Ардагерлердің құқықтық мәртебесінің мәселесі күрделі әрі әрқилы болып келеді. Ардагерлердің құқықтық мәртебесінің негізін адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары құрайды.
Ардагерлердің мәртебесі қарапайым азаматтың мәртебесінен бірқатар ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер азаматтарды соғыс, еңбек немесе әскери қызмет ардагері деп тану негіздерінен және олардың әлеуметтік қорғалуының тәсілдерінен көрініс табады...
...- соғыста болуымен байланысты немесе әскери әрекеттер орын алған мемлекеттерде қызметтік міндеттерді орындауымен байланысты аурудың салдарынан немесе қызметтік міндеттерді орындау кезінде алған жарақаттары, контузиялары, зақымдары салдарынан мүгедек болған, бұрынғы КСРО-ның ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшылық және қатардағы құрамындағы тұлғалар;...
...- Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметтің қорғанысына қатысу 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметшілер үшін жеңілдетілген жағдайда зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары ретінде саналған қалаларда өткізген, бұрынғы КСРО-ның ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшылық және қатардағы құрамындағы тұлғалар;...
...Соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың өзге де санаттары. Мұндай тұлғалар ретінде мыналар танылады:
1) қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, нақты айтар болсақ:
- бұрынғы КСРО-ны қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерді) орындау кезінде алған жарақаттары, контузиялары немесе зақымдары салдарынан немесе майданда болуымен байланысты аурудың салдарынан қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің, партизандардың, ...
...Біртіндеп соғысқа қатысушылар мен мүгедектердің жағдайын жақсартуға бағытталған жеңілдіктер жүйесі кеңейе берді. Әсіресе, бұрынғы КСРО-да 60-жылдардың соңында және 70-жылдарда соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге жеңілдіктер беруге қатысты көптеген шешімдер қабылданды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында соғысқа қатысқандар мен мүгедектердің жеңілдіктер алу құқығы заңдар деңгейіне көтерілген...
...Жұмыс істейтін мүгедектер жұмыс орнында санаторийларға, профилакторийларға, демалыс үйлеріне бару жолдамаларымен қамсыздандырылады. Жұмыс істемейтін мүгедектерге санаторийлық-курорттық емделуге жолдаманы халықты әлеуметтік қорғау органдары, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі және олардың тұрғылықты жерлеріндегі өзге де органдар береді. Соғыс мүгедектерінің қалауы бойынша санаторийлық-курорттық емделу жолдамасының орнына тиісті ақшалай өтемақы берілуі мүмкін. Ақшалай өтемақы санаторийлық-курорттық емделуіне тыйым салынған (денсаулық жағдайы бойынша) мүгедектерге беріледі...
...Соғысқа қатысқандар мен мүгедектерімен ортақ жеңілдіктер және кепілдіктермен қатар, тұлғалардың аталған санаты, осы заңға сәйкес жоғары және орта арнайы оқу орындарына және тиісті мамандық курстарына конкурстан тыс түсу құқығын және өзге де бірқатар жеңілдіктерді иеленеді.
Заңдарда Отан алдында ерекше еңбек еткен тұлғалар шеңбері көрсетілген. Мұндай тұлғалар ретінде Кеңес Одағының Батырлары, «Ерлігі үшін» алқасымен төрт және одан көп рет марапатталған тұлғалар, сонымен қатар Социалистік Еңбек Ері атағын Ұлы Отан соғысы жылдарында иеленген тұлғалар танылады...