынан мамандар даярлау ісіне де үлкен маңыз берілгені тарихи шындық. Соның нәтижесінде Қ.И. Сәтбаев, Д.А. Қонаев сынды көптеген инженерлік-техникалық мамандықтарды игерген білікті мамандар тәрбиеленіп шықты. Әсіресе, жастарды өндіріске тарту науқаны қолға алынды. Жастарды еңбекке дайындауда, оларды материалдық өндіріске баулуда кәсіптік-техникалық оқу орындары ерекше орын алады. Бұл тарихи кезеңде республикадағы кәсіби-техникалық маман кадрларды даярлау жүйесі жекелеген зауыт-фабрикалар жанынан ашылған мектептерден бастап, білікті инженерлік-техникалық мамандар даярлайтын институттардың қалыптасуына дейінгі жолдан өтті. 1920 - 1945 жылдар аралығында республикада мыңдаған кәсіптік-техникалық оқу орындары қалыптасқан болатын. Оның тарихы әлеуметтік-экономикалық өмір өзгерістерімен тікелей байланысты болды. Еліміздің өндірістік бейнесі зауыттар мен фабрикалардан, электростанциялар мен комбинаттардан, совхоздар мен колхоздардан тұрғаны белгілі. Олардың қалыптасып дамуына кәсіптік-техникалық мектептердің қосқан үлесінде шек жоқ. Олай болса, бұл оқу орындары үлкен тарихи жолдан өтті, ел игілігіне қызмет еткен сан мындаған маман-жұмысшыларды дайындап, тәрбиеледі ...
I – тарау
1920-1930 жылдары Қазақстанда кәсіптік–техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы
1.1 1920 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасу тарихы
1920 жылы елімізде Кеңестік билік толығымен орнап, кеңестік үлгідегі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін саяси идеологиялық, мәдени және әлеуметтік экономикалық салада түбегейлі өзгерістер кезеңі басталды. Бұл өзгерістердің бәрі социалистік қоғам орнату жолындағы саяси арнаға келіп тоғысып жатты. Республикадағы саяси өзгерістермен бірге азаматтық қарсы тұру жылдары мен Азамат соғысының салдарынан тұралап қалған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру шаралары жүзеге асырыла бастады. Жаңа экономикалық саясат ұстанымдарын өмірге енгізу науқаны басталды. Аталмыш іс шаралардың барлығы қатаң партиялық (большевиктік) – идеологиялық тұрғыда негізделіп отырды.
Қазақстанда осы тарихи кезеңде орын алған жаңа экономикалық үрдістер ел басшылығының алдына кәсіби маман жұмысшы кадрларын даярлау міндетін қойды. Сондықтан да Қазақстандағы кәсіби техникалық оқу орындарының қалыптасуы мен дамуы бірінші кезекте экономикалық үрдістерге тікелей байланысты еді. Сонымен бірге, Кеңес үкіметі социалистік қоғамның басты тірегі ретінде жұмысшы табының әлеуметтік статусына ерекше саяси идеологиялық маңыз бергені белгілі. Сол себепті шеткі аймақтар мен алыс өңірлерде де жұмысшы табын қалыптастыруда және оларды материалдық өндірістегі белсенділігін арттыруда кәсіптік-техникалық оқу орындары ерекше орын алады. Кәсіптік білім беру жүйесінің мақсаты - кәсіптік мектепті бітірушілердің еңбек нарығындағы бәсекелестігін қамтамасыз ету, әрі кәсіби дайындықтың жоғарғы деңгейін қалыптастыруға жағдай жасау. Осы орайда, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2003 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Алдымызға қойған статегиялық мақсаттарға жету үшін бізге кәсіби біліктілігі жоғары мамандар керек»,-деп атап көрсеткен еді ...
1.2 1930 жылдардағы Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының әлеуметтік өсуі
Күрделі кәсіптік мамандық беретін жұмысшылар дайындауда ФЗУ мектептерінің орны ерекше болып қала берді. Олардың саны 1930 жылы 36 болса, 1932 жылы 54-ке жеткен. Тек ауыр өнеркәсіп салаларында ғана 8-ден 15-ке дейін өсті. Олар, әсіресе көмір, мұнай, металлургия және тау-кен өнеркәсіптеріне жұмысшы мамандар дайындады.
Бұл жылдары ФЗУ мектептері оқушыларға кәсіптік мамандық пен қатар, жалпы білім де берді. Бұл жастардың орта және жоғары арнаулы оқу орындарына түсуіне тікелей жағдай жасады.
Өнеркәсіп орындарының қаулап дамуын және оған маман жұмысшылардың қажеттігін ескере отырып, КСРО Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесі 1933 жылы 15-ші қыркүйекте ФЗУ мектептері туралы арнаулы қаулы қабылдады. Бұл қаулыда кәсіптік-техникалық оқу орындарының маман жұмысшылар дайындаудағы атқарған қызметі атап көрсетілді. Сонымен қатар олардың оқу мерзімі ұзақ, соның нәтижесінде ФЗУ-дың түлектері өндіріске бармай бірден жұмысшы факультетеріне (рабфак), техникумдарға, жоғары оқу орындарына түсіп отырды. Сондықтан да ФЗУ мектептерінің оқу үрдісін қайта құру қажет болды. Ендігі жерде оның оқушыларының оқу уақытының 80 пайызын өндірісте өтуі қажет болды, ал қалған уақыты жаңа кәсіпті игерудің теориялық негізіне арнауы керек деп табылды. ФЗУ-дың әрбір түлегі өндірісте үш жылдан кем жұмыс істемеуі тиіс болды ...
II- тарау
Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының даму үрдісі: қиыншылықтары мен жетістіктері
2.1 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарының проблемалары
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында халық арасында сауатсыздықты жою науқаны кезінде республиканың барлық облыстарында арнайы орта білім беру ісіне көп көңіл бөлінді. Кәсіптік білім беру республиканың барлық облыстарында қолға алынды. Кәсіптік-техникалық оқу орындары ауыл шаруашылығы мен өндіріске қажетті мамандарды дайындағандықтан республиканың экономикасының дамуында шешуші роль атқарғаны түсінікті.
Кеңестік билік пен партияның алдына қойған маңызды мәселелерінің бірі – қоғамдық-саяси өмірге еңбекші әйелдерді тарту болған еді. Бұл міндеттің орындалуы барысында қазақ әйелдері арасынан да жоғары білікті маман кадрларды даярлау ісінің біршама алға басқандығын атап көрсетуіміз керек. Кеңес өкіметінің орнағаннан кейінгі алғашқы кезең жылдарында жоғары оқу орындары мен жұмысшы факультеттерінде 62 әйел оқыды. Соның ішінде 6 қазақ қыздары болған екен. Бұл аз да болса сол тарихи кезеңдегі маңызды көрсеткіш болатын-ды.
Риддерлік мектеп аймақтағы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің тұрақсыздығының нақты дәлелі бола алады. Өйткені, Губерниялық халыққа білім беру бөлімі жүргізген 1929 жылғы зерттеулер бойынша осы мектеп оқушыларының 14 адамы сауатсыздықты жоюға байланысты жүргізілген іс-шараларға да қатыспағандығы белгілі болды./1/ Яғни, деректердің көрсетуіне қарағанда техникумдарда оқып-жаза білмейтін тыңдаушылар да жиі кездесетін еді. Сонымен бірге, қосымша дайындықты қажет ететін тыңдаушылар да жеткілікті болған. Мәліметтер бойынша бұл бір ғана техникумға тән нәрсе емес болатын-ды ...
2.2 Қазақстандағы кәсіптік–техникалық оқу орындарын дамыту нәтижелері
1930-шы жылдың соңындағы кәсіби-техникалық білім беретін техникумдардың біреуін сипаттайтын болсақ, төмендегідей жағдайларды көруге болады. Мысалы, Семей облысында ауыл шаруашылық саласына арналған бір техникум жұмыс істеген. Біз кәсіби-техникалық білім беру туралы айтқанда біз осы салада білім беретін жалғыз техникум туралы қарастырамыз. 1920-30-шы жылдарда ауыл шаруашылық саласы бойынша білім беру толығымен облыстық халыққа білім беру басқармасы мен мемлекеттік жерді басқару мекемесі арқылы келісіліп жүргізілді. Бұл оқу орнының тәжірибелері мен түлектерінің дайындығы және жұмысқа қабілеттілігі басқарманың сұраныстарын қанағаттандырып отырған. Сонымен бірге, бұл техникумның ауыл шаруашылық органдарымен де берік байланыста болуы олардың материалдық-техникалық тұрғыда жақсы деңгейде қамтамасыз етілуіне мүмкіндіктер берді. Мұндай байланыстар нәтижесінде техникуды бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі арта бастады. Оқушылардың дайындығы жақсарды және 1927 оқу жылынан бастап техникумды жылына он адамнан артық бітіріп отырды.
Қазақ оқушылары техникумның жалпы оқушылар санының үштен бірін құрады. Дайындық топтарында олардың саны көп болатын, бірақ соңғы курсқа көбісі жетпейтін. Оның себебі үлгерімнің төмендігі және кейбірі аяқталмаған кәсіптік-техникалық біліммен жұмысқа орналасуға мәжбүр болды ...
III - тарау
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы және кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі
3.1 Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның өндірістік әлеуметінің артуы
Кеңес Одағында, соның ішінде Қазақстанда да индустриаландыру саясаты басталған алғашқы мерзімдерде өндірістің жаңа салаларын училищелер мен ФЗО мектептері толық қанағаттандыра алмады. Мысалы, Алматыда 120 оқушысы бар бірақ-ақ ФЗО мектебі болды, ол металл өңдеушілер мен құрылысшыларды қажет еткен өнеркәсіп орындарының тілегін қамтамасыз ете аламды. Сондықтан да 1941 жылдың жаз айында өнеркәсіп, темір жол мекемелеріне қажетті кәсіби маман дайындайтын 3 ФЗО мектебі ашылды. Алматы ФЗО мектебі байланыс саласына маман дайындайтын қолөнер училищесіне айналды. Сонымен қатар, оқушылар саны артып, оқу орындарының материалдық техникалық базалары нығая түсті. Студенттердің де тұрмыс жағдайлары жақсара бастады. Өйткені, жігіттер мен қыздар оқу мерзімдерінде оқулық және оқу құралдарымен, киім, тамақ және жатаханамен мемлекет есебінен қамтамасыз етілді. 1941 жылдың бірінші жартысында ФЗО мектептері республика шаруашылығына 16 мамандық бойынша 3540 жас жұмысшылардың жіберді. /1/
Бейбіт өмір кезінде құрылған мемлекеттік еңбек резервтері Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап өз жұмыстарын соғыс мүддесіне бейімдеп, қайта құруға мәжбүр болды. Себебі шаруашылықтың барлық саласын соғыс мүддесіне бейімдеу, соғысқа алынған маман жұмысшылардың орнына жаңа жұмысшылардын дайындау қажет болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында зауыттар мен фабрикаларға, құрылыс пен көлік саласына, шахталарға мыңдаған маман жұмысшылар жіберілді, бұлардың көпшілігі қолөнер, темір жол училищелерін, ФЗО мектептерін бітірген еді. Олардың арасында жүздеген қазақ жігіттері мен қыздары болды, көпшілігінің жасы әлде де кәмелетке толмаған болатын. Олар соған қарамастан жақсы оқып, үлгілі өнеге көрсетті. Осындай ел басына ауыр күндер туғанда жауынгерлермен бірге тың еңбеккерлері де отансүйгіштіктің биік үлгісін көрсетті. Олардың арасында жас жеткіншектер де бар болатын ...
3.2 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кәсіптік –техникалық оқу орындарының қызметі
Эвакуацияланған аяқ-киім фабрикасы үшін кадрлар дайындау 1944 жылы 20 қазанда Қызылорда партия обкомының бюро отырысында талқыланды және жұмысшы кадрларды дайындауды жақсарту бойынша ғана емес, олардың арасында саяси тәрбие жұмыстарын өткізу деңгейін көтеру шаралары да белгіленді.
Семейге көшіп келген Киев аяқ-киім фабрикасы алғаш эвакуацияланған кәсіпорындардың бірі болды. 26 тамызда жабдықтармен бірге 85 білікті жұмысшы мен ИТЖ келді.
Көп кешікпей мұнда эвакуацияланған Артемьев және Азов аяқ-киім фабрикалары көшіп келді. Адамдар жергілікті тұрғындардың пәтерлеріне орналастырылды. /10/
Бұл үш фабриканың техникалық жабдықтарын қайта жабдықтау үшін қаражат пен құрылыс заттары бөлінген дүкендер мен облпотребсоюз мекемелеріне орналастырылды. Эвакуацияланған фабрикалардың құрылыс жұмыстары мен жабдықтарын монтаждауға қала қызметкерлері белсене араласты. Адамдар барлық күш-қуаттарын кәсіпорындарды жылдам монтаждауға жұмсап, үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істеді ...
Қорытынды
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда кәсіби техникалық білім берудің кеңестік идеология талаптарына сәйкес жаңа жүйесі қалыптасты. Ол патшалық Ресей тұсындағы кезеңнен сандық әрі сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстанның барлық аймақтарында маман жұмысшы кадрларын қалыптастыру бағытында кәсіби білім беретін оқу орындары ашылды. Бұл кезеңнің ерекшелігі ретінде оның бұхаралық сипат ала бастағанын атап көрсетуге болады. Кәсіби - техникалық білім берудің негізгі түрі ретінде алғашқы кезеңде фабрика - зауыттық училищелердің негізі қаланды. Қазақстандағы кәсіби - техникалық білім беру 1920 жылдардың соңы мен 1940 жылдар аралығында күллі Кеңес Одағында жүргізілген индустриаландыру саясатына байланысты жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Олай болуы заңды да еді. Өйткені, сол кезеңдегі экономикалық үрдістер білікті кәсіби мамандарды қажет етті. Дәл осы кезеңнен бастап қазақ халқының арасынан кәсіби - техникалық білімі бар маман жұмысшылардың саны да арта бастады. 1930 - 1940 жылдары кәсіби білім беретін оқу орындарында индустриаландырудың талаптарына сәйкес арнайы мамандар даярлау ісі жолға қойыла бастады ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
71. Абишева Б.Н. Подъем культурно-технического уровня рабочих угольной промышленности Казахстана (1946-1963 гг.) А:1965 г. 250б.
72. Козыбаев Историография Казахстана А:1990 г.
73. Вопросы истории 1955-1960 гг.
74. Қоңырбай І. Кәсіп және мәдениет 2000ж
75. Гребенюк Т.Б. Предупреждение неуспеваемости учащихся средних профтехучилищ